[pic]
Сабақтың тақырыбы:
«Бақыт құшағында»
Пән: Өзін-өзі тану
Сынып: 7 сынып
Мерзімі: 17.10.2015жыл
Мұғалім: Байболова А.Н.
2015-2016 оқу жылы
Пән: Өзін-өзі тану
Сынып: 7
Мерзімі: 17.10.2015
Сабақтың тақырыбы: «Бақыт құшағында».
Сабақтың мақсаты: оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
-оқушыларға адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі істерден рахаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсіндіру.
-оқушылардың рухани-адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.
Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, релаксациялық әуен.
Жоспары:
1.Шаттық шеңбері. Әні Ш.Қалдаяқов. орындаған Евгений Ботников
2. Ойланайық пікірлесейік (әңгімелесу).
3. Оқып үйренейік (мәтінмен жұмыс). Ертегіні талдау
4. Жаңа ақпарат.Б.Момышұлы
5. Шағармашылық жұмыс. Кофе туралы аңыз. Топтық жұмыс
6. Бізді бақытқа жетелейтін бес амал. Топтық жұмыс
7. М.Мақатаев « Бақыт деген не өзі» Жеке жұмыс
8. “Менің түйгенім” пікір жазу.Рефлексия.
9. Жүректен жүрекке.
Сабақтың барысы:
[pic] Шаттық шеңбері. Оқушылар шеңберге тұрып, Т.Молдағалиевтің сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» әнін саксафонда тыңдайды.
[pic] Ойланайық, пікірлесейік!
Әңгімелесу жүргізу:
1.Бақытты болу дегенімізді қалай түсінесіңдер?
2. Өмірдегі ең қуынышты сәттің мәні неде?
3. Бақытқа жетуі үшін адам не істеуі керек?
4. «Бақытты балалық шақ» дегенді қалай түсінесіңдірер едіңдер?
Сонымен, бақыт дегеніміз- алға қойған мақсатың мен көксеген арманыңның орындалуы.
[pic] Оқып үйренейік.Оқулықтан “Бақыттың көйлегі” ертегісін оқу.
“Бақыттың көйлегі” мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Патшаның мазасын алған қандай ой еді?
2.Неліктен уәзірлер бақытты адамды таба алмады деп ойлайсыңдар?
3. Қойшының бақыты неде екен?
4. Бақытты болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Жаңа ақпарат айдарымен берілген жаңа мағлұматтарды оқып, талдау.
Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты. “Бақыттымын” деп таңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген. Тарихта дәулетке, атаққа таңданып, мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес. Бақыт дегеніміз-өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Мұршасы, әлі жеткенінше өз заманын түcіне білу,өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілмен адал қызмет істей білу. Өмірде кедір-бұдыр толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Олардан именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін қоғам алдында адал ақтай білумен кететін бақыт. Өз қамын ойлағандар толып жатыр. Олардың онысы жай әурешілік.
Біреу бақытты оттан, біреу судан табады. Күйем-ау, тереңге батып кетемау деп қорықпастан барады. Ар-намысты қорғау-бақыттың шыңы. Қиыншылықтармен санаспастан, азаматтық міндетті орындап, шығу-ол да бақыттың шыңы.
Жеңсең-БАҚЫТ!
Б.Момышұлы.
[pic] Шығармашық жұмыс. Бір шыныаяқ кофе туралы аңыз ( Топтық жұмыс)
Өмірден өз орнын тапқан керемет оқу орынын аяқтаған түлектер, өздерінің кәрі профессорларының үйіне қонаққа келеді.
Әңгіме уақытында жұмыс жайлы сөз қозғалды: әрқайсысы өзінің көптеген қиындықтары мен өмірлік мәселелеріне шағымданды.
Өзінің қонақтарына кофе ұсынбақшы болып, профессор асханаға барып қолында көптеген шыныаяқ салынған ыдыспен оралды.Олардың ішінде фарфорлы, шыны, пластик, хрустальдылары, арзаны және қымбаты бар еді. Ал келген қонақтар тек қымбат ыдыстарға қол созады және кімге қандай ыдыс тиді деп бір біріне сынай қарайды
Қонақтар шыныаяқтарды таратып алған кезде, профессор :
Барлықтарың әдемі және қымбат шыныаяқтарды таратып алғандарыңа мән беріңдерші, арзан және қарапайымдары қалды. Адамның өзіне ең жақсысын қалауы бұл қарапайым жағдай, бірақ бұл сендердің мазалануларыңыздың ең басты себебі. Шыныаяқтың өзі кофені дәмді етпейтінін сіздер түсінулеріңіз қажет. Шын мәнісінде, ол жай ғана қымбат, және ішіндегісін жасырып тұрады.Негізінде сіздердің қалауларыңыз - шыныаяқ емес, кофе болатын. Бірақ сіздер ең жақсы шыныаяқтарды алып, өзгелерге қандай шыныаяқ түскенін бақылай бастадыңыздар.
Ал енді ойланыңыздар: өмір – бұл кофе, ал шыныаяқ – бұл сіздердің жұмыстарыңыз, ақшаларыңыз, әлеуметтік жағдайларыңыз. Бұлар жай ғана өмірді ұстап тұратын құралдар ғана. Бірақ, бізде қандай шыныаяқ болса да, бұл біздің өміріміздің мәнін өзгертпейді. Адамдар кейде тек шыныаяққа қарап кофе дәмін сезінуді ұмыт қалдырады.
Ең бақытты адамдар – бар жақсыны иемденген адамдар емес, қолда бардан жақсылықты көре алған адамдар.
[pic] Шығырмашылық жұмыс.
2-тапсырма:
М.Мақатаевтың “Бақыт деген не өзі”өлеңін оқып, өздерің бақыт жайлы өлең шығарып көріңдер. (өлең слайдта даярланған, инретактивтік тақтадан өлеңді оқи аласыңдар немесе оқулықтан да оқуға болады).
[pic] Шығармашылық жұмыс. Бақытқа жетелейтін бес амал
Шынайы бақыттың бірінші сыры дене күші.
Екінші, үнемі жайраңдап жүру
Үшінші, күнделік жазу да – бақыттың белгісі
Төртінші, көзқарас күші, тұңғиық ойға бату бақыт
Бесінші, жан достармен төс соғыстырып құшақтасу
Назар аударыңдар! Қорытындылау.
Тұманбай Молдағалиевтің мына өлең жолдарына назар аударып, сабағымызды қорытындылайық.
Жасасаң өз еркіңде кімге құрмет,
Мейірім кең пейілді болу міндет.
Таңертең ояна сап Күнге қара,
Амандас, аманыңа шүкірлік ет.
Сонымен, біз әрқашан әрбір атқан таңымызға, осынау өмірде өмір сүргенімізге, өмірде бар екендігімізге шүкірлік етейік.Осының өзі Бақыт екендігіне тәубе етейік!
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді дәптерлеріңнің пікір жазу парағына толтырыңдар.
Үй тапсырмасымен жұмыс.
1-тапсырма.(Мағынаны тауып жазыңдар)
Бақыт қонды-...
Бақыт құшағында-...
Бақыт таңы атты-...
Бақытқа бөленді-...
Бақыты жанды-...
Менің сабақтан түйгенім:
Сабақ маған ұнады, себебі:..............
Сабақ маған ұнамады, себебі:.................
Сабақтан үйренгенім.........
[pic] Жүректен жүрекке.
Шеңберге тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстап, жылы лебіз, тілектерін айтумен сабағымызды аяқтаймыз.
[pic] 1-тапсырма: Бір шыныаяқ кофе туралы аңыз
Профессор:__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[pic] 2-тапсырма:
М.Мақатаевтың “Бақыт деген не өзі”өлеңін оқып, өздерің бақыт жайлы өлең шығарып көріңдер.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма: Бақытқа жетелейтін бес амал
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Менің сабақтан түйгенім:
Сабақ маған ұнады, себебі:__________________________________________
Сабақ маған ұнамады, себебі:________________________________________
Сабақтан үйренгенім______________________________________________