ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕКТЕП:
КҮНІ:
СЫНЫП: 5сынып
Оқушы саны:
Келмегендер:
Сабақтың мақсаты:
Антонимдер туралы түсіндіру. Оларды сөйлемде дұрыс қолдануды үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
Антонимдер туралы түсінеді. Оларды сөйлемде дұрыс қолдануды үйренеді.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Шаттық шеңбері, сергіту сәті, формативті, суммативті бағалау, семантикалық карта
Сабақтың көрнекілігі:
АКТ, суреттер, сызба, кеспе қағаздар, сергіту сәті
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
3 мин
«Шаттық шеңбері» Оқушыларды шеңберге тұрғызады, тапсырманы түсіндіреді.
Омонимдер мен синонимдер жазылған кеспе қағаздар таратады.
Оқушылар шеңберге тұрады. Кеспе қағаздарды алып, кезекпен бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Омонимдер, синонимдер болып топқа бөлінеді
Үй тапсырмасы
5 минут
Ережелерді сұрау
*Лексика деген не, қай тілден шыққан?
*Сөздің қандай мағыналары болады, мысал келтір
*Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.
*Көп мағыналы сөз бен омонимнің айырмашылығы, ұқсастығы.
*Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.
Ережелерді айтады, мысал келтіреді.
Сөздердің синонимдерін айтады.
Күдік келтіру, биіктен төмендеу, ауқымы кең, жүзі жылы, береген адам, әдепті бала.
Кіріспе
5 мин.
Суреттер арқылы тақырыпты ашу.
Үлкен-кіші түзу- қисық
қыз –ұл көп-аз
күн-ай қосу-азайту
Мақсатын айту.
Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.
Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты ашады.
Жазбаша тапсырма
Топпен орындау
1-тапсырма
Терме диктанты.
Зат есімнен болған антонимдерді теріп жаз.
Алыс- жақын, ақ-қара, күн-түн, ерте- кеш, алу-беру, қыс-жаз, алғыс- қарғыс, ұзын-қысқа, ұл-қыз.
2-тапсырма
Антонимдік сыңарларын тап
Қысқа ауру
Алыс қымбат
Арзан жеңіл
Ауыр аласа
Жаз ыстық
Суық жақын
Биік ұзын
Сау қыс
Оқушылар тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәті
3 мин.
Видео қою. (АКТ)
Оқушылар көрген қимылдарды қайталайды.
Топтық тапсырма
3- тапсырма
Оқушыларға тапсырманы түсіндіреді.
Антонимдерді қолданып мәтін құрастыру.
«Менің Отаным», «Достық»
Оқушылар тапсырманы жазбаша, топпен орындайды.
Семантикалық карта
5 мин.
4-тапсырма
Семантикалық картаны береді, тапсырманы түсіндіреді.
Оқушылар семантикалық картаны толтырады, бір-бірін тексереді
Тест
5-тапсырма.Тест сұрақтарына жауап беру.
Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді
Сабақты бекіту
2 мин.
Оқушыларды бағалау
« [pic] Бағдаршам» әдісін түсіндіреді
- ештеңе түсінбедім, бұлай жұмыс істеген қиынырақ;
[pic] - қызықты, бірақ сұрақтарым бар;
[pic] - бәрі түсінікті, осындай жұмыс түрі ұнайды.
Оқушылар сұраққа жауап береді.
Қосымша тапсырма
«Кім жылдам?»
Сөздердің антонимдерін табу.
Үйге тапсырма
( 2 мин)
89- жаттығу, 42 бет
Күнделіктеріне жазып алады