Сабақтың тақырыбы: Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалуы жөнінде
түсінік бере отырып, практикалық ізденістерге баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың таным қызығушылықтарын арттыру,
ізденістерін қалыптастыру. Оқушылардың ізденімпаздық
қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге
баулу. Өз ойларын тиянақты түрде жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Сөз өнерінің құдіретін таныту, ана тіліміздің байлығын сезінуге
үйрету
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: тест сұрақтары, сұрақ-жауап, талдау, топтастыру, ой шақыру,
кубизм, тұжырымдау, жаттығу жұмыстары.
Көрнекілігі: электронды оқулық, сызба-кесте,компьютер, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларын түгендеу,оқушылардың
сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Түсіндірмелі салалас сөйлем.Жасалуы. Жаттығу жұмысы,ойтолғау.
ІІІ.Жаңа сабақ
Сабақтың эпиграфы
Ең тәтті де – тіл
Ең ащы да – тіл
Ең жұмсақ та – тіл
Ең қатты да – тіл.
Талға, Талғам, Талғампаз, Талғау деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Бір нәрсеге деген ұнамды көзқарас, талғағыштық. (Мағынасын түсіндіргеннен кейін, тірек сөздері арқылы жаңа сабақты бастаймын).
«Өнер алды-қызыл тіл» деп бағалаған халқымыз өнегелі ойларын асыл сөздің құдіретімен ұрпағына жеткізе білген. «Ой түбінде жатқан сөзге» аса талғампаздықпен қарап, шешен сөйлеген қазақ халқының тілінің қасиеттілігіне не жетсін, шіркін!
Тіл туралы ой өрбіте отырып, жаңа тақырыпты түсінеміз.
Талғаулы салалас
Талғаулы салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды да, солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіреді.
Құрамындағы жай сөйлемдер салаласа ғана және тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады, араларына үтір қойылады.
Талғаулық мағына беретін және жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын жалғаулықтар: не, немесе, я, яки, я болмаса, болмаса, әйтпесе, әлде.
Мысалы: Аса бір қысылған, басына ауыр сын түскен кезде әкесі, қалай, не түсіне кіреді, не көз алдына оқыста елестеп кетеді. (Ш.М.)
Екі жай сөйлемнің арасында немесе шылауы бір рет келсе, онда сөйлемдер арасына үтір қойылмайды.
Талғаулы салаластардың жасалуы жөнінде жаттығулар орындату
Оқулық бойынша жаттығулар:
113-жаттығу (ауызша)
114, 115-жаттығу (жазбаша)
Интерактивті тапсырмалар:
1. Мәтіннен түйген ойыңызды ауызша жалғастырыңыз. Бүгінгі күндегі ана тіліміздің тағдыры туралы ой толғаңыз. Талғаулы салалас құрмаласқа 5 сөйлем жазыңыз.
ТІЛ ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС
...Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсігүнгі де тағдыры.
...Біздің тіліміз – көркем, бай. Мәселе соны дұрыс пайдалана білуде. Өз тілінің сұлулығын сезбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екіталай.
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтемеушілік – шынайы патриоттарды тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян.
(Б. Момышұлы)
Сөйлем мазмұнына қарай көп нүктенің орнына тиісті талғаулы жалғаулықты қойыңдар.
...... аспан сынып төбесіне құласын, ...... жер жарылып түбіне түссін. Махмұт анты осы. (Д.Ә.) 2. Менен күдіктеніп бұл арадан сырғимын демеңдер...... сен, ...... сенбе, Амантай. (С.М.) 3. Жұмысынан қайтса пәтеріне келе салып кесте тоқиды, ...... кітап оқиды, ...... жұмыспен айналысып кетеді. (М.И.)
3.Берілген жалғаулықты ыңғайлас салаласты талғаулы салаласқа
айналдырыңыз.
4. Талғаулықты салаласты бірыңғай мүшелі жай сөйлемге айналдыр
5. Талғау мәнді жалғаулық шылау жалғанған жай сөйлем мен құрмалас
сөйлемнің белгісін ажырату.
Жеке оқушымен жұмыс
«Менің тілім: кеше, бүгін, ертең...»
ІҮ. Бекіту. Кубизм тапсырмалары:
1. Талғаулы салалас құрмалас схемасын сызыңыз.
Маған бура я жетер, я жетпес.
2. Салыстырыңыз.Қайсысы талғаулы салалас?
а) Күн батты, тауды көлеңке басты.
ә) Не күн батар, не тауды көлеіке басар.
3.Сөйлем құрастырыңыз: / я - , я - /.
4. Талғаулы салалас құрмалас жалғаулықтарын іздеңіз:
бірақ, әрі, өйткені, я, яки, және, не болмаса.
5.Айырмашылығын айтыңыз.
6. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз?
Тіл туралы мақал-мәтелдер мен ақындардың өлеңдерін жатқа оқып сабағымызды қорытындылаймыз.
Ү.Үйге тапсырма: 112-жаттығу (1, 2, 3-тапсырмалар)
ҮІ.Бағалау.