Сабақтың тақырыбы : Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты :
а) Есімшенің сөйлемде атқаратын қызметін түсіндіру, сөйлемдерді синтаксистік талдауға машықтыру;
ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.
Қызығушылықты ояту
Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1. Бұйрық рай дегеніміз не? 2. Рай категориясы дегеніміз не?
3. Райдың неше түрі бар? 4. Ашық рай қалай жасалады?
5. Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Мағынаны ашу
Есімше әрі есім, әрі етістік мәнінде қолданылатындықтан,ыңғайына қарай сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара алады.
Жаттығумен жұмыс: 172-жаттығу. Есімшелерге тұлғалық талдау жасап,олар сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтаңдар. 173-жаттығу Есімшелерге тұлғалық талдау жасау, қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын айту
174-жаттығуЕсімшелерді тауып, түрлену себептерін түсіндіру
175-жаттығу. Мақал-мәтелдерден есімшелердің есімдерше түрленген тұлғаларына талдау жасау.
Қосымша тапсырма
1 тапсырма. Көп нүктенің орнына есімшенің жұрнағын қойыңдар.
Отанын сүй..... отқа жанбайды,
Суға батпайды.
Егілме айырыл.... ер – жетім.
Ынтымақ жүр.... жерде
Ырыс бірге жүреді.
Еменнің майыс...... ы – сын.... ы
Жолдасын таста..... жолда қал.....
ІІ топ.
Төмендегі етістіктерді есімшеге айналдырып, оларды түрлендіріп, есімшені сын есімнің, зат есімнің қызметін атқаратындай етіп сөйлем құра.
Сөйле..... сайра..... өс.....
Ұял...... ізде....... өспе.....
Ту....... еңбектен бол.....
ІІІ топ. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мәтінді толықтыр.
Ұйтқып ұшқан қар.... көзінен ол қораны жасырып барады. Қорлық, мазақ.... Ғазизаның көзінен дүниенің барлық қызығы кетті. Міне, менің Жақыбым... екі ай болды. Мен сорлы балам..... көрген қорлығымды айтайын.
Тірексөздер: өлгеннен бері, жүрген сайын, көрген, өлгеніне.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 176-жаттығу