Статья на тему ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МАҢЫЗЫ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...






Баяндама



Тақырып :«ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ  ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МАҢЫЗЫ» 





Дайындаған :Ерғалиева А.А.











Затобол мектеп-гимназиясы 2016 ж

  Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда, функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. 

        Жалпы, функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

      -белсенділік;

      -шығармашылық тұрғыда ойлау;

      -шешім қабылдай алу;

      -өз кәсібін дұрыс таңдай алу;

      -өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

      функционалдық сауаттылыққа мынадай деректер келтіруге болады. Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен іс- қағаздардың бланкісін толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар жарақат алулар көбейіп кеткен. Қазақ маманы С. Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Сол себепті келешек ұрпаққа жалаң білім беріп қана қоймай саналы, сапалы білім беру басты мақсатымыз.

      С.И.Ожеговтың сөздігінде «функция» сөзінің мәні «Вызванный функционированием чего-нибудь, зависящий от деятельности, а не от структуры, строения чего-нибудь (книжн)» – деп анықталса, Қазақ тілінің түсіндерме сөздігінде: «фукционалды ұғымы бір нәрсенің құрылысы, құрамынан емес, қызметінен болатын, соның әрекетіне байланысты болады»– деп сипаттама беріледі. Бұдан «функция» категориясы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-әрекетіне қатысты айтылатыны танылады. Мысалы: ақпарат құралдарының функциясы – халыққа ақпарат тарату. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты қарастырылады. Жоғарыда сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені нақтыланды. Яғни, «функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді. Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету деген сипатта ұғынылады.

      Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту–Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген еді.

       Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты–Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген болатын. Мектепте мемлекеттік тілді оқытудың түпкі нәтижесі ретінде қатысымдық, ақпараттық және проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктерін қалыптастыруға қол жеткізудің басты тетігі – оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Өйткені функционалдық сауаттылық оқушының белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауына пайдалы білім, білік, дағдылардың бірлігінен құралады.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қазақ тілін оқытудың тұлғалық-әрекеттік бағдарын күшейту нәтижесінде жүзеге асады. Өйткені сауаттылыққа оқушы өз әрекетінің иесі – Субъект дәрежесіне көтерілгенде толық қол жеткізеді.
        Орыс тілінде білім беретін мектептерде қазақ тілінің оқыту сапасын көтерудің басты шарты ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру алынған жағдайда олар әрекеттік бағыт ұстанымына, оқушылардың коммуникативтік құзіреттерінің қалыптасуы ұстанымына, аутентикалық тұрғыдан оқыту ұстанымына, интерактивтік оқыту ұстанымына негізделуі қажет. Сонда ғана функционалдық сауаттылық оқушының қазақ тілін әлеуметтік сұранымға сай қолдану мүмкіндіктерін арттырады. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту – қазіргі заман талабы, өмірлік зор маңызы бар өзекті іс болып отыр. Орыс тілінде  білім беретін мектептегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың қазақ халқының көркем әдебиет туындыларымен, әдебиет теориясымен жүйелі түрде таныстырып, сол негізде оқушыларға жан-жақты тәрбие бере отырып, әдебиетіміздің үздік туындыларымен, көркем мәтіндерді оқыту барысында қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын өз бетінше оқып, түсіне алуын қамтамасыз ететін тілдік негіз қалыптастыру. Еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. 

Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мен қалыптастыру мәселесі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытовтардың шығармаларының негізгі арқауы болған. Әсіресе ұлы ғұлама Абайдың еңбектерінде адам бойындағы негізгі қасиеттер: қайрат, ақыл, жүректің сапалық деңгейіне қарай және олардаң өзара қатынасына байланысты қалыптасатын «Толық адамды», ол, түсіндіріп айтқанда білімді, адам гершілігі жоғары, парасатты жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеп жетілдіру мақсаты көзделеді.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету –қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді. Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады.  Әдебиет – оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз. Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, қоршаған орта екені баршамызға белгілі. Өнер, ғылым бар жұртта өскелең ұрпақ тәрбиені ата-анадан да, мектептен де, араласатын ортасынан да, өздері оқып жүрген қазақ әдебиетіндегі түрлі аңыз-ертегілерден де аларына ешкім шүбә келтірмейді. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тіршілігіне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық, секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғарады. Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өседі. Дөрекілікке, бойкүйездікке, жамандыққа аяқ баспайды.

       Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Орта буын оқушыларының арнайы ереже дәптерлері, альбомдар, сөздіктері, канспектілері, хронологиялық кестелері болуға тиіс. Сонымен бірге, шығармашылық дәптері бөлек болғаны дұрыс. Оған оқушы өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді де жазып алып жүруге баулу керек. Осы ретте, шығармашылыққа жақын кейбір оқушылар сол дәптерге  әңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туады. Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық,сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау,ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалықмәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылықжұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы,ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Орта буын оқушыларының арнайы ереже дәптерлері, альбомдар, сөздіктері, канспектілері,хронологиялық кестелері болуға тиіс. Сонымен бірге, шығармашылық дәптері бөлек болғаны дұрыс. Оған оқушы өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді де жазыпалып жүруге баулу керек. Осы ретте, шығармашылыққа жақын кейбір оқушылар сол дәптерге қысаәңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туады.



  Озық ойлы адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер дамулар мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда. Жаңа технологияның басты мақсатының бірі – баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінде шешім қабылдауға дағдыландыру.Яғни, ғылыми негізде білім беру үшін жаңа технологияларды меңгере отырып, оны сабаққа енгізу педагогтар алдындағы өзекті мәселе екені анық. Осы орайда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс үйрете білу өте маңызды. Педагогтің  сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының  алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Мұғалімнің сабағының өн бойындағы негізгі мақсаты, оның негізгі мәнін естен шығармай, әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда өз мақсатына жетеді.Жаңа технологияның басты мақсатының бірі – баланы оқыта отырып оныңеркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінде шешім қабылдауға дағдылан

Менің ұстанымым: «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында»деп елбасымыз атап айтқандай,оқушылардың талантын ашу – менің күн тәртібімдегі өзекті мәселелардің бірі.Осы бағытта оқушыларды «Мұқағали оқуларына» «Абай» оқуларына «Қане тілім сөйлеші» байқауларына баулып,тапсырма беремін.Осы оқуларда Берік Әли ауданда 2-орын алды.Сапарбекова Дилназ қатысты.Тетерева Ангелина мен Пономарева Алина да қатысқысы келетінін айтып. Тапсырмалар берілді .Оқушыларды әр түрлі танымдық олимпиадаларға қатысып білімдерін тексеруге шақырамын.

Қазіргі жастарға тек білім беріп қана қоймай,сонымен бірге әлеуметтік бейімделу үдерісінде алған білімдерін пайдалана білуге үйретіп келемін.Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін сабағымда белсендіоқыту,диалогтік оқыту,сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы,Блум таксономиясы,сатылай кешенді талдау,мән беріп оқыту технологиясын қолданып келемін.

Белсенді оқытуда қысқа әңгіме,ойын түрлері,сөздік ойыны тб атауға болады.Өзім беретін 5-7 сыныптарда мән беріп оқыту технологиясы бойынша оқушылардың оқылым,тыңдалым,айтылым,жазылым дағдыларын дамытудамын.Көбінесе топтық жұмыс жасап,достық қарым-қатынасты нығайта отырып,ұлттық бірліктің жарасымына жол ашамын.

Өмірлік қолданыста маңызды рөл атқаратын Блум жүйесін қолданып келемін.Блумның анализ,синтез,бағалау тараулары арқылы кез-келген тақырыпта сұрыптау жасап,пайдалы-пайдасызжақтарын анықтап.баға бере алатын,жеке көзқарастарын еркін айта алатын жеке тұлғаны дайындау үстіндемін.

Сонымен бірге оқушылардың теориялық білімдерін дамыту мақсатында

 Н.Оразақынованың«Сатылай кешенді талдау» технологиясының тиімді жақтарын айтқым келеді.

1. Оқушыларға теориялық білім береді

2. ҰБТ-ке оқушы дайын болады

3. Тілін дамытады

4. Ұлттық құндылықтарды бағалай білуге,

құрметтеуге үйретеді

5. Ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастырады.

6. оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.

Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасын сусындау арқылы туған халқыныңтарихымен,мәдениетімен жете танысып,білімін кеңейтеді.Қазақ тілінің грамматикасын тереңмеңгерген оқушы, қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп,өзінің функционалдысауаттылығын көрсете алады.

Қазіргі жастарға тек білім беріп қана қоймай,әлеуметтік бейімделу үдерісінде алған білімдерінпайдалана білуге үйретіп келемін.Өзім сабақ беретін 5-7 сыныптарда қазақ тілінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда мынандай әдістерді қолданамын:белсенді оқыту,мән беріп оқыту,сатылай кешенді талдау технологиясы,Блум жүйесі,сыни тұрғыдан ойлау.

Мән беріп оқыту технологиясы (қатысымдық әдіс) функционалды сөйлеудің грамматикалық жағы мен лексикалық бірліктерді меңгертудің негізі болып табылады.Бұл әдіс бойынша оқушыларды сабақтыңбасынан бастап сөйлесім әрекетіне баулу,тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру,сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету ескеріліп отырады.Өйткені кез-келген тақырыптағы тілдесім үдерісі сөйлеу,жазу,оқу,тыңдау әрекеттері арқылы іске асады.Рөлдік ойын әдісі арқылы оқушылар тез тілдеседі,образға енеді,оқушы өзін танытады,достарының пікірімен санасады,  қабілетін жетілдіреді,жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар сұрақ-жауап әдісін оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту мақсатында оқытудың барлық кезеңдері ментүрлерінде жиі қолданамын

Блум жүйесі арқылы оқушылардың алға қойған мақсатына жету жолдарын,өз ойың еркін жеткізе алатын жеткіншек дайындау үстіндемін.

Сатылай кешенді талдау арқылы қазақ тілінің грамматикасын жете меңгеретін оқушы оқытудамын. Қазақ тілі сабағында оқушылардың сауаттылығын арттыру жолдары

1. Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар;
2. Түсіп қалған буынды табу;
3. Тиісті сөздерді тауып, сөйлемді аяқтау;
4. «Бес жолды өлең»
5. Берілген сөздерден сөз құрастыру;
6. Сөздердің мағынасын табу;
7. Сөздерді сәйкестендіру;
8. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жазу;
9. Сөйлемдерден мәтін құрастыру;
10. Берілген мақалдардың сыңарын табу;
11. Өлеңге ұйқастар тауып, өлеңді жалғастыру;
12. Өлең шығаруға баулу;
1
3. «Адасқан әріптер» ойыны.
Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаң
дар

14. «өрмекші ойыны»

15. «Дұрысын тап» ойыны

16 «Веер»

17 «Домино»

18 «лекция пародокс»

19 «сулифа» т.б









































  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді.

  2. Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамыз.

  3. Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді. Олардың ішінде отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы»(М.Жанпейісова), «Деңгейлеп оқыту технологиясы» (Ж.Қараев), қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова), «Сын тұрғысынан ойлау» т.б. технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде. Мұндай әдіс – тәсілдер мен оқытудың жаңа технологиялары туралы арнайы еңбектер мен ғылыми – әдістемелік тұрғыдан баяндайтын құралдар, түрлі курстар мен білім сатысы оқулары арқылы мұғалімдердің әдіскерлік шеберліктерін ұштауларына мүмкіндіктер мол. Сондықтан түпкі нәтижені таңдаудың, оны мақсатқа сай ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру – мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты болмақ. Оқыту әрекетінде жеке, топтық, ұжымдық жұмыстарды оқу мазмұны мен мақсатқа сәйкес, үйлесімді түрде жүргізудің қажеттілігі осыдан туындайды.

  4. Қазіргі заманның әлеуметтік экономикалық жағдайында оқушылардың білім деңгейін көтеру белгілі бір дәрежеде жеке тұлғаның өзін – өзі жан – жақты танып білуі мен қалыптасуына жағдай жасауға бағытталған. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін енгізіп жүрсе, білім сапасына елеулі әсер етеді. Кез келген сабақты қызықты өткізу үшін әрбір ұстаз жаңалыққа ұмтылып, ізденіс үстінде болғаны абзал.

  5. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған.

  6. Білім беруде оқушыны білім ақпаратымен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді де қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретуіміз керек. Тиімді әдістердің бірі- электрондық оқулықтармен жұмыс істеу. Компьютермен өткізілген әрбір сабақтан соң оқушы тест, бақылау жұмысы арқылы өз білімдерін бекітеді. Бала өз білімін өзі тексере алады, оқушы өз бетінше оқуға қызығады, өз білімін көтеруге ұмтылады. Қазіргі таңда компьютерге тест, бақылау жұмыстарын, тәжірбиелік тапсырмалар әзірлеу дәстүрге айналды.

  7. Қазақ тілін оқыту үрдісінде ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану ең алдымен оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген ынтасын, қызығушылығын арттырады. Оқушылар теориялық білімін өздерін — өздері тексеру арқылы әрі қарай жандандырады. Сабақта қолданылатын тапсырмалардың көлемі ұлғайып, оқушылардың ойлау, жұмыс істеу қабілеті дамиды. Өз беттерінше де ізденіп, бағдарлама дайындауға шығармашылық шабыт алады.Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?

  8. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады.

  9. Оқушылар World, Power Point, Excel, Актив студио т.б программалардың көмегімен жаңа тақырыптарды және мәтіндер жазу, оқу, талдау, сурет салу жұмыстарын үйренеді. Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Интербелсенді технологияларды әр сабағымызда пайдалана алсақ интеллектуалдық қабілеті дамыған, коммуникативтік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін практикада пайдалана білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыра аламыз деп ойлаймын.

  10. Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:

  11. 1. Компютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.

  12. 2. Компьютер адамның зерттеу – танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.

  13. 3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімге ұмтылушы адам ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері.

  14. 4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.

  15. 5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.

  16. Тыңдап-түсіну, көріп-байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі – аудио құралдар, радио мен теледидар хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б. Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады: *біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді;

  17. *екіншіден оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді;

  18. * үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді.

  19. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оққушының тілін дамытады. Тіл дамытудағы тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады. Бейне сабақтарды оқу материалына тиімді енгізу сабақтың сапасын арттырады.

  20. Бұған әсер ететін жағдайлар мынандай:

  21. -есту және көзбен байқау арқылы қабылдаудың әр түрлі жолдарында оқушының түсінігіне жан-жақты мүмкіндік беру;

  22. -оқушының дербес қабылдау мүмкіншілігін ескеру бейнесабақты жүргізудің нәтижесінде қамтылады;

  23. -оқушының қызығушылығын арттыру, эстетикалық және эмоционалдық сипаттарды тудыру.

  24. Тек бейне көріністерді көрсетуде есте сақтауды қажет ететін негіздер:

  25. -бейне көріністер оқушының жасына, қабылдауына қарай сұрыпталуы керек;

  26. -бейне көріністер бағдарлама бойынша өтілетін тақырыппен мазмұндас болуы шарт.

  27. Мысалы, 7 «В» сыныбында әдебиет пәнінен М.Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңін оқыту тақырыбында өткен ашық сабақта бейнебаянды, үнтаспаны тиімді пайдаландым. Өлеңді үнтаспадан тыңдау оның әсерлілігін күшейтті және оқушының мәнерлеп оқи білуге ынтасын арттырды.(Слайд) Бейнебаяннан үзінді көрген оқушы жаңа ақпарат ала отырып, осы ақпаратты толық алу үшін ізденуге талпынады.

  28. Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Атап айтсақ, модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек- сызба, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т.б. Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін көрудемін. Кез келген сабағымды тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру арқылы бастау дәстүрге айналды. Қызығушылықты арттыру арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызық өтуіне себеп.

  29. Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, деңгейлеп оқыту технологиясына ерекше көңіл бөлемін. Өйткені, бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған. Ғалымдар Л.Выготский, В.Давыдов, Д.Эльконин т.б. осыны түбегейлі зерттеп, оқыту мен даму арасындағы тығыз байланысты анықтаған. Сабақ барысында қандай оқушы болмасын І деңгей тапсырмасын орындайды, Әрбір оқушы І деңгей тапсырмасын орындауға міндетті және одан жоғары деңгейдің тапсырмаларын орындауға құқылы.

  30. Деңгейлеп – саралап оқытудың тағы басты қажеттілігі, оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың шығармашылық бейімділіктері мен икемділіктерін дамыту.

  31. Жеке тұлғаның қалыптасып, ой – өрісінің дамуы, белсенділігіні, білім алу қажеттілігі, оны өмірде іс – тәжірибеде қолдану, шығармашылық міндеттерді ойдағыдай шешудің негізгі құралының бірі – оқушылардың өзіндік жұмысы болып табылады.

  32. Деңгейлеп – саралап оқытудың және бір бағыты – тәрбиелік. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», деп Әбу Насыр әл – Фараби айтқан.

  33. Қазіргі педагогикада пайдаланып жүрген технологиялардың бірі және бірегейі – модульдік оқыту технологиясы. Бұл технология қазіргі қазақ тілі пәнін оқытудағы тиімді әдіс болып саналады. Оқушылар түрлі тараулар мен тақырыптар бойынша дайындалған тірек кестелерімен, басқа да ізденімпаздық, шығармашылық бағытта орындалатын жұмыс түрлерімен өздерінің іскерлік дағдыларын қалыптастыра алады.

  34. Осы орайда қазіргі қазақ тілі, тіл біліміне кіріспе пәндері бойынша шығармашылық жұмыс түрлерін көбірек ұсыну, ойын түрлерін беру, оны кейін практикалық тұрғыда қолдана білуге үйрету жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді.

  35. Әсіресе, оқу сабақтарында модульдік оқыту технологиялары бойынша ұйымдастырылған ойын түрлерін сөйлесу бөлімінде шебер ұйымдастыра білу оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа жетелейді.

  36. Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері:

  37. *білімді меңгерту емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үдерістерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту;

  38. *тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын-танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру;

  39. *белсенді сөздік қорын дамыту (ауызша және жазбаша);

  40. *дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігін тудыру.

  41. Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылып жүрген әдістердің бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Бұл технология 18 елдің тәжірибесіне енгізілген. Бұл технология оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, ойлау белсенділігін, тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді.

  42. Жалпы айтқанда, «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы сабақты жоспарлауда өте тиімді.Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқушының еркін сөйлеуіне,өз пікірін айтуға, достарының ойын тыңдауға, жағдаяттарды шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз- ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген -білгенін талдап салыстырып, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп,өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

  43. Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады:

  44. қызығушылықты ояту;

  45. мағынаны тану;

  46. ой толғаныс.

  47. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылық қабілетін таныта алады.

  48. Оқшыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда РАФТ, INSERT, екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, дөңгелек үстел,үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп.

  49. Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымызда қолданыс табады. Мазмұны өте күрделі шығармалардың мәнін жете түсінуде, еске сақтауда сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары оқушыларға көп көмегін тигізеді.Тақырыпты толық ашып түсінуде көмектесетін оқыту стратегиясы «INSERT» стратегиясын жиі қолданамыз. Шығарма бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында

  50. «V»- білемін;

  51. «-»- білмеймін

  52. «+»- мен үшін жаңа ақпарат

  53. «?»- мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT –оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын ашық білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Оқушылардың ерекше қызыға орындайтын тапсырмалардың бірі «Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру». Балаларға дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөліп, мәтінді оқи отырып:

  54. Бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды,үзінділерді жазады.Сол жағына сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады.

  55. Әр оқушы мәтінмен танысып, дәптерлеріне жазбаша тапсырманы толтырып біткен соң бірінші жұппен, одан кейін топпен талқылау ұйымдастырылады.Топ ішінен өз жұмыстарын бір-бірден шығып қорғайды.

  56. Осындай сын тұрғысынан ойлауға арналған тапсырмалар оқушыларды топпен бірігіп жұмыс жасауға үйретеді. Мәтінді өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды.Сонымен қатар сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.

  57. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың еркін ойлау мүмкіндіктерінің ашылуына себеп болған стратегия – ой толғаныс сатысы. Ой толғаныс сатысы кезеңінде, жаңа алынған білімдерді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек.

  58. -оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу;

  59. -өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;

  60. -болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу;

  61. -жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуде осы білімді қолдану;

  62. Сабақтың ой толғаныс кезеңінде «Еркін жазу» стратегиясын қолдану өте тиімді.Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиғалар жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа өз пікірлерін қағаз бетіне түсіру тапсырылады.

  63. Қазақ тілі пәнін оқытуда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолдану тиімді.

  64. І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
    ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
    ІІІ ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.

  65. СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:
    1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.
    Сабақтың жоспары:
    1. Психологиялық дайындық.
    2. Ой ашар.
    3. Үй тапсырмасын тексеру.
    4. Жаңа сабақ.
    І. Қызығушылықты ояту.
    а) Ой қозғау.
    ә) Өзіндік жұмыс.
    б) Түртіп алу ─ +? v (INSERT)
    ІІ. Мағынаны тану сатысы.
    1. Топпен жұмыс.
    2. Бес жолды өлең.
    ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
    1. Венн диаграммасы.
    2. Бағалау.
    3. Үйге тапсырма.
    2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде сабақта оқушылар арасында:
    — бір-бірінің пікірін тыңдауға, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
    — өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
    — бір-біріне құрметпен қарауға;
    — өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
    — өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
    — мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
    — достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
    — белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады.

  66. Осы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының жүзге тарта стартегиясы бар екені белгілі, демек сол әдіс – тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Шығыс даналығы “Мәселе нені үйретуде емес қалай үйретуде” демей ме? Сондықтан мақсат пен мазмұн мемлекеттік бағдарламаларда айқын беріліп отырған қазіргі жағдайда бұл стартегиялардың маңызы зор.

  67. Оқушылардың шығармашылығын дамыту педагогикада басымды бағыт болып есептеледі. Өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Өйткені біздің заманымыздың электрондық, атомдық, ғарыштық деп аталуының өзі адамның ақыл-ойының, санасының жетілгендігінің көрінісі. Сондықтан оқушылардың білім алу кезіндегі шығармашыл белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері мектеп өміріндегі басты мәселе болып қала береді.

  68. Педагогикалық қызметтің басты мақсаты оқушылармен оқу-тәрбие ісінде жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Ол үшін жаңа технологияларды игеру және оны шығармашылықпен дамыту, инновациялық технологиялармен білім беру. Сонда ғана қабілетті мамандар дайындай аламыз.

  69. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.

  70. Сондықтан мұғалім сабақтың жүргізілу жүйесін жетіл