Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы ,Тұщықұдық селосы
С.Жаңгабылов атындағы мектептің мектепалды даярлық мұғалімі Коптилеуова Майрагул.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Төрт шырша музыка әуенімен билеп залға кіреді, ақ ұлпалар ұшып келіп шыршаның жанына отыра қалады.
Орман тұрғындары: қасқыр,аю,түлкі мен қояндар ойнап келіп, шыршалардың артына тығыла ды
Балалар келіп тақпақтарын айтады:
Жаңа жылда барлық үйге
Аяз ата келеді.
Жаңа жылда балаларға,
Сыйлық әкеп береді.
Кел,келе бер, кел, келе бер,
Аяз ата келіңіз.
Төрле,төрле Жаңа жыл,
Құтты болсын қадамың!
-Ой, балалар, бізде шырша жоқ қой!
-Иә,шырша керек.Шыршасыз жаңа жыл болмайды!
-Енді не істейміз?
-Біреуімізді орманға жіберуіміз керек!
-Ең үлкенді жіберейік !
-Иә, сен барасың!
-Міне,ұста, айырылып қалма!-деп балтаны береді
-Ой- ой- ой,-деп кішкентай адам орманға кетеді.
Орманда бір шыршаның қасына келіп:
-Ой,қандай ,тамаша, көз тоймайды қараса!
Шыршаның астынан қоян атып шығады.
-Кім десең, мен көжекпін,қорқақ емес, өжетпін.Шыршама менің тимеші,сен де мені түсінсеңші,шыршаның астында мен тығыламын,Жаңа жылды да осы жерде қарсы аламын.
-Жарайды,сенің шыршаңа тиіспеймін,-деп,кішкентай адам әрі қарай кетеді.Бір әдемі шыршаны көріп қалады:
-Жапырағы жап- жасыл, өте сұлу шырша екен.Түлкі шыршаның артынан шығады:Мен түлкімін,түлкімін!Ортасында жүрем күлкінің.Бұл шырша өте нашар,саған басқасы табылар,-деп ,Түлкі кішкентай адамды әрі қарай жібереді.
-Қараңдаршы мына шыршаға, неткен әсем, көрікті,-деп,шыршаны шаба бастайды.
Қасқыр. Мен, қасқырмын,қасқырмын,барлығынан мықтымын.Бұл шыршаның астында демаламын шаттана, ренжіме кішкентай адам, жолың бүгін болмады.
-Таптым,таптым, алақай! Шырша қандай әдемі ай!-деп қуанып қалғанда Аю: Қоңыр қонжық мен болам,күш сыңасаң кел маған.Күрессең алып ұрамын,келетін кім бар тең маған ! Тиме менің шыршама!
-Ой,қорқып кеттім ғой, енді мен не істеймін, -деп кішкентай адам жылайды.
Жүргізуші.Кішкентай адам сен неге жылайсың?Кім сені ренжітті?
-Аңдар маған шыршаны бермейді?
-Құрметті орман тұрғындары,кішкентай адамға шыршаны неге бермедіңдер?
-Табиғатты біз қорғаймыз,шыршаны шабуға бермейміз! Шырша ортаға шығып: Ренжіме, жылама, кішкентай адам, біз саған би билеп береміз.
Би: « Шыршалар мен аңдар»
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Таңырқап тұрмаңыздар
Сәнді шырша шақырады,
Шырша жырын жырлаңыздар!
Ән : «Жаңарайық жаңа жылда»
Келді тағы Жаңа жыл,
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді!
Қол ұстасып,құшақтасып
Үйренейік жаңа жыр
Құтты болсын,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Балалар, Аяз ата мен Ақшақарды шақырмаймыз ба? (балалар дауыстап шақырады)
«Қап» шыршаны айналып жүгіріп өтеді, оны Жалмауыз кемпір қуалы. Олар жүгіріп кеткен соң Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біздің қапты көрмедіңдер ме? (балалар коргендерін айтады )Енді мен не істеймін? Барып қабымды тауып келейін.
-Аяз ата, о не дегеніңіз! Сізді балалар қаншама күтті,өлеңдер дайындады,шыршамызда жарқырамай тұр,сіз қалай кетесіз.
-Иә,дұрыс,мен қалай кетемін балаларды тастап.Ештеңе болмас менің қабым сиқырлы ғой, оны Жалмауыз кемпір аша алмайды, қап мынау сиқырлы пультпен ғана ашылады және өзі жолды таба алады.Ал, балалар, мына шыршаны жарқыратайық, бәріміз бірге: Қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат!!!
-Тамаша, ал енді өнерлеріңді корсетіңдер!
Қол ұстасып бәріміз
Шырша жаққа келейік.
Аяз ата келді деп
Өлең айтып берейік.
Ән. «Аяз ата»
Ақшақар. Аяз ата, астықтап кеткен жоқсыз ба, қазір ұлпа қыздар би билеп береді.
Аяз ата. Жақсы болар еді.
Би. «Ұлпалар»
Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр.
Ата Әже,Ата, Әже!
Құтты болсын Жаңа жыл!
Аяз ата. Балалар, мен сендерге сиқырлы пималар әкелдім, оларды киген адам тез жүгіреді,киіп коргілерің келе ма?
Ойын. « Сиқырлы пималар»
Жаңа жылды қарсы алып,
Барлық бала ән салып.
Ақшақар жүр би билеп,
Қол соғады барша жұрт.
Ән. «Жаңа жыл»
Жас ұланмын шыныққан,
Жасқанбаймын суықтан.
Қардан жасап Аққала
Сырғанаймын шаттана.
-Балалар, қараңдаршы, біздің қасқырдың қардан жасаған Аққаласы да келе жатыр.
Аққала кіріп ағылшын тілінде амандасады.
-Қасқыр сен Аққаланы қандай қардан жасағансың өзің, ағылшын тілінде сөйлеп тұр гой.
Ағылшын тілінде ән.
Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.
«Қап» жүгіріп келіп Аяз атаның жанына отыра қалады, Мыстан артынан қуып келеді:
Мына қаптың артынан қуып шаршадым, неткен жүйрік қап өзі! Ақыры Аяз атаның қасына да келіп калды.
-Ал ,сен қалай ойлап едің.
-Қалайша?
Менде осы қаптың пульты бар, ал сенде жоқ.
А, солай ма, ендеше, міне, сендерге,-деп құлып салып қояды.
-Бұл не істегенің балалар сыйлықсыз қалады ғой.
-Маған бәрібір,олар менімен билемейді,менің жұмбақтарымды шеше алмайды.
-Ал, балалар, Мыстан кемпірмен билейсіңдер ма?
Ал,балалар, тұрмайық
Би билейік, ойнайық.
Аяз ата қуансын
Дөңгелене зырлайық.
Би. «Көңілді балалар»
-Ой,қандай тамаша, енді жұмбақтарымды шешіп көріңдер!
Балаларға жұмбақтарын жасырады.
-Ой ,балалар, мен сендерді жақсы көріп кеттім ғой, тіпті енді ешкімге тиіскім де келмейді, бәріңе жақсылық істегім келіп тұр.
-Ендеше құлыбыңды ал!
Мыстан кемпір құлыпты алып тастайды, Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтарын таратады.