Кенен Әзірбаевтің шығармашылық өрлеу сатысы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Таңдау пәні «Кенентану»

Сабақтың тақырыбы: Кенен Әзірбаевтің шығармашылық өрлеу сатысы.

Сабақтың мақсаты: Кенен Әзірбаевтің шығармашылығының бастау алуы туралы мәлімет алады.

Оқыту әдістері:
Жеке жұмыс, жұппен жұмыс , топтық жұмыс
Ұйымдастыру кезеңі:

Жаңа сабақ.

...Күздің жаңбырлы түні.Ақ таяғы қолында бала қойшы ұзақ түнге кірпік қақпай қой күзетіп отыр.Бала ыңылдап ән салады.Мұңлы ән.

Жаңбыр саябырсыды,таң рауандап атып келеді.Мәтібұлақ басындағы шағын ауыл оянып жатыр.Мөлдір шық басқан селеу шалғынды жалаң аяқ басып келеді ол.Қанатына жіп байлап аспанға іліп қойғандай бозторғай қалықтап шырылдайды.Ол бірде төмен түсіп барып, қайта көтеріледі.Қалықтап жүрген бозторғайлар біреу емес, бірнешеу.Бәрі бір- біріне ән қосады.Бүкіл дала бозторғай әуеніне бөленген.Манадан бері шерлі көңіл егіліп ыңылдап қой соңында келе жатқан бейшара бала енді бірде бозторғай әуеніне құлақ тұрді.Бозторғайлар түнгі жаңбырдан соңғы жадырап атқан таң жырын жырлап бір - бірімен тілдесіп тұрғандай.Баланың көмейі бүлкілдеп, көкейіне бір әуен келді.Әуенге лайық мұңлы көңілден өлең жолдары да жұптала берді.Қойшы бала аспандағы бозторғайға ән қосты.

Бозторғай шырылдайсың жерге түспей,

Мен жүрмін кешке дейін тамақ ішпей.

Ат қылып ақ таяқты қолыма ұстар,

Сандалып қой соңында азар кеше - ай.

Ей-й-й бозторғай,

Шырыылдайсың шіркін - ай,

Құтылар күн бар ма екен,

Қой жаюдан бір күні -ай!

Қам көңіл бала осылайша өксіп- өксіп алады.Қой соңында бейшара бала өмір азабына ыза бола налиды.

Аспанға әуелеген осы бір ән бірте - бірте шымырлап, өрши түсіп,созылған бойы жалшы баланың мұңы мен зарын арқалап Қордайдың ұшар биігіне қарай көтеріліп бара жатты.

Иә, бұл ақ таяқты қолына алып мал соңында ұзақ түнді батыра алмаған ,қой күзетіп беймаза таңды атыра алмаған бір ғана бала Кенен емес, барша жалшы атаулының ортақ зары еді.

Жоқшылқтың, кедейліктің тауқыметін көп тартқан он бір жасар бала Кененнің ақындық, әншілік,композиторлық,серілік өнерге тұсау кескен тырнақалды "Бозторғай" әні осылай туған еді.

ІV. Шығармашылық жұмыс. «Жадымда ән боп жатталды "Бозторғай" әніі» деген жолды жалғастырып өлең шумағын құрастыру.
V. Сабақты қорытындылау.

«Халық санасынан өшпес орын алған ақын, сазгер,әнші Кенен ұрпағы болғанымызды біз мақтан етіп өсеміз»,- десе, біз:
Жадымда жыр боп жатталды "Бозторғай" әні,
Айтады оны жыр етіп,ән етіп бәрі.
Бабадан қалған осынау асыл мұраны
Мәңгілік сақтар, біздерміз, енді иесі,- дейміз.

VI. Үйге тапсырма беру.Әндерінің шығу тарихы жайында мәліметтер жинақтау