Конспект урока по казахской литературе «Абай жолы» роман – эпопеясы 9 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» роман – эпопеясы.

Сабақтың мақсаты:

Шығарманың көркемдік мәнін ашуға, талдау мен бағалауға қажетті білік пен дағдыларды меңгертуді ұйымдастыру. Оқушылардың өзіндік көзқарас – пікірлерін қалыптастыру, білім мазмұнын бағалауға үйрету. Оқу материалдарын меңгерте отырып, адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі:

- Жаңа оқу материалын беру сабағы

- Білім, білік, дағдыны қалыптастыру сабағы

- Білімдерін жалпылау және жүйелеу, қайталау сабағы

- Білімдерін бағалау, тексеру және бағыттау сабағы

- ілім, білік, дағдыны қолдану, аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Репродуктивті Эвристикалық зерттеу Шығармашылықпен оқыту

Сұрақ-жауап, пікіралмасу + Көркем шығарма талдау, тың астарын ашу + Мұғалімнің мәнерлеп оқуы, әңгіме жүргізу

Шолу лекция, түсіндіру,әңгімелеу, баяндау + Жоспар құру, пікір жазу, жаттау Оқушының мәнерлеп оқуы, реферат оқу

Тапсырма орындау, тақтамен жұмыс Мәтінге жақын баяндау, логикалық сұрақтар қою + Шығармашылық тапсырмалар

Танымдық ойындар Теориялық мәселелер Проблемалық сұрақтар

Өзіндік жұмыс,оқулықпен жұмыс + Баяндама жасау, пікірсайыс, жарысу Шығарма, мазмұндама жазу, тест

Жаңа технология элементтері:_____________________________________________________

         Сабақтың жабдығы: Кестелер, плакаттар, портреттер, үлестірме қағаздар,видео, слайд, интерактив.  тақта, электрондық оқулық

Сыныппен жұмыс түрі: даралап, жұппен, топпен, ұжымды 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды түгендеу;

2. Сабаққа дайындықтарын бақылау;

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап арқылы.

1. «Ұлылар мекені»  - туған жылы, жері туралы және сол жерде туған атақты Абай, Шәкәрім туралы айтып кету

2. «Ұлылар сабақтастығы»  -  Мұхтар және Абай

3. «Зерделі зергер»  - Мұхтардың оқу жылдары, зеректілігі  - 20 жылдық білім алу жолы

4. «Рухани қазына» - шығармалары жайында

5. «Мұхтар – ғалым» - Абайтану курсы туралы мағлұмат

6. «Мұхтар - ұстаз» - ұстаздығы, шәкірттері туралы.

7. «Сапар соңы» - жазушының  кенеттен қайтыс болуы туралы

8. Мәңгі ғұмыр – артынан қалған аса бай әдеби мұрасы туралы ой пікірлер

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі

Мұғалімнің кіріспе сөзі.Әлемдік асыл мұралар қатарынан орын алып, қазақ халқын бүкіл жер жүзіне  танытқан  дарынды қаламгер, қазақ әдебиетіндегі Алаш арыстарының ізін өшірмей, солардың аманатын бүгінгі күнге жалғаған жасампаз тұлға –М.Әуезовтің көркемдік әлемімен танысамыз. Оның әйгілі «Абай жолы» романы  қазақ балалар  әдебиетінде ойып орын алған көркем шығармаладың бірі. Бірақ бүгінгі сабақта біз тек М.Әуезовтің тамаша ғұмырымен танысамыз, алған білімдерімізді ортаға салып, қорытынды жасаймыз. Яғни бүгін зор шығармашылықпен жұмыс жасауға тырысамыз. Үлгі, өнеге аламыз

Ой шақыру стратегия бойынша сұрақтар қою.

Эпопея дегеніміз не?

Бүкіл бір дәуірді кеңінен қамтып бейнелейтін кең тынысты, сан-саналы эпикалық шығарма. 

«Абай жолы» романын эпопея деп атай аламыз ба?

«Абай жолының» қандай кейіпкерлерін білесіңдер?

Негізгі тақырыбы, идеясы не деп ойлайсыңдар?

Оқулықпен жұмыс. «Абай өткен белестер» тарауын оқу. Әр абзацтың мағынасын ашу. 

Алған мәліметтерін пысықтау.

1-тапсырма. М.Әуезовтің өмірі бойынша тірек сызба құру. «Кластер» құруға  болады.

2-тапсырма.  «Қос жазба күнделігі» стр.

Мұхтар Әуезов өмірінен алған әсерім Неліктен

Абай дәстүрі  М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясында 

Эпопеядағы Абай атаның емес, адам ұлы, халық баласы 

Абай үлгісінде типтік бейне жасауы 

Абайдың суреткерлік шеберлігін М. Әуезовтің пайдалануы 

Абай поэзиясындағы азаматтық үн, "Халқым", "Елім" деп соққан жүрегі 

Абайдың сыншыл реализмі . Патшаның ел билеу жүйесін сынауы 

Абайдың портрет  жасау шеберлігі.

Абайдың әлем әдебиеті ойшылдарының еңбегін халқына таратуы 

Абай гуманизмі 

ІҮ. Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия) «Әлемге Абайды танытқан Мұхтар, ал Мұхтарды әлемге танытқан Абай» сөзін қалай түсінесіз. 

Ү. Үйге тапсырма беру «Абай жолын» оқу