Күні:
Сынып: 7 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын қорытындылау, шығарма мазмұнына идеясына, тақырыбына талдау жасату.
Дамытушылық: Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлеу білуін дамыту сөз қорын молайту.
Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамшершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға, жол бермеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жинақ сабақ
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: Кубизм әдісі, сұрақ - жауап
Көрнекіліктері: Ақын портреті, слайд, бейнефильм, үлестірме карточкалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а)Оқушыларды түгендеу
ә)Сынып тазалығын қадағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
М. Әуезовтың өмір жолын зерттеу. Тақтада слайд
Тақтадағы бейнефильмге назар аударайық. Көксерек фильмі
ІІ. Қызығушылықты ояту
ІІІ. Мағынаны тану
а) шығарманың компазициялық құрылысына талдау жасау
ә) Кубизм әдісі
б) Ғажайып шаршылар
ІҮ. Ой шақыру
Ү. Топтастыру стратегиясы
ҮІ Семантикалык карта
ҮІІ. Тест ,венн диаграмасы
ҮІІІ. Қорытынды
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
- Құрметті оқушылар! Бүгін біз «Көксерек» әңгімесі бойынша қорытындылау сабақ өткіземіз. Бұл сабаққа 7 «Ә» сынып оқушылары қатысып отыр. Оқушылар уш топқа бөлінді. 1-топ «Арлан», 2-топ-Көкжал, 3- топ –Тарлан .Әр топқа ұйымшылдықпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі бағалап отыру тапсырылды.
Топ басшыларына бағалау парағы беріледі.
ІІ. Қызығушылықты ояту
Қай жазушының шығармасын алсақ та табиғат назардан тыс қалған емес. Ендеше мына сөйлемге назар аударыңызшы.
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя, талбесігі. Табиғат дегеніміз айналадағы қоршаған орта. Біз оқып келген Көксерек те табиғаттың тағы перзенті. Олай болса табиғат туралы не айтуға болатынын әр топ жазады. Топтастыру стратегиясы бойынша топтастырады.
Табиғат
Табиғаттың тыныштығын бұзбау керек. Табиғаттағы барлық нәрселер өзіне жарасымды болып тұрады. Біз оқыған «Көксерек» әңгімесінде адамдар табиғатқа қиянат жасайды. Қасқыр да осы табиғаттың бір бөлшегі. Егер де біз осы табиғаттағы аң –құстарға қиянат жасасақ , табиғатқа көрік беріп тұрған барлық әсем нәрселерімізден айырыламыз.
ІІІ. Мағынаны тану
Олай болса, бүгінгі әңгімеміз кеше ғана оқып танысқан, бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі, олардың іс-әрекеті турасында өрбімек. Шығарманың оқиғалық желісі, яғни сюжеті Көксерек іс-әрекетіне байланысты өрбіп дамиды. Сондықтан біз алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек.
а) 1. Оқиға қалай басталған еді?- Қараадыр қасқырлар мекені. Тағылар тірлігі.
2. Байланысы- Адамдар шабуылы. Бөлтіріктер тағдыры. Қаталдық.
3. Дамуы –Бөлтіріктің Көксерек атануы. Оның адамдардан көрген жәбірі.
4. Шарықтау шегі – Көксерек және Құрмаш. Сәбидің таза көңілі, мейірімі
5. Шиеленісуі - Көксеректің ауылдан кетуі. Ұяластарымен тез табысуы.
Тағылардың тағылық істері.
1. Шешімі – Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы. Әже зары.
Міне, негізгі оқиғасы да есімізге түсті.
Сұрақ- жауап жұлдыздарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.
Сұрақ - жауап әдісі бойынша әр топтың жылдамдығын әңгімені қаншалақты толық түсінгенін тексеру ,сараптама жасау.
1.Әңгіме тек Көксерек айналасында ғана ма? Әңгіме тақырыбы «Көксерек» деп аталғанымен тек қасқыр тағдырымен қоса адам мен табиғат арасындағы күрделі проблемалар көтерілген.
2.Әңгіме арқылы басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсысы?Басты ойды ашатын ең негізгі оқиға-табиғатқа қарсы жасалған қиянат
3.Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма?Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға болмайды. Жазушы табиғатқа қиянат жасағандарды «екі аяқтылар», «көргіш көздер» деп атайды.
4.Жалпы табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?
Табиғатқа шабуыл жасап,оның тыныштығын бұзу мәселесі-қауіпті мәселе.Әсіресе қасқыр апанын талқандап,ұрпағын жою-қауіптірек.
Үш бұрышты тастау арқылы сұраққа жауап беру.
1) Суреттеңіз Көксеректің портреті
2) Салыстырыңыз Дала қасқыры мен Көксерек
3) Зерттеңіз Қасқыр туралы не білеміз?
«Мені түсін» ойыны
Ойынның шарты:
Тақтаға 4 оқушы шығып, ортада тұрған үстелге барып отырады. Оларға берілетін шарт төмендегіше:
«А» үстелі. Көзі ашылмаған күшіктің Құрмаштың қойнынан табылуы.
«Ә» үстелі. Ауыл адамдарының 7 күшікке жасаған зәбірі
«Б» үстелі. Зіңгіттей көк шолақ қасқыр болған шағында қара ала төбетпен айқасы.
«В» үстелі. Қой жайып жүрген Құрмаштың қасқырға шабуы. Әже зары
Семантикалық карта. Қай кейіпкердің сөзі? Тест жұмысы
Қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезов қай жылы дүниеге келіп, қай жылы дүниеден озды?
А) 1893 - 1938; Б) 1846 - 1945; В) 1897 - 1961.
2. Мына шығармалардың қайсысы М. Әуезовтікі?
А)«Тарланым»; Б) «Аягөз, қайда барасың?»
В) «Жетім».
3. М. Әуезовтің қай шығармасы арқылы қазақ халқы бүкіл әлемге танылды?
А)«Еңлік - Кебек»;Б) «Абай жолы»; В) «Хан Кене».
4.«Жотасы күдірейген, құйрығы шоп - шолақ, бойы тау басында тайдай көрінеді. Ертегінің көкжалы» деп Көксеректі суреттеуі әңгіменің қай бөлімінде жазылады?
А) 2; Б) 3;
Б) 3;
В) 5;
6. «Қуарған - ай, неңді алып едім? Не жазып ем?... Бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным?» деп кім Көксеректі басқа тепкен кім?
А) Қасен;
Б) Әжесі;
В) Құрмаш;
7. Құрмаш Көксерекпен ең соңғы рет қай жерде кездесті?
А) ауылда;
5. Қасқырдың неше күшігі өлтірілді?
А) 2; Б) қой бағып жүргенде; В) серуендеп жүргенде;
8) «Кәпір, қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды!» деген кімдер?
А) Қасен; Б) Бейсенбек; В) Ауыл адамдары;
9.«Сол жалғызымды өлтірген қасқырды қолыма әкеліп, көзін ойғызбасаң, сен маған туысқан емессің!» деген кім?
А) Қасен; Б) Әжесі; В) Құрмаштың әкесі.
10. Көксеректі жеңген төбеттің аты?
А) Ақтөс; Б) Аққасқа; В) АқтанВ) 4;
Дәптермен жұмыс
Синкуэн тәсілі
Аңшы,қасқыр. Адам сөздеріне 5 жолды өлең жазу
1.Зат есім
2.Сын есім
3.Етістік
4. төрт сөз жазу байланыстырып
5.Бір сөзбен аяқтау
Мақал – мәтелді жазу қасқырға байланысты.
«Қасқырды қанша бақсаңда, тауға қарап ұлиды.»
«Қасқырды қасқыр қылатын да адам.»
«Қасқыр қасқырлығын істемей қоймайды.»
«Қанша өсірсең де ит болмайды.»
Бекіту. Үлестірме парақтарымен жұмыс.
Қорытынды: Ой толғау.
«Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме, ой толға?»
«Көксерек әңгімесін сен қалай аяқтар едін?»
«Көксерек әңгімесі» бізді неге үйретті?
Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі – табиғаттың адамға берген жауабы секілді, екі аяқты пенделер, біздер, табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ. Себебі, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік сақталуы тиіс.
Бекіту:
Несімен ұнады
Сүйікті
кейіпкерің
Жасаған
қорытынды
Табиғат – Ана!
Табиғаттың сырын танып білейік,
Табиғаттың тілін ұғып көрейік.
Тыныштығын сақтап өмір - өзеннің,
Ізгіліктің шамын жағып жүрелік!
Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады.
Ш. Айтматов
Бағалау.
Үйге тапсырма:
«Адам және табиғат» тақырыбына шағын шығарма жазу, сурет салу.
«Сейфуллин атындағы орта мектеп бақша» КММ
Сабақтың тақырыбы:
М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі
Сынып: 7 «Ә»
Пән мұғалімі: Наймтаева А.Қ.