Қазақ тіліненӘнші құмдартақырыбына сабақ жоспары. 6 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


6 -сынып . Қазақ тілі 25.04.16 жыл

Тақырыбы: «Әнші құмдар»


Мақсаты: Жаңа сөздермен танысу, олармен сөйлем құрастыру. Мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгісін бөліп алуға үйрету. Экологиялық тәрбие беру. Қос сөздерді еске түсіру, грамматикалық тапсырмаларды орындау. Мәтін арқылы жүйелі ойлап, еркін сөйлеуге, сауатты жазып, сауатты сөйлеуге баулу. Оқушының таным мүмкіндігін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың типі: Қалыптасқан сабақ.

Көрнекіліктері: интерактивтік тақта, қима қағаздар, «Өтінімхат» плакаты, стикерлер.

Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, аударма, көрнекілік, сұрақ-жауап.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.


I Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылармен сәлемдесу .

Оқушыларды түгендеу.

Фонетикалық минут:

Жаңылтпаш: Бұл піл ірі піл

Ірі піл ұлы піл

Мұны біл.

- Қандай дыбыстарға фонетикалық жаттығу жасадық?

(оқушы жауаптары)

2. Тілдік орта.

II Жаңа сабақ кезеңі. Сабақтың тақырыбымен таныстыру

Мақсатын оқушылар өздері анықтайды.


1 ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ТАНЫСУ.

- өздері оқып, танысады

- Әрбір топ 1 сөйлемнен құрастыру. Әр топтан жақсы құрастырылған сөйлемдерді тақтаға, дәптерге жазу.

2. Мәтінмен танысу. Мақсаты: сауатты оқу, түсіну, сұрақтарға жауап беру.

- «Мені толықтыр» ойыны арқылы мәтінмен танысу.

- Оқушылар толықтырады.

- Әр топ өз мәтіндері бойынша сұрақтар құрастырып, келесі топқа қояды.

- «Өтінімхат» жазу. Алдарындағы стикерлерге «Әнші құмдарды» бағалап 1 сөзден жазып, өтінім хатқа жапсыру.

ІІІ Сергіту сәті

IV Сабақты бекіту кезеңі.

Қос сөздер бойынша сұрақтарға жауап беру.

Формасы: жекелей. Әдісі: практикалық


3- ке Мәтіндегі қос сөздерді теріп жазып, түрін ажырат.

4 – ке Көп нүктенің орнына тиісті біріккен сөздерді жаз. 5- ке Берілген сөз тіркестерінен табиғат туралы сөйлем құрастыр.

Тексерудің формасы: өзіндік тексеру. Бағалау критерийі бойынша.

Бағалау парағына қою.

V Сабақты қорытындылау кезеңі.

Алдарында жатқан сары беттерге қолдарының суретін салып, сабақ туралы пікірлерін жазу.

VI Үй тапсырмасын беру кезеңі Қазақстанның Қазақстанның көрікті жерлері» туралы мәлімет дайындау.

VII Бағалау кезеңі

Әнші құм, Айғай құм – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан тұратын төбеге айналған.

Екі жақтан соққан желдің әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас әуезді дыбысты естуге болады. Шығыстан соққан желдің күші ұлғайған кезде биіктігі 150 метрлік құм таудың басына қарай шоғырланады. Осы кезде реактивті ұшақтың гүріліне ұқсайтын дыбыс естіледі. Бұл табиғат құбылысы көбіне түнде орын алады екен.
Атағы көпке тараған Айғай құм туралы ел аузында талай аңыз-әңгімелер қалыптасқан. Аңыздың бір нұсқасы бойынша Айғайқұмдағы әуезді кері пиғылды, іші қара ниетке толы адамның құм астында қалып, жаны қиналғаннан қысылғанда шығатын даусы десе, екінші нұсқада дуаланған сұлудың дауысы делінеді.  Құмды таудың басына шығу оңай шаруа емес, кімде-кім таудың басына қиналмастан жететін болса, сол адамның асқақ арманы орындалады, ал жете алмаған адам күнәхар болады деген  наным-сенім де бар. Ән салып тұратын мұндай әуезді құмтөбе дүниежүзінің алты елінде ғана бар көрінеді. Яғни, ән салатын құмдарды Қазақстаннан басқа да  АҚШ тың Калифорния мен Мичиган құмдарынан, Намиб шөлінен, Қытайдан, тіпті Ұлыбританияның Уэльсиінен де кездестіруге болады екен.