Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы: 07.04.16ж
4.Тоқсан: IІІ
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс үндестігі.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға дыбыс үндестігі туралы лингвистикалық білім беру және жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Басқа тілден енген сөздерге жалғанатын қосымшалар
2. 337 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
Шығармашылық диктант
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Дыбыс үндестігі
Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы: қаздар (қазтар емес), есептер (есепдер емес), әкеге (әкеке емес), мектебі (мектепі емес), қасығы (қасықы емес).
Дыбыс үндестігі екіге бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал.
Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейміз: тас-тан, жаз-ға, адам-нан. Ілгерінді ықпал бойынша сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымша қатаңнан басталады. Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан, ал соңғы дыбыс дауысты немесе үнді дауыссыз болса, қосымша ұяң не үнді дауыссыздан басталады.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
335 – жаттығу(ауызша)
І деңгей
Төмендегі сөйлемнен ілгерінді және кейінді ықпалды тап.
Төле би орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биіӘйтеке Бәйбекұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәуке ханның басты кеңесшісі болды
ІІ деңгей
Сөз тіркесінің аралығындағы ілгерінді кейінді ықпалды тап.
Атың кім? Ақ лақ, әкеп бер, сақ бол, көз сал, он бес, төрт қант.
ІІІ деңгей
Түбір мен қосымша, біріккен сөз, сөз тіркестері аралығындағы кейінді ықпалға мысалдар жаз.
VІІІ. Сабақты бекіту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1 Дыбыс үндестігі туралы түсінік.
2.337 – жаттығу.