Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Диктант. «Менің досым».
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың мәтінді мұқият тыңдай отырып, грамматикалық сауаттарын арттыру.Оқушылардың ой өрістерін, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың типі: Білімді бекіту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме-сұхбат
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Сабақтың мақсатын айту, барысымен таныстыру.
Диктант жұмысына арналған дәптерлерін таратып, бүгінгі күнді , диктант тақырыбн жаздырту.
Диктант мәтінін 2 рет оқып шығу. Түсініксіз, қиын сөздермен жұмыс жүргізу.
Ережелерді қайталау.
ІІІ.Диктант.
Менің досым
Менің атым – Айбат. Мен бесінші сыныпта оқимын. Сыныбымда он жеті оқушы бар. Менің достарым көп. Бірақ ең жақын досым біреу. Оның аты – Айбек. Ол он екі жаста. Ол алтыныш сыныпта оқиды. Ол оқу озаты, өте жақсы оқиды. Оның сүйікті пәндері математика және информатика. Ол сабақтан бос уақытында спорт кешеніне барып жеңіл атлетикамен айналысады.
Грамматикалық тапсырма:
Тәуелдеу:
1 нұсқа – сыныптас сөзін.
2 нұсқа – құрдас сөзін.
ІҮ. Диктантты тексеру. Мәтінді мұғалімнің 1 рет оқып шығуы. Оқушыларға өздерін тексеруге уақыт беру.
Ү.Дәптерлерін тапсыру.
ҮІ.Үйге тапсырма. Қайталау.