Сыныптан тыс іс шара

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақ поэзиясының алып айсбергі



жүргізуші: Сөзің семсер, ойың орда бұзады.
Өзің едің өлең - жырдың қыраны,
Кітабыңды көрген сәтте сөреден
Желкілдеді көңілімнің құрағы


жүргізуші: Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтінінің авторларының бірі, ақын, жазушы, публицист, сыншы, драматург Қадыр Мырзалиев шығармашылығына арналған «Қазақ поэзиясының алып айсбергі» атты әдеби- сазды сайыс кешімізге қош келдіңіздер!
Кештің мақсаты: Қазақстан халық жазушысы, қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырзалиевтың өмір жолы, ақындық қызметі туралы іңгімелеу, поэзияны сүюге тәрбелеу. Ақынның жырларын, өлеңдерін оқырман қауымға насихаттау мақсатында, мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылып отырған меткепішілік Қадыр атамыздың оқуларын бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайыс болған соң, әділ шешеім, әділ баға беретін әділ өазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1.

2.

3.

Көкпарыңды сиясы әлі кеппеген
Оқымақ боп қолыма алдым еппенен
Оқығанда атойлаған жырыңды
Жүзім жылып болып кетті от денем

Сайысқа қатысушы таланттарды ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер.

1.

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Бүгінгі Қадыр оқуларының шарттарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайыс ІІ турдан тұрады. І тур екі бөлімнен тұрады.

  1. Қадыр атамыздың өлеңдерін жатқа оқу, алдымыен 1 өлеңін жатқ айтасыздар, қалған жаттаған өлеңдеріңізді әділ-қазы мүшелерінің қалауымен жалғастырасыздар.

  2. Бәйге сұрақтары. 10 сұрақ қойылады
    ІІ тур. Қадыр атамыздың сөзіне жазылған әндерді орындау.Ол да екі бөлімнен. 1. Ән орындау шеберлігі. 2. Қадыр атамыздың афаризмдерін қалай түсіндім. Өз сөзіңмен жеткізу.Мақсат. Сөйлеу тілін дамыту.

Қатысушыларды реттік нөмірін алуға шақыру.

Бәрін тез-тез болады деп кім күткен,

Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен

Мырзалының

Үміт артқан өлгенше

Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен

Ақын – халық перзенті. Сезімі ұшқыр, ойы терең, әлеуметтік мүддесі биік, интелектуалдық қарымы кең, сөз патшалығының феномені атанған ақының өмірі мен шығармашылық жолын Мектеп кітапханашысы Тажекенова Айнагүл Өмірбаевна баяндайды. Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы презинтацияға назар аударыңыздар.            

Иә, ақын түйінінде үлкен шындық бар. Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды. Талантына табынды, өзгеге ұқсамайтын  жауһар жырларын тұтына оқыды. Қадыр ақын да сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін, тектілігін, тазалығын ту еткен туындылар ұсынды. Халқымыздың ән ұранына айналып кеткен сүйікті әніміз Атамекенді бәріміз бірге айтып, осы кешті ашуды ұсынамын.

                              Ән « Атамекен»

                              Сөз: Қадыр Мырзалиев.

                               Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев.



жүргізуші: Туған елден бастапсың - ау жыр басын
Туған жырың сыр айтысар сырласың
Мен неліктен іркілемін жырламай
Асқар таудай алдында сіз тұрғасын

I - жүргізуші: Біздің халқымыздың Атамекені ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Туған жер дегенде қаны қызбайтын, жүрегі елжіремейтін адам баласы бола қоймас. Олай болса ақының туған жер ,тіл және тағы басқа тақырыптарда жазылған поэзиясына кезек береміз.
Оқушылар өлеңдерін оқиды.

Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың, сүйсінесің, тамсанасың, күй тартқандай боласың, халқымыздың бүкіл болмысы көз алдыңа келеді.

Қысқасы, басыңнан бақайшағыңа дейін ұлттық асыл қасиеттерімен құндылық тарымен қаруланасың.

Ендігі кезек, Бәйге сұрақтарында.

1

2
3
4

5

6

7

8

9

10

          Айналайын Қадырым!

          Елге қымбат қадірің

          Сенен басқа ақын жоқ.

          Елдің ойлар тағдырын!



Жайлауың болар жеріміз.

Төсегің болар төріміз

         Білгіңіз келсе қазақты

Қонағы болып көріңіз.

         Төгілген қан мен теріміз.

Туыстық бізде еріміз

Білгіңіз келсе қазақты

Тегіне тиіп көріңіз.

Келесі кезек, әндерде.

1.Ортаға бірінші орындаушыны шақырамыз.Ән. «Қазақ осы»Орындайтын:




жүргізуші: Тұрғанмен, ана, алшақта,
Ұмытпайды ұлың парызды,
Көңілім менің сен жақта
Компастың тілі тәрізді – ендігі кезекті ақынның «ана» тақырыбындағы поэзиясына береміз.
Ән: «Асыл әжем» Орындайтын:



Ән: Апам үшін...



Тамылжыған сыршыл әннен сан қилы,

Кең даламның жұпар иісі аңқиды.

         Қуат алам сырға толы әуеннен,

         Жан дүниеге шуақ төккен әуелден.

жүргізуші: Ән:Тамды аруы.

Осы кеште жайқалып «Бұлбұл бағы»

Әсем әуен құлақта сыңғырлады.

«Ой орманын» тынымыз кешкен ақын

Жырдың кенін тереңнен бұрғылады

Кең жайлауға тікті де ол «Ақ отауы»

Жарқын жүзбен қарсы алды дала таңын.

Мен де осындай «Даланың дидарына!

Ғашық көзбен қарауды жаратамын.

Ән: тамаша








II - жүргізуші: Адам деген ардақты атты қанаттыға қақтырмай, аяқтыға алдырмай әлдилеу – ақынның ғасыр алдындағы абыройлы ісі іспетті.
Тереңнен тыныстап, ғұмырнамалық мұратын танытады. Әсіресе адамның ар - ождан төңірегіне топтастыра білген толғаулары кім - кімді де еріксіз ойландырады. Ендігі кезекті ақынның философиялық ойларына берейік.
2 оқушы
II - жүргізуші: Қазақ әдебиетіндегі жыр саңлақтары жүрек тұсымыздағы өлең иесі туралы не дейді екен.
II - жүргізуші: Ақынның 1томдық драмалық шығармаларына енген «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан», «Жаралы жолбарыс», «Әмір Темір», «Төле би» либреттасы бар.
Ендігі тамашалайтындарыңыз «Төле би» либреттасы.

















































А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі




атты Қадыр оқулары

[pic]



















Өткізген: мемлекеттік тілде оқымайтын сыныптардағы

қазақ тілі мен әдебеиті пәнінің мұғалімі Есенаманова Г.Г