№ 16 орта мектеп
Қазақ тілінен онлайн-сабақ
Сабақтың тақырыбы:
"Ұлттық тағамдар"
Сынып: 6 "Б"
Өткізген: Дүйсембаева Г.Т.
Қостанай қаласы.
2012 жыл
Сабақтың тақырыбы : Ұлттық тағамдар
Сыныбы: 6Б сынып
Сабақтың мақсаты: Тағам атауларымен, оның ішінде қазақтың ұлттық тағамдарының атауларымен таныстырып, ұлттық дәстүр туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Жалпы тағам, ұлттық тағамдар туралы түсінік беріледі
.2. Жаңа сөздіктермен танысу арқылы оқушылардың сөз байлықтары молаяды,топта жұмыс істеу нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артады, бірін-бірі тыңдауға қалыптасады, берілген мәтіндерді оқу барысында мәнерлеп оқу қабілеттері артады, сұрақ- жауап арқылы еркін сөйлеуге дағдыланады. 3. Өзіңнің туып-өскен жеріндегі халықтың тарихын, салт-дәстүрін, тағамын білгенін сол халыққа деген құрметінің белгісі екенін түсіне отырып, құрметтеуге тәрбиелейді.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұхбаттасу, мәнерлеп оқу, сөйлесім, тыңдалым, жазылым әрекеттері, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте.
Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) амандасу, түгендеу.
ә) Кезекшілік сұхбат жүргізу
ІІ. Өткен тарауды қайталау, бекіту.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. «Ұлттық тағам » мәтінің оқушылардан сұрап шығу.
1.Қазақтың басты ұлттық тағамы не?
2.Жылқының етінен не дайындайды?
3.Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар?
ІІІ. Жаңа сабақ
Қазақтың дастарқаны
1.Сабақтың мақсатын айту, сол мақсатқа жетудегі орындалатын міндеттерге тоқталып өту.
2.Жаңа сөздермен жұмыс.
а) сөздердің мәнін түсіндіру, айтып дағдыландыру
ә) жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру
б) жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрау.
ІV. Мақалды оқып, мағынасын ашу.
Ат – адамның қанаты,
Ас - адамның қуаты.
Диалогты толықтырып, өзара сөйлесу.
- Сен тамақты күніне неше рет ішесің ?
- ………
- Бүгін таңертең сен не жедің, не іштің?
- ……………………
- Сенің сүйікті тамағың не ?
- ……………………
- Саған қазақтың ұлттық тағамдары ұнай ма ?
- ……………………….
- Қазақтың қандай ұлттық тамағын білесің ?
- ………………………….
- Қандай ұлттық сусындарды білесің ?
- ………………………
- Оларды ішесің бе ?
- ……………………
- Қазақтың қандай ұлттық тағамын жақсы көресің ?
- ……………………………….
- Ертең сен біздің үйге қонаққа кел. Анам ұлттық тағамдарды дәмді дайындайды.
- Рахмет. Әрине, барамын.
VІІ. Мәтінмен жұмыс.
Мәнерлеп оқу
Мәтінді орыс тіліне аудару
Сұрақтарға жауап беру
Мәтіннің мазмұнын айту
Мақал-мәделдерді сұрап шығу.
Сергіту сәтін жүргізу:
Ендеше қазір біз «Бақытты сәт» ойынын жүргіземіз .
I-тур «Бой сергіту»
Команданың әр мүшесіне карточка беріліп, дайындыққа 1минут уақыт бөлінеді. 1минут уақыттан кейін әрқайсысы жауап береді.
Ойшылдар командасы
1.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? (Шұжық, бесбармақ,қазы,қарта т.т)
2. Шұжық ненің етінен жасалады? (қой,сиыр,түйе,жылқы етінен)
3. Сенің сүйікті тамағың не?(...)
4. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?(ет)
5.Қымыз ненің сүті?(биенің сүті)
6. Сүт тағамдарын ата?(шұбат, айран, қымыз)
Білгіштер командасы
1. Айран ненің сүтінен жасалады?(сиыр сүтінен)
2. Қазы, қарта, жая ненің еті?(жылқы еті)
3. Бесбармаққа ненің етін салады?(жылқы, сиыр, қой, түйе етін)
4. Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар?(жылқының еті қатпайды, майы тоңазымайды)
5. Құрт неден жасалады? (сүттен)
6. Сенің сүйікті тағамың не?(...)
II-тур. Сұрақтар
1. Мына сөйлемді аудар:
Из мясо конины готовят казы, карта, жал. (Жылқының етінен қазы, қарта, жал дайындайды)
2. Баяндауыш қандай сұраққа жауап береді?(баяндауыш кім?не? деген сұраққа жауап береді)
3.Мына сөйлемді аудар:
Творог, курт, масло молочные блюда.(Сүт тағамдары -рімшік, сүт, құрт, май.)
4. Мақал-мәтелдің аудармасын дұрыс айт:
Когда в семье лад, все вкусно подряд. (Тату үйдің тамағы тәтті)
5. Мақал-мәтелді аяқта:
Ат-адамның қанаты,
(Ас- адамның қуаты)
6. Сөйлем мүшелерін ата:
(Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)
ІV- тур. Ұлттық тағамдар туралы өлең айту.
НАН
Наннан тағам аспайды
Нан бәрін де бастайды
Басса да адам Құранды
Нанды, бірақ баспайды.
Нан қарағым киелі,
Нанды халық сүйеді,-
Қастерлеген адамға,
Шапағаты тиеді...
Айран
Сүт көбейсе, ақ әжем
Айран ұйытып қояды.
Бір кесесін сімірсең,
Шөл қанып, қарын тояды.
Шығарда ішсең сапарға,
Менсеңе тез жетесің
Айран ішсең жатарда,
Тез ұйқыға кетесің.
Грамматикалық тапсырмаларды орындау.
Тестпен жұмыс
Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімдерін бағалау.
Үй тапсырмасы: «Ұлттық тағамдар» туралы шығарма жазып келу.