Ашық сабақ Халық даналығы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп: Б.Тоқтықожаұлы атындағы орта мектеп. Мерзiм: 5.03.16

Тақырып: Халық даналығы Құндылық: дұрыс әрекет, ақиқат. Қасиеттер: сүйіспеншілік, ақылдылық, білімділік, сыйластық. Мұғалiм: Л.Балапанова. Cыныбы: 2.

Сабақтың мақсаты: Балалардың «даналық» ұғымы мен «бірлік» ұғымының құндылығы, адами қасиеттері туралы түсінігін кеңейту.


Міндеті:

-Оқушыларға халық даналығының маңыздылығы туралы түсінік беру:

- Оқушыларды халық даналығының мәнін түсініп, оны қадірлеп, бағалай білуге баулу;

- Сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу.



Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

дәптер,оқулық, Данышпан атаның жіберген хаты, электронды оқулық.

Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жұмыс құралдарын түгендеу: оқулық, оқушы дәптері, қаламсап т.б.

5 «Т-ның» сақталуын еске түсіру;

тәртіп, талап, тазалық, татулық, тыныштық.


2.Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүл түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңыздың, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымызға тек жақсылық, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесі шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен сүйіспеншілік құралына айналды. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашыңыз.

Рахмет.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

«Маржан мен жауқазын» мәтінін оқу.

Маржан жауқазынға қандай жақсылық жасады?

Тас пен Маржанның іс-әрекеттерінен қандай айырмашылық байқадыңдар?


Сабақ барысын талқылау:



4.Дәйексөз.

«Ақыл шыңы-даналық» Халық даналығы. Өте ақылды, данышпан адамды дана деп айтамыз. Дана адам сабырлы, ұстамды болады. Ашуды сабырмен, төзіммен ақылмен жеңеді. Оқушыға дәйексөзді жазып алуға кеңес беріледі.


5.Әңгiмелеу (сұхбат).

«Өсиет әңгіме»

Халық даналығы дегенді қалай түсінесіңдер?

Қандай адамды дана адам деп айтады?

Егер сендер дана адаммен кездессеңдер,не жөнінде сұрап білер едіңдер?

Хан баласы «халық даналығын» қалай табады?

Халық даналығына нелер жатады?

Жаңа ақпарат: Халық даналығы өлең, жыр, мақал-мәтел, жұмбақ , ертегілер арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады. Оларда халқымыздың ежелгі ерлігі мен еңбегі, ақылы мен арманы ,тұрмысы мен салты бейнеленген.

Назар аударайық!

1) мақал-мәтелдер;

2) шешендік сөздер;

3) аңыз әңгімелер;

4) нақыл сөздер;

«Тарту» А.Байтұрсынұлы өлеңін оқимыз.




6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Мен мақалдап сөйлеймін.

Оқушы екі топқа бөлінеді.

1. Ақыш аға жастайынан еңбекпен күнін көрген адам. Мектеп жасынан әкесінің жанынан қалмай ,егін даласында өскен ағайды жұрт мақтан тұтады.

Алынатын жауаптар. «Еңбек ер атандырды», «Еңбек бәрін жеңбек», «Еңбек етсең емерсің», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Еңбектің наны тәтті».

2. Ботаның алдына қойған мақсаты тек жақсы оқу болған сияқты. Бар уақытын мектеп пен кітапханада өткізетін . Ботаның достары «кішкентай оқымысты» деп атайтын.

Алынатын жауаптар : «Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы», «Білімсіз күнің жоқ», «Білімді мыңды жығады», «Білім инемен құдық қазғандай».


Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Жұмбақтардың шешуін тауып, суреттерін салыңдар.

2-тапсырма. Даналық сөздерді оқып, суреттерде берілген тақырыптарға сәйкес топтастырыңдар.




7.Топпен ән айту


«Жақсы көрем» әнін шырқау.




8.Үй тапсырмасы.


Мақал-мәтелдер, жұмбақтар жазу.




9.Соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерді ойымызға түйіп, жүрегімізге сақтайық.