Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Абжанова Мансия Сабикеновна
6 «А» сыныбы.
Оқушылар саны-11
Еңбекшілдер ауданы
Макин орта мектебі
4-апта
29.04.2016ж
4-сабақ. 12.15-13.00 биология кабинеті
Сабақтың атауы
Тақырыбы: Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары». Зигфрид Ахметұлы.
Сілтеме
Әдебиет. Авторлары:К.Ісләмжанұлы, Б.Әрінова, Р.Баттал, Е.Арын
Алматы «Атамұра»-2015ж, ғаламтор материалдары
Сабақтың жалпы мақсаты
1. «Бір атаның балалары» атты үзіндіні талдай отырып, оқушылардың соғыс жайында пікірлерін білу.
2. Повесттегі Зигфридтің бейнесін ашу.
3. Соғыс кезіндегі жетім балалар мен қазіргі кездегі жетім балалардың тағдырын ажырата білу.
Міндеттері
1.Повесть туралы ой қорытып, үзіндінің мазмұнын талқылайды, көркем тіліне назар аударады.
2. Соғыс пен бейбітшіліктің айырмашылығын айта біледі.
3.Топтық жұмыс кезінде бір-бірімен пікірлеседі,алған білімдерін бекітеді.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері
Жеке,жұптық,топтық жұмыс, АКТ, сұрақ-жауап, қорыту,талдау,бекіту.
Сабақтың көрнекілігі
интерактивті тақта, стикерлер, маркерлер, флипчарттар, смайликтер, тапсырмалар, сигналдық карточкалар
Күтілетін
нәтиже
1. Әңгіме мазмұнын түсіндіре алады.
2. Ахмет,Зигфрид,Дәуренбекке мінездеме береді.
3. Бір-біріне сұрақтар қойып, қайта бағыттай алады.
4. Ой қорытып, пікірлерін айтады.
5. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.
6. Жұппен жұмыс істей алады.
7. Барлық тапсырмаларды талдайды.
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.(Қолдарымен қимыл көрсетеді.
Қуан, шаттан, қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын.
Ал енді балалар, сендердің көңіл-күйлеріңді көтеру үшін бір-бірімізге жылулық сыйлайық. (алақан-алақанға, иық-иыққа,арқа-арқаға, ақ-аяққа, құлақ-құлаққа, мұрын-мұрынға). Көңіл-күйлерің көтерілді ме?
Топқа бөлу. (әліпби арқылы тұрғызып, бір-екіге саналып бөлінеді).
Амина, Әли, Бексұлтан, Жасмин, Жетен, Нұрбек, Сабина
1-топ Амина-Бексұлтан-Жетен. 2-топ Әли-Жасмин-Нұрбек-Сабина.
Әр топ оқушылары топ басшысын сайлайды. Топ басшысы берілген бағалау парағына өз топ мүшелерін бағалап отырады. (3 мин)
1.Оқушылардан үй тапсырмасын сұраймын: А) Амина М.Мағауин туралы қысқаша баяндамасын оқиды.
Б) Алдарындағы парақшалардағы сұрақтарға жұппен жауап береді.
1. М.Мағауин кім?
2. Оның еңбек жолы қашан басталды?
3. Басқарма ауылға кімдерді әкелді?
4. Балалардың аты кім?
5. Оларды халыққа кім таныстырды?
1. Аминаның сұрағына жауап айтады.
2. Берілген өздері дайындаған сұрақтарға жауап береді. Біреуі сұрақты оқиды, біреуі жауабын айтады.
1. М.Мағауин қайда туды?
2. Осы повестті қай жылы жазды?
3. Автор қазір қайда тұрады?
4. Ахмет кімді асырауға алды?
5. Әйелдер неге жылай бастады?
Жаңа сабақ (27 мин)
Сабақтың барысы:
2. Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Интербелсенді тақта арқылы қысқаша екі бейнефильм көрсетемін.Соның аясында сұрақтар қоямын.
Миға шабуыл. 1. Бірінші және екінші бейнефилмдер не жайында? 2.Бейнефильмдерді не үшін көрсеттім деп ойлайсыңдар?
3. Үзіндідегі жетім неміс баласы кім еді?(5 мин)
1.Топтық жұмыс.
Зигфрид Ахметұлы тарауы бойынша мәтіндер беремін. (10 мин)
Сұрақтарға жауап тыңдаймын.
2. Жұптық жұмыс. (3 мин)
Өмірге көзқарасы
Зигфрид
Ахмет
Дәуренбек
Сергіту сәтін өткіземін. (1 мин)
3. Жеке жұмыстар. (4 мин)
1-оқушы. Зигфридтің Ахметке алғыс арнауы
2-оқушы. Зигфридтің Дәуренбекке түсінбеушілік хаты
3-оқушы. Зигфридтің соғысқа қарсылық жолдауы
4.Ой қозғау. Сонымен балалар, бұл повесть неге 1-топ. «Бір атаның балалары» деп аталған?
2-топ. Зекен әке үмітін ақтай ала ма? (3 мин)
5. Жұптық және жеке жұмыстар.
Синквейн және тірек сөздер жазу.
Осы бейнефильмдерде не көрсетілгені туралы оқушылардың ойларын тыңдаймын. Соғыс және жетімдер туралы бейнефильмдер арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын ашады.
Оқушылар мәтінмен танысып,әр топтан 1 адамнан шығып мазмұндап береді.
Қорапта берілген сұрақтарды таңдап жауап береді.
Жұптасып берілген кестені толтырады.
1-жұп Ахмет, 2-жұп Зигфрид, 3-жұп Дәуренбек
АКТ бойынша сергіту сәтін орындайды.
Жасмин -Зигфридтің Ахметке алғыс арнауы. Әмина - Зигфридтің Дәуренбекке түсінбеушілік хаты. Сабина - Зигфридтің соғысқа қарсылық жолдауы.Ұлдар берілген сөздердің мағынасын дұрыс тауып жазады.
Екі топ постер толтыру арқылы берілген сұраққа жауаптарын жазып, бір оқушы талдап береді.
1-топ соғыс сөзіне байланысты тірек сөздер, сөйлемдер және синквейн жазады, 2-топ бейбітшілік сөзіне байланысты тірек сөздер, сөйлемдер, синквейн құрайды.
Бекіту.
3. Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Дұрыс-бұрыс ойыны. ( 3 мин)
Зекенді Ахмет шал асырап алғаннан кейін қазақы дәстүрді бойына сіңірді. Дұрыс/бұрыс. Зекен соғыс аяқталған соң Германияға кетті. Дұрыс/бұрыс. Дәуренбек Ахметпен шынайы дос боп кетті. Дұрыс/ бұрыс.Зекен Р әрпін айта алмады. Дұрыс/ бұрыс. Зигфридтің туған әкесі қызыл әскерде командир болды. Дұрыс/бұрыс.Ахаң төменгі ауылға көшіп кетті. Дұрыс/бұрыс.
Берілген сұрақтардың дұрыс бұрыс-тығын айтады.(Зигфрид) Зекенді суреттейді.
Қорыту.
4. Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Рефлексия. Екі жұлдыз, бір тілек. (3 мин)
Сабақта нені түсінді, нені түсінбегенін жазады. Тілек айтады.
Бағалау.
5. Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Топ басшысының бағалау парағындағы бағалауын қорытып, өз бағамды қоямын. (3 мин)
Топ басшысының бағалауын тыңдайды.
Үй тапсырмасы
6. Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1. «Жетімдер болмасын» немесе «Бейбіт өмірді қалаймын» тақырыптарының біріне шағын эссе жазу.
Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
Түсінбеген сұрақтарын қояды.