_________________________________________________________________________________
Сабақтың тақырыбы: Білім ордалары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: көне замандағы медреселер, білім ордалары туралы оқушылардың білімдерін толықтыру; сөйлем
мүшелерден өткенді қайталау;
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту, ауызекі сөйлеу
мәнерін дағдыландыру, сөздік қорын молайту;
Тәрбиелік: оқушыларды ЖОО – на қызығушылықтарын арттыру. Адалдық, әдептілік, мейірімділік сезімдерін
ояту. Тілге деген құрмет, мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ – жауап, көрнекілік қолдану.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба, суреттер, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Сөйлем мүшелерді қайталау;
3 – тапсырма 128 бет. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.
Сабақтың мақсатын – міндеттерімен таныстыру.
Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс. 1 – тапсырма 128 бет. Мәтінді мәнерлеп оқып, түсінгендеріңді айтып беріңдер.
Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар құрастырыңдар.
Сергіту сәті:
Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазыңдар.
Сабақты қорытындылау:
Тақтамен жұмыс. 2 – тапсырма 128 бет. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемдерді ретімен орналастырыңдар.
Сабақты бекіту:
Шәкірттер медреседе неше жыл білім алған?
Бұхара медреселерінде кімдердің шығармаларын оқытылған?
Күрделі сөздер дегеніміз не?
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Үй тапсырмасы беру:
«Білім ордасы» мәтінін мазмұндау;
Ереже қайталау;
Бағалау.