Сабақтың лексикалық тақырыбы: Кіруге бола ма?.
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Үндестік заңына сәйкес қосымшалар мен жалғаулар
Сабақтың мақсаты: 1. Сөздің айтылу, оқылу ерекшеліктерін меңгерту.Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс оқылуы, өзгеріске ұшырауы жайлы мағлұмат беру 2. Сөз мағынасын терең түсінуге, дұрыс қолдана білуге үйрету, сауатты жаза білуге баулу.Тілге деген қызығушылығын арттыру, сауатты, көркем жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бекітуге арналған тест жұмысы
Грамматикалық тақырып
Сингармонизм – гректің Syn «бірге» және harmoni – «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Сингармонизм заңдылықтары
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады. Мысалы: ба-ла-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ы-мыз.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады. Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-і-міз.
Буын үндестiгi
жуан буын +жуан буынба+лақа+ғаз
қа+лам
2.Егер түбiрдiң соңғы буыны жуан болса, қосымша да жуан болады.(Если последний слог корня (основы) твердый (с твердыми гласными), то прибавляются твердый суффикс и твердое окончание(с твердыми гласными)
жуан буын+жуан қосымша(твердый слог+твердый суффикс и окончание)қағаз+ды
бала+лар
қалам+дар
3.Егер сөздiң алдыңғы буыны жiңiшке болса, келесi буыны да жiңiшке болады.(Если первый слог слова мягкий, то и следующие слоги бывают мягкими)
жiңiшке буын+жiңiшке буын(мягкий слог+мягкий слог)те+ре+зе
ең+бек
4.Егер түбiрдiң соңғы буыны жiңiшке жiңiшке дыбысқа (жiңiшке дауыстыға) бiтсе, қосымша да жiңiшке болып келедi.
Жiңiшке буын+жiңiшке қосымша(мягкий слог+мягкий суффикс)терезе+ге
еңбек+тiң
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
көмектес септік жалғауы: -мен, -бен, -пен
–нікі, (-дікі, -тікі), -тай,-тал, -дар, -еке, -тар
бей, би, -кер, -гер, -қор, -паз, -қой,
-кеш, -хана, -кес
4. –ов, -ова, -ев, -ева, -ин, -ина
№ 1 тапсырма буын үндестігіне бағынбай тұрған қосымшаны көрсетіп, сөйлем құрастыр.
Жас –бала екен
Жаңа –мектеп болған
Жақсы –емхана қаланікі деді
Киген –киімі шығар
Көрінген – жарық сияқты
2-тапсырма
№ 1 тапсырма. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті әріптерді немесе сөздерді қойып жазыңыз.
1)-Сәлеметсі ... бе, Анар Қасымқызы. С..зді көргеніме өте қуаныштымын.
2) -Сәлеметсі.. бе! Кіруге бола ма?
- ..., сәл кідіре тұры...ыз!
3) Сәлеметсі.. бе, дәрігер! Кіруге рұқсат па?
- ..., кіріңіз.
4) Айнаш, құрбым көргеніме өте қуаныштым... . Мынау менің әріптесім. Танысып қойы..ыз
№ 3 тапсырма.Мақал- мәтелдердегі үндестік заңына бағынып тұрған қосымшаларды тауып, мағынасын түсіндіріңіз.
Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер.
Жақсы келін - қызыңдай,
Жақсы күйеу - ұлыңдай.
Қызым, саған айтам,
Келінім, сен тыңда.
Айтушы ақылды болса,
Тыңдаушы дана болады.
Өзіңді- өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
№ 3 тапсырма тыңдаңыз, жазыңыз
Қарлығашқа, Ғалияны, Айғанымға,Нұржаннан, Ұлжанға, Жұлдыздың, Сырымнан,Ырыстыдан, Айданнан, Таңатқа, Аңсарға, Шыңғыстан
№ 4 қосымшаларға тиісті дауысты дыбысты қойып жазыңыз
Балал..р, оқушыл..р, дост..р, мерекел..р,Әселд..р, Зейнепт..р, Ержанд..р, министрл..р, әкімд..р, студентт..р, қызметкерл..р, оқытушыл..р, мұғалімд..р
№5 Сөздерге үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды қосып жазыңыз
Қала, студент, мұғалім, оқытушы, оқушы, қызметкер, әріптес
№5 Жұптық жұмыс. Рөлдерге бөлініп амандасыңдар. Кіруге рұқсат сұраңыздар.
Оқытушы, ректор, студент, президент, қызметкер, министр, оқушы