Тақырыбы: Кел, қайталайық! | Мектебі: |
Күні, айы: | Мұғалімнің аты-жөні: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: |
1-сынып | Сабаққа қатысқан оқушылар саны: | Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру. 1.3.2.1. мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою. 1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/жіктік/септік жалғауларын ауызша тілде қолдану. |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: 3-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады. |
Оқушылардың басым бөлігі: 3-бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.
|
Кейбір оқушылар: 3-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады. |
3-бөлім: МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ 6-САБАҚ
Сабақтың барысы
(МК,Ұ) Бұл сабақта оқушылар 3-бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтың толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен, жеке – жеке қайталайды. Берілген суреттер бойынша диалогты толықтырып айтады. Мұның бір тиімді жағы: оқушылар дайын үлгіні қайталауға жаттықпайды, өз жауаптарын дайын үлгімен салыстыруға мүмкіндік алады. Жауапты өздері табу арқылы өз білімдерін көрсете алады, өздеріне деген сенімі арта түседі.
(Т) Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, әр топқа 4 суреттен беруге болады. Диалогты дұрыс толықтырып айтқан топ жеңіске жетеді.
(МК,Ұ) Мұғалім оқушыларға осы суретте берілген сұрақтарды қояды, оқушылар оларға өз қалауы бойынша жауап бере алады.
(Ж) Оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен жұмыс істейді.
(Қ) Осы бөлімнің сөңында оқушылардың:
- отбасы мүшелерін атй алу (ата, әже,әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас/сіңлі);
- өзінің ата-әжесі, ата-анасы, аға-әпкесі, іні-қарындасы(сіңлісі) туралы айта алу;
-өзінің досы туралы айта алу;
-нешінші сыныпта оқитыны, не істейтіні туралы айта алу;
-өзінің атын, жасын, нешінші сыныпта оқитынын, не істейтінін айта алу дағдылары қалыптасуы қажет.
(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқулық
Аудиодиск:
3.6.1.
3.6.2.
3.6.3.
3.6.4.
№1 жұмыс дәптері
Сабақтың соңы (40-45 минут)
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
Қосымша ақпарат
Қорытындылау
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз
сабағыңыз бойынша сол жақ бағанда сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ
барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?
Неге?
Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1:
2: