Внекласный работа на тему Абай - кемеңгер!

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Абай - кемеңгер!» (тағылымды кеш)

«Абайды таныту арқылы біз

Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын

танытамыз. Абай біздің ұлттық ұранымыз

болуға тиіс».

Н.Ә.Назарбаев

Мақсаты:
- Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;
- «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой - қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;
- Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау


Сахналық көрініс «Ата мен немере»

Сақыш Бекзат 5 «А» сынып
Нұрышов Самат 10«А»сынып

[pic]

Медет : Армысыздар, қадірменді ұстаздар, әдебиет сүйер қауым,
білім нәріне құмар студенттер!
Айша : Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға А. Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абай - кемеңгер!» атты тағылымды кешке қош келдіңіздер!


Медет : Абай - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы.
Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі - бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.



Айша : Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді.

[pic]

Әдеми монтаж
Сансызбай Ділдана
Абишева София
Рақымжол Ерсұлтан
Егенбаева Аяулым
Карабаев Ануар
Досым Мадияр

Медет : Ақын шығармалары - оның қазақ әдебиеті тарихында ерекше орны бар классик ақын екендігін дәлелдейді.
М. Әуезов Абайды «Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп атауы да жайдан жай емес.

Айша : 80 - жылдардың орта кезінен бастап Абай ақындық жолға біржола бет бұрады. Бұл кездегі өлеңдері - толысқан ой - сананың жемісі. Абай – озық мәдениетті насихаттаумен қатар, әлеуметтік - азаматтық санасы өскен, халықтың үлкен қайраткері.


Абай Құнанбаевтың сөзіне жазылған ән: «Айттым сәлем Қаламқас »

Абдрахманов Али



Медет : Абай жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық тәжірбиесін танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үгіттейді.

Айша : Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерді, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда аса үлкен еңбек сіңірді.
«Көркем сөздің асылы - поэзия» деп жоғары бағалай отырып, ақын мен ақындықтың мұрат - мақсаты жайлы жаңа көзқарасын білдіреді.

Әдеб монтаж

Тұрбек Дастан
Қапыш Бекарыс
Шөптібаева Диана
Каржан Айда
Мұқтарқызы Рузана
Тұңғышбаева Арай

Медет : Абай - сазгер. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған 30 - дан астам әні бар, 3 күйі бар. Бүгінгі таңда нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар.

Айша: Табиғат лирикасы – Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі.
Ақын неғұрлым данышпан болса, соғұрлым табиғатпен терең араласып, оның құшағына тұтас қамтып алады. Табиғатты адаммен, ортамен барынша байланыстыра көрсетеді.

Ән Желсіз түнде жарық ай

Еркеназ
Әсия
Бейнегүл




Медет : Абай – данышпан, Абай – кемеңгер. Ол орыс әдебиеті классиктерінің, Европаның бірталай ақындары мен ғалымдарының, ежелгі заман даналарының туындыларымен танысады. Солар арқылы әдеби білімін, дүниетанымын кеңейте түседі.

Айша : Абай – әдебиеттегі шебер аударма жасаудың үлгісін көрсетті. 70 - 80 шақты аудармалары өзге тілден дәл, нақ аударылған.




Аудармасы - «Қарға мен түлкі» сынып Диана Мақпал Мұхамед

«Өгіз бен бақа» сынып Айзада Құралай Айша

«Есек пен бұлбұл» сынып Арайлым Меруерт Әлібек (көрініс) [pic]



[pic] Медет : Абайдың поэмалары: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».
Бұл поэмалары қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған. Шығыстық оқиғалар сарынында жазылған. Идеясы – ұстаздық, тәрбиелік ой - мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі көрсету.


«Ескендір» поэмасы (көрініс)
патша: Сағынтай Ағзап
Аристотель: Екпіндеев Ерсұлтан
Күзетші шал: Смаилов Әділет
Батыр: Абишев Черкес
Таразы: Сағындық Әлібек

Автор: Мендіханова Бота

[pic] [pic]

Айша : Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі – ол Абайдың қара сөздері.
Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл - өнеге, өсиет, ғибрат сөздер. Жалпы қара сөздер саны 46. Оның 46 - сы аяқталмаған. Абайдың қара сөздері өз кезі үшін де, бүгін де бағасы зор.


Абайдың 17 қара сөзі (көрініс)

10 Сынып

[pic]

Медет : Абайдың шығармашылығын аса жоғары бағалаған А. Байтұрсынов: «Абай – қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп жазды.

Айша :

Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы!

Медет : Құрметті, әдебиет сүйер қауым! Абайдың шығармашылығына арналған тағылымды кеш соңына жетті. Поэзия әлемінде келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!

«Көзімнің карасы» әні

[pic]