Мектеп: Потанин ЖОББМ Лебяжі ауданы
Мерзімі: 12.02.15ж
№ 21 - сабақ
Тақырып: Табиғаттан нәр алып
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: жақсы көру, аялау
Мұғалімі: С.К. Хамитова
Сынып: 8 Оқушы саны: 13
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «табиғат», «жер», «су», «ауа» , «топырақ» туралы ұғымдарын кеңейту.
Сабақтың міндеті:
Оқушыларға табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру;
оқушыларды табиғатты сақтап – қорғауға, аялап – баптауға ьаулу
сүйіспеншілікке, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Ресурстар:
Оқулық, үнтас па, қосымша ма- териалдар,компь ютер,
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті: Баяу музыка қойылады.
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар.
Көздеріңізді жұмыңыздар. Өзіңізге енді атып келе жатқан таңды елестетіңіз. Сіз тау жолымен келе жатырсыз. Таза ауа, сылдырлаған бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл демаласыз, сіз күшке толысыз. Күн шуағы сіздің теріңізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіріп, қуат беріп тұрғанын сезуге тырысыңыз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз, Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.
ІІ. Сыныпты топқа бөлу ( Жер,су сөздері жазылған парақтармен бөлу)
Тақырыпқа шығу. Видеоматериалды көруді ұсынамын. Қалай ойлайсыздар бүгінгі тақырыбымыз неге бағытталған? Мақсатымыз қандай болады?
ІII. Негізгі бөлім Топпен жұмыс
1 топ Г.Жандыбаевтың «Гүлдер» атты өлеңін оқиды талдайды.
2 топ А. Толыбаевтың «Ақ гүл» мәтінін оқиды. Топ ішінде талдайды. Бір бала баяндайды.
IҮ Флипчартпен жұмыс. Табиғаттан біз қандай нәр аламыз? Табиғат бізге не береді?
V. Жүректен жүрекке
Пікірді жалғастырып айту
1. «Табиғат – мен үшін қуаныш, өйткені...»
2. «Табиғат – мен үшін денсаулық, өйткені...»
Оқушыларға таратылған алма пішініндегі қағазға жер - анаға деген ризашылықтарын жазып, оқып, сыныпта тұрған ағашқа алма іледі. (Ән ойнап тұрады).
ҮІ. Шығармашылық жұмыс
Ө. Тұрманжановтың
«Туған жер топырағыңнан айналайын» өлеңіне пікірталас
Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін бейнелеу (сурет салу, әңгіме жазу, т. б.)
Ой шақыру.
Табиғат дегенде көз алдарыңа не елестейді? Көз алдарыңа елестеген заттың суретін салыңыздар немесе жазыңыздар.(Әр топтан суреттерін қорғайды, табиғат туралы ойларын оқиды).
Ой - пікір.
Табиғат туралы не білеміз?
“Табиғат” сөзіне ассоциация құру.
Табиғат → жер, ауа, су, күн, ай, топырақ, жануарлар әлемі, өсімдік,
ҮІI. Топпен ән айту
А.Қалаубаева. «Ертегілер» әні
ІХ. Үй тапсырмасы
А.Сейдімбек. мәтінді оқып, адам мен табиғат арасындағы жарасым туралы ой бөлісіңдер. Дәйексөзді жаттау, мағынасын ашу.
Х. Қорытынды
Адам табиғаттың бір бөлшегі. Жарқырап шыққан күн, таза ауа, мөлдір су, ну орман адамға қуат беріп, оның жан дүниесін мейірлендіре түседі.
Адам мен табиғат арасындағы байланыс тамыры тереңде жатыр. Адам өмірі табиғатқа тәуелді. Табиғатты қорғау - өз өміріңді қорғау дейтініміз де сондықтан.