Қазақ тілі 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Азық- түлік. Жалғаулықтар мен, бен, пен-и
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Азық- түлік» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын байыту. Жаңа тақырып туралы білім беру. Жаңа сөздерді меңгерту, осы сөздер арқылы сөз тіркестері мен сөйлем құруға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлесім дағдыларын арттыру. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық көзқарастарын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер, грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау,
білу.
3.Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау:
А) жазба жұмысының орындалуын тексеру, қадағалау;
Ә) мәтіннің мазмұнын сұрау 140-бет 5- тапсырма
IІI. Жаңа түсінікті қалыптастыру:
1..Кіріспе сөз
2. Жалғаулықтарға қатысты кестенісызып алу, оны түсіндіру.
Таблица употребления союзов мен, бен, пен (союз и)
Мысалы: Амина+мен, ұстаз+бен, Асқаров+пен
3. Сөздікпен танысу:
Керек. Қажет- нужно
Үш рет- три раза
Сүт тағамдары- молочные продукты
Ет тағамдары- мясные продукты
А) сөздерді дұрыс айту;
Ә) сөздікке жазып алу;
4.Оқылым-1- тапсырмадағы сөйлемдерді оқу
5. Сурет бойынша әңгіме құрау
6. Үлгіні пайдалана отырып, сөйлмдер құрап жазу. Үлгі: Маған сүт керек.
I V. Сергіту сәті. Әрі оқу, әрі ойын
Мальчик- бала
Город- қала
Пища- ас
Голова- бас
Камень – тас
Слезы- жас
Она- ол
Рука – қол
Дедушка- ата
Блогославение- бата т.б.
V. Жаңа сабақты бекіту: диалогті досыңмен оқу:
-Бұл не?
- Бұл –азық- түлік дүкені.
- Азық- түлік дүкені қандай?
- Азық – түлік дүкені үлкен.
-Дүкенде қандай азық- түлік бар?
- Дүкенде нан, сүт, ет, жемістер, көкөністер бар.
- Дүкен қай көшеде?
- Дүкен Абай көшесінде.
VІ. Сабақты қорыту: 4- тапсырмадағы сөйлемдерді оқу, аудару.
Адамға азық- түлік өте қажет. Адам күніне үш рет тамақтанады. Азық- түлікте адамға қажетті витаминдер бар. Азық- түлік әр түрлі. Олар- сүт тағамдары, ет тағамдары, жемістер, жидектер, көкөністер.
VI. Үй тапсырмасын беру: 143-бет 4-тапсырманың мазмұнын айту.
VII. Бағалау