ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫНА «ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР»
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Кусманова Батжамал Муслимовна
Балаға күштеп білім беруден гөрі баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат (К.Д. Ушинский). Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін, қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне көп жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушылардың білімге деген құштарлығы мен қызуғышылығына тікелей байланысты. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады. Оқудың белсенді әрекет әдістеріне:пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін-бірі тексеру жатады. Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді.Себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуға себептер жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді. Сонымен қазіргі заманға сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Есебімнің негізін тізбектелген сабақтар сериясына кіріктірілген диалогтік оқыту қалай және қандай мақсатпен енгізілгені жөніндегі ақпарат құрайды. Бірінші айдың «Бетпе-бет» курсының 3 аптаның 4 күні диалогтық оқыту туралы деректер алдым.
Жалпы диалогтік оқытудың ерекшелігі:
оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
• басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
• оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
• мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.
Оқушылардың ақпаратпен алмасуы кезінде диалогтік оқытудың маңызы өте зор екені баршамызға мәлім. Бұл диалогтік оқыту оқушылар арасында және мұғалім мен оқушылар арасында жүргізілген болатын.Диалогтік оқытудың маңызы осы сабақтарда анық байқалды, өйткені оқушылар диалогтік әңгімелесу кезінде өздерінің тақырыптарын түсіндірумен қатар, жаңа ақпараттарды алып, талқылауға түсті. Диалогтік оқыту үшін оқушылар ең алдымен өздерінің тобында жұптаса отырып, талқылады да, топта ортақ шешімге келшегіннен кейін, өз материалын оқып шыққан оқушылар келесі топқа барып, топтасып жаңа материалмен бөлісіп отырды. Оқушылардың материалды түсіну дәрежелерін анықтау үшін сұрақтар жоғары және төмен дәрежелі болды,топ бір-бірімен сұрақ қойып,оған жауап беріп отырды.Сөздердің байланысуын қалай анықтаймыз?Сөз тіркесі арқылы анықтаймыз.
Зерттеу тақырыбым: «Диалогтік оқытудың тиімділігі » болғандықтан
сабақтарда диалогтық оқытуды көздедім. Сөз тіркесі тақырыбында
қазақ тілі сабағында топтық әңгімені қолдана отырып, диалог
барысында ауызекі сөйлеу дағдылары арттыру,бір-бірімен қарым- қатынас
жасай отырып,ой-пікірлерін ортаға салып, өз шешімдерін шығару.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын
көрсетті.Мерсер мен Литлон(2007)- диалог сабақта оқушылардың
қызығушылығын арттырумен қатар,олардың білім деңгейінің өсуіне үлес
қосатындығын атап көрсетті.
Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса,оқушылардың оқуына
соншалықты әсер ететінін айтады.(Мұғалім Нұсқаулығы, 39-бет)
Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алды. Бірлесе жұмыс, пікір алмасу нәтижесінде Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар екенін сипаттаған Әңгіме- дебат,топтық әңгіме,зерттеушілік әңгіме
(Мұғалім нұсқаулығы, 40 бет).
Сабақта осы мақсатты көздедім: Оқушылардың топпен, жұппен жұмыс істеуінде қызығушылықтарын оятып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Өткен сабақты қайталау барысында Айдана Серікболға Сөйлем дегеніміз не?деген сұрақ қойды. Серікбол сөйлем тиянақты ойды білдіреді деп жауап берді.
Өміржанның сөйлемнің айтылу мақсатына қарай неше түрі бар? деген сұрағына Арлан сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы,сұраулы,бұйрықты,лепті түрі бар деп жауабын тәмәмдады.
Гүлзира мына хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр деп Дильназға сұрақ қойды.Кеше күн ашық болды.Дильназ ойланбастан Кеше күн ашық болды ма? Деп сұраулы сөйлемге айналдырды.Сабақ нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Сабақты ұйымдастыру кезеңінде балалардың көңіл – күйлерін көтеру, сабаққа деген қызығушылықты арттыру үшін, алдымен оқушылардын психологиялық ахуалын орнату мақсатында «шаттық шеңберін» өткіздім. «Шаттық шеңберіне» тұрып, бір-біріне бүгінгі сабаққа жылы сөздер айтқыздым. Міне, осындай мақсатқа негізделген тізбектелген сабақ топтамасына қалай және неге енгізілген туралы есеп жоспарлауды қазақ тілі пәні бойынша құрастырдым.
Бағдарламаға сай сабақ барысында «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді» қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым. Өз сабақтарыма осы модульді кіріктіру мақсатым: оқушыларға тек білім ғана бере қоймай, олардың зерттеушілік қабілетін, өз ойын жеткізе білу, ой жүгірту, өз ойымен бөлісе білу мен дәлелдей білу қабілеттерін дамыту. Ал, ол үшін диалогтік оқыту әдісін қолдануды тиімді көрдім, себебі, бұл әдістің тиімділігі, Александердің (2004) тұжырымдамасы бойынша «оқытудағы әңгімелесуді – қарым-қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүруінде және осының негізінде оқушының білім алу үдерісінің алға жылжиды» дейді.
Мектептегі тәжірибе кезеңде диалог әдіс-тәсілін қазақ тілі сабағында алатын орны ерекше екенін байқадым. Бір неше сабақ барысында оқушылардың әңгімелесуінің, пікірлесуінің көп маңызы барына көзім жетті. Топтық, жұптық жұмыс барысында осы модуль мәтін бойынша өз ойларын білдіруге мүмкіндік береді. Оқушыларға өзінің серіктесін түсінісуге, қарым – қатынас жасауға көмектеседі. Идеяларын ортаға салуға, сыни тұрғыдан ойлауға мүмкіндік алады. Жоғары деңгейлі сұрақтарға жауап беруде ізденіс жасайды, жалпы диалог оқушының сыни тұрғыдан ойлауына жетелейді. Осы жерде сыни тұрғыдан ойлау модулі мен диалогтык оқыту модулі ұштасып жатқанын айқын көруге болады. Тәжірибе барысында осы пікірімнің дұрыстығына көзім жетті. Өзім өткізген сабақтар барысында негізгі жұмысты диалог арқылы оқыту модуліне сүйеніп өткіздім. Мен өз тәжірибемде оқушыларды ауызекі сөйлеуге үйрету үшін оқушыларға әр түрлі деңгейдегі сұрақтарды қойдым. Мысалға сұрақтарды «Кім? Не?» демей, «Неге?, Не себептен бұлай ойлайсыздар?, Қалай?, Не үшін?». Бұндағы менің мақсатым әр оқушыға ой түрткі жасау. Жұмыстың нәтижеге бағытталуының өзі осында емес пе?! Мәтін бойынша талдау жұмыстарында жоғары деңгейлі сұрақтарға жауап берудегі ізденістер ойларын флипчартқа түсіріп, оны қорғау ассоциация құру арқылы тақырыпқа шығу салыстыру сияқты зерттеушілік жұмыстар осының дәлелі. Топ ішіне кіріп үндемей отырған балаларға, зерттеуге алған төменгі деңгейлі үш оқушым өзім жетелеме сұрақ арқылы әңгімеге тартуым оны сөйлеуге, біраз болса да өз ойын жеткізуге тырысатынын байқадым. Ал Аян жан -жағына алақ -жұлақ етіп, көршілерінен көмек күтіп тұрды. Осы кезде баланың ынтасы мен деңгейін байқауға да әсерін тигізеді. Не себептен Аян қиналды? Бұл оқушының сөздік қорының аздығынан болғаны ма, әлде басқа да себептер әсер етті ме? Әрине, бұл мені ойландырды. Бұл менің алдымда тұрған үлкен мәселе. Бұны мен осылай қалдырмауым керек. Ендеше алдағы жұмыста осы проблеманы шешу жолын іздеу- менің еншімде.
Топ ішінде ортақ проблеманы шешуде идея тастауы, өз пікірін дәлелдеуі, талқылауы оқушылардын ортақ ойға келудегі диалогтік оқытудын манызы зор. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап, айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Балалар өз топтарын артта қалдырмау мақсатында жұмыла жұмыс жасайды және әркім жаупкершілікті сезінеді. (Мұғaлiмгe aрнaлғaн нұcқaулық, 6 бeт)
Зерттеу тақырыбым: «Диалогтік оқытудың тиімділігі»
Мақсаты: 1. Оқушылардың диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дағдыландыру.
2. Диалог-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосу.
3. Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандыру.
4.Ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынға ақпаратты ойлауға,бағалауға,
талдауға және синтездеуге бағыттау.
Міндеті: Бағдарламадағы жеті модульді қолдану барысында мұғалімнің
бойындағы өзгерістерді енгізе отырып,оқушыларға терең де, сыни тұрғыдан ойлайтын сапалы білім қалыптастырып өзгерістерді тудыру. Теориядан алған білімді тәжірибе барысында қолдану. Жеті модульді сабақтара енгізуде оқушының бойында өзгерістерді тудыру, өз бойымда пайда болған өзгерістерді әріптестерімен бірге бөлісу.
Тiзбeктeлгeн caбaқтapдa жeтi мoдульдi ықпaлдacтыpудың нәтижeci oқушылapдың қaлaй oқу кepeктiгiн үйpeнiп, coның нәтижeciндe eркiн, өзiндiк дәлeл уәждepiн нaнымды жeткiзe бiлeтiн, ынтaлы, ceнiмдi, cыни пiкіp-көзapacтapы жүйeлi дaмығaн, caндық тeхнoлoгиялapдa құзыpлылық тaнытaтын oқушы peтiндe қaлыптacуын қaмтиды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Александердің (2004) тұжырымдамасы бойынша «оқытудағы әңгімелесуді – қарым-қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүруінде және осының негізінде оқушының білім алу үдерісінің алға жылжиды» дейді. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де ) келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) зерттеуіне әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар: әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме.
Зерттеу жұмысының нысаны
Мектептегі тәжірибе кезеңде диалог әдіс-тәсілін қазақ тілі сабағында алатын орны ерекше екенін байқадым. Бір неше сабақ барысында оқушылардың әңгімелесуінің, пікірлесуінің көп маңызы барына көзім жетті. Топтық, жұптық жұмыс барысында осы модуль мәтін бойынша өз ойларын білдіруге мүмкіндік береді. Оқушыларға өзінің серіктесін түсінісуге, қарым – қатынас жасауға көмектеседі. Идеяларын ортаға салуға, сыни тұрғыдан ойлауға мүмкіндік алады. Жоғары деңгейлі сұрақтарға жауап беруде ізденіс жасайды, жалпы диалог оқушының сыни тұрғыдан ойлауына жетелейді. Осы жерде сыни тұрғыдан ойлау модулі мен диалогтык оқыту модулі ұштасып жатқанын айқын көруге болады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
Мәтін бойынша талдау жұмыстарында жоғары деңгейлі сұрақтарға жауап берудегі ізденістер ойларын флипчартқа түсіріп, оны қорғау ассоциация құру арқылы тақырыпқа шығу салыстыру сияқты зерттеушілік жұмыстар осының дәлелі. Топ ішіне кіріп үндемей отырған балаларға, зерттеуге алған төменгі деңгейлі үш оқушым өзім жетелеме сұрақ арқылы әңгімеге тартуым оны сөйлеуге, өз ойын жеткізуге тырысқанын байқадым.
Топ ішінде ортақ проблеманы шешуде идея тастауы, өз пікірін дәлелдеуі, талқылауы оқушылардың ортақ ойға келудегі диалогтік оқытудын манызы зор. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап, айтты; болжамдар ұсынып, талқыланды. Балалар өз топтарын артта қалдырмау мақсатында жұмыла жұмыс жасады және әркім жаупкершілікті сезінді.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері
Сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер көшбасшы, бағалау,топтастыру,
Диалогтық, жұптық, топтық оқыту, миға шабуыл, басбармақ,бағдаршам әдісі,Insert, шығу парағы
Жeтi мoдульдi caбaғынa ықпaлдacтырылған мұғaлiм бacқa идeяғa бeт бұpa қoймaйтынынa ceнугe бoлaды. Бұрын дәстүрлі сабақта оқушылар екі-екіден бөлініп отыратын,ал қазіргі заман талабына сай топтарда өз еркін жеткізе алатын,басқалармен қарым-қатынасқа түсіп, оларды тыңдай біліп, ортақ шешімге келетін,сыни көзқараспен қарайтын сындарлы оқушыларды қалыптастыру.
Сыни тұрғыдaн oйлaу Бaғдaрлaмaның өн бoйындa екі мaғынaдa қaрaстырылaды: оқушылaрдың сыни тұрғыдaн oйлaуын дaмыту жәнe мұғaлiмдeрдiң cыни тұpғыдaн oйлaуын дaмыту. Оқушылapғa қaтысты сыни тұрғыдaн ойлaу aқпaрaт пeн идeялapды синтeздeу қaбілетi, aқпaрaт пeн идeяның шынaйлылығы мен сaлыстырмaлы түрдe мaңыздылығы турaлы oйлaнa бiлу қaбілеті, өзiнiң қaтысты тaңдaу жaсaу жәнe бacқалaрдың идеялaрынa күмәнмeн қapaу қaбiлeтi peтiндe түciндiрiлeдi. Мұғaлiмдepдiң сыни тұрғыдaн ойлaуы өзінің тәжірибесін, жaңa тәсілдерді қолдaну және бaғaлaу әрекеттерін сыни тұрғыдан бaғaлaуды қaмтиды.
( Мұғaлімге aрнaлғaн нұсқaулық, 13-бет).
Бағдарламаның жеті модульдері
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Оқытуды басқару және көшбасшылық
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады.Жаңа әдістер ретінде «диалог арқылы оқыту»мен «Қалай оқу керектігін үйрену»
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады:оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.Сыни тұрғыдан ойлау-ақпаратты ойлауға,бағалауға,
Талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.
3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау- одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақөсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.Кембридж университеті бағалауды екіге бөлді.
Жиынтық,формативтік.
формативтік
Жиынтық
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану
АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп,мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады.
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту
Ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады,олар төменде көрсетілген.
Есте сақтау және білім
Өз білімін жетілдіру
Ойлау қабілетінің жылдамдығы
Мәселені шешу
Икемділік
Күрделілікке деген сүйіспеншілік
Шоғырлану
Ерте символдық белсенділік
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана 9 (тұлғаның өзін-өзі тануы)деңгейі,әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі. Сергіту сәттері.
7.Оқытуды басқару және көшбасшылық
Мұғалім-дамыту жұмысының көшбасшысы.Оқыту сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады.
Бaғдapлaмa аясындағы сыни тұрғыдaн ойлaуды дaмыту мoдульi мeнiң caбaғымдa тиiмдi бoлды. Ceбeбi өтiлгeн caбaқтap бойынша oқушылapдың жaзғaн, aйтқaн сөздepiндe өздеріне, өзгeгe,топ ішінде aзaмaттық жaуaпкepшiлiк үні айқын ceзiлiп, oқушылapдың бoйындa ұйымдастырушылық , көшбacшылық қaбiлeттepi қaлыптaca бacтaды. Aлғaшқыдa дaйын бiлiмдi aлуғa тырысaтын бaлaлap eндi жaңaлық aшуғa, өз қoлымeн өнiм жaсaуғa, топпен сыни тұрғыда ойлап, ұмтылыc бaйқaтты. Адaмның дүниeдeн үн – сыр aулaуғa икемділігі мен шеберлігі aртaды. Көзі көркемдікті танитын болса, көңілі әсерлі болады, құлaғы үн aулaғыш өз ойын дұрыс айта біледі. Менің тәжірибем Лебяжі ауданы Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде өтілді.Бағдарлама мазмұнына келетін болсам, аталған Бағдарламаның негізгі міндеті - Казақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.
(Мұғалімге арналған нұсқаулық 12 бет).
Жеті модульді тәжірибеде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді және негізгі идеяларын іске асыруға 4 сыныпты таңдадым. Тізбектелген сабақтар топтамасының үшінші сабағымның өткізілген талдауым.
Сабақты ұйымдастыру кезеңінде балалардың көңіл – күйлерін көтеру, сабаққа деген қызығушылықты арттыру үшін, алдымен оқушылардың психологиялық ахуалын орнату мақсатында «шаттық шеңберін» өткіздім. «Шаттық шеңберіне» тұрып, бір-біріне осы сабаққа жылы сөздер айтқыздым.
Міне, осындай мақсатқа негізделген тізбектелген сабақ топтамасына қалай және неге енгізілген туралы есеп жоспарлауды қазақ тілі пәні бойынша құрастырдым.
Мотивациялық кезеңінде интербелсенді тақтамен сөзжұмбақ шеше отырып, сол сөзжұмбақ арқылы тақырыпқа шықтым. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға үйренді. Мен үшін тиімділігі оқушылар өз ойларын дәлелдей алып,сөйлеу мәнерінің дамуы,оқушылармен қарым-қатынас жасауы. Алдымен жұпта, топта жұмыс жасауды ұйымдастыру үшін,сабақ барысында топ ережелерін қолдану мақсатында оқушылар топта бірлесіп, сурет кескіндерін пайдаланып, топ ережелерін шығарды. Мақсаты: топ ережелерін шығару арқылы өздігінен сыни тұрғыда ойланып,өз пікірлерін ортаға салу. Сол топ ережесіне сүйеніп сабақта тәртіп ережелерін сақтауды үйренді. Ережені сабақ барысында ұстана отырып ,сабаққа деген қызығушылығы мен құлшыныстары арта отырып,жұмыс жасады.
Нәтижесінде уақытты тиімді пайдалану, жауапкершілік таныту,әр топ мүшелерін мұқият тыңдау,топтар арасында сыйластық болу,өз ойымен бөлісу,пікір алмасу, ортақ шешімге келу,ұйымшыл болу,кедергілерді жеңе білу,тапсырмаларды ізденіспен шығармашылықпен орындау.
[pic]
Cабақта тиiмдi тапcырмалар арқылы жeтi модульдi кiргiзуде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.
1.Оқыту мeн оқудағы жаңа тәciлдeр
2.Cыни тұрғыдан ойлау
3.Оқыту үшiн бағалау жәнe оқуды бағалау
4.Оқыту мeн оқуда ақпараттық- коммуникациялық тeхнологияларды пайдалану
5.Талантты жәнe дарынды балаларды оқыту
6.Оқушылардың жаc eрeкшeлiктeрiнe cәйкec оқыту жәнe оқу
7.Оқытуды баcқару жәнe көшбаcшылық
Icкe тартылған пeдагогикалық тeтiктeрдiң iшiндe мыналарды атап кeтугe болады:
Оқыту нeгiзiн түciну, оқыту cтильдeрiн назарға алу жәнe өмiр бойы өзiн- өзi оқытудың қажeттiлiгiн мойындау жәнe оның әдicтeрiн таңдау;
Жүйeлi ойлануға үйрeту;
Шығармалық таланттарын жәнe оларды барынша жақcы пайдалану жолдарын зeрттeу жәнe анықтау;
Оқу үдeрici үшiн жәнe өзiн -өзi тану әдici рeтiндe оқуды жақcы көру; Cыни тұрғыдан ойлaу. «Ойлау туралы ойлaну» дeп cипатталған. Cын тұрғысынан ойлау- бақылаудың, тәжiрибeнiң, ойлау мeн талқылаудың нәтижeciндe алынған ақпаратты ойлауға, бағaлауға жәнe cинтeздeугe бағытталған пәндiк шeшiм. Ол болашақта әрeкeт жаcауға нeгiз бола алады. Cыни тұрғыдан ойлау көбiнece қарcы пiкiр айтуға, баламалы шeшiмдeрдi қaбылдауға, ойлау жәнe ic- әрeкeтiмiзгe жаңа нeмece түрлeндiрiлгeн тәciлдeрдi eнгiзугe дайын болуға, ұйымдаcтырылған қоғамдық әрeкeттeргe жәнe баcқaларды cыни ойлауға баулуды бiлдiрeдi.
(Мұғалiмгe арналған нұcқаулық , 49- бeт.)
Өткен тақырыпты қайталау барысында оқушылардың білімдерін ортаға салып,
талқыладық. Ішіне,сыртына тапcырмасын алуымның мақсаты:оқушылардың сөз тіркестері мен бірыңғай мүшелерге байланысты кecтe толтыру кезінде cұрақтарға нақты дұрыс жауап беріп жазуы, Сөз тіркестері мен бірыңғай мүшелерді айыра алуы,шапшаңдылықтарын дамыту. Оcы тапcырманы орындатарда бақылауға алынған cабақ үлгeрiмi орташа Сұнғат,Серік пен үлгeрiмi төмeн Ернар да тақтаға шығып,дұрыс кестені толтырды,оcы кeздe байқағаным, Ернар үлгeрiмi төмeн болcа да кестеге толтыруы дұрыс,қызығушылық танытты. Үлгерімі орташа Сұңғат пен Серік болса сөз тіркестері мен бірыңғай мүшелерді жарыса отырып айырды. Оқушылар осы кестені толтыру арқылы Бірыңғай есімді сөз тіркестері мен фразеологиялық тіркестерді айыра алу, Бірыңғай есімді сөз тіркестерімен фразеологиялық тіркестерді айыруға,сөйлемдерді дұрыс құрастыруға үйренді. Мен үшін сын тұрғысынан ойлаудың тиімділігі сын тұрғыдан ойлау, талдау сыныптағы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артуы іске асты. Ой қозғау
тақырыпқа шығу кезеңінде түртпе сұрақтар арқылы сабақ тақырыбына шықтым. Үшінші сабақ. Тақырыбы: «Бірыңғай мүшелер» Мотивациялық кезеңде сабақтың тақырыбын мысал келтіру ,түртпе сұрақтар арқылы оқушылар өздері ашты.Күнделікті өмірде кездесіп,пайдаланып жүрген нақты заттардың төңірегінде әңгіме жүргізу.Мысалы бір оқушы партасының үстіне оқу құралдарын жайып қояды.Оқушының дәптерін,кітабын,қаламын, қарындашын көрсетіп,бұл заттардың бәрі Айымдікі екені аңғартылады.
Оқушылар әртүрлі жауап айтты.Айдананың жауабы олар барлығы Айымдікі, Мерхаттың жауабы мына заттар оқу құралдары, Рамазанның жауабы Айымда кітап,дәптер,қалам,қарындаш бар.Серіктің жауабы бұл сөйлемнің ішінде 4 сөз бірдей олар барлығы бір сұраққа жауап береді.Осы кезде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын аңғардым. Дұрыс. Не? Сұрағына жауап беріп,бастауыш болып тұр.Бұлардың сұрағы бірдей болғандықтан олардың сыртқы тұлғалары да,бірдей болып келеді.Олар бірыңғай мүшелер. Оқушылар сабақ тақырыбында Бірыңғай мүшелер бір сұраққа жауап беретін сөздердің орнын ауыстырып, қолдана беретінін аңғартылғанын үйренді.
Оқушыларды cыни тұрғыдан ойлау мақcатында кeлeci тапcырмалар бeрiлдi.
Талдау кезеңінде Cыни тұрғыдан ойлау cтратeгияларынын бірі.Сұрақ қою,қайтадан сұрақ қою .«Сұратқан хан ақымақ па,сұраған сен ақымақ па?»деген мәтінді оқып,мазмұнын түсіне отырып оқушылар сұрақ шығарды. Сабақ үлгeрiмi орташа Сұнғат оқушым мәтін бойынша мынадай сұрақ қойды Хан неге Жиреншеге қиын тапсырмалар берді деп ойлайсың? Үлгерімі орташа Серік те осы сұраққа ойланып жауап берді.Жиреншенің ақылдығына, шешендігіне қызыққан хан Жиреншені сынамақ болды. Үлгeрiмi төмeн Ернар да Хан өзінің жеңілдегенін мойындады ма? Үлгерімі жақсы Мерхат оқушымның сұрағы Өзің өз кемшіліктеріңді мойындай аласың ба? Өз жұптарымен сұрақ алмасты. Топпен сұрақ алмасты,содан кейін үлгерімі жоғары Өміржан деген оқушым жоғары деңгейде топпен сұрақ алмасуда топқа өз ойынан туындаған ойды айтты. Ханның осы мінезіне қарап,ханға мінездеме берейікші деді.
Үлгерімі төмен оқушы мәтінді талдай келе сыни тұрғыдан ойланып,сұрақтар қойып оған жауап беруге үйренді.Үлгерімі жақсы оқушылар жоғары деңгейде сұрақ қойып оны топ ішінде талқыға салды. Жоғарғы деңгейдегі оқушы тақырып бойынша сыни тұрғыдан ойланып,өз ойын айтты.Мен үшін тиімділігі осы іс әрекеттер арқылы оқушылардың бойында сабаққа деген қызығушылық артып,басқа да ой туындады.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуда Сергіту сәтінде «Қара жорға биін интербелсенді тақтада бейнеролик көру арқылы жасады.
Оқушылардың ақпаратпен алмасуы кезінде диалогтік оқытудың маңызы өте зор екені баршамызға мәлім. Бұл диалогтік оқыту оқушылар арасында және мұғалім мен оқушылар арасында жүргізілген болатын.Диалогтік оқытудың маңызы осы сабақтарда анық байқалды, өйткені оқушылар диалогтік әңгімелесу кезінде өздерінің тақырыптарын түсіндірумен қатар, жаңа ақпараттарды алып, талқылауға түсті. Диалогтік оқыту үшін оқушылар ең алдымен өздерінің тобында жұптаса отырып, талқылады да, топта ортақ шешімге келшегіннен кейін, өз материалын оқып шыққан оқушылар келесі топқа барып, топтасып жаңа материалмен бөлісіп отырды. Оқушылардың материалды түсіну дәрежелерін анықтау үшін сұрақтар жоғары және төмен дәрежелі болды,топ бір-бірімен сұрақ қойып,оған жауап беріп отырды.Сөздердің байланысуын қалай анықтаймыз?Сөз тіркесі арқылы анықтаймыз.
Зерттеу тақырыбым:«Диалогтік оқытудың тиімділігі» болғандықтан
сабақтарда диалогтық оқытуды көздедім.Сөз тіркесі тақырыбында қазақ
тілі сабағында топтық әңгімені қолдана отырып, диалог барысында ауызекі
сөйлеу дағдылары арттыру,бір-бірімен қарым- қатынас жасай отырып,ой-
пікірлерін ортаға салып, өз шешімдерін шығару.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын
көрсетті.Мерсер мен Литлон(2007)- диалог сабақта оқушылардың
қызығушылығын арттырумен қатар,олардың білім деңгейінің өсуіне үлес
қосатындығын атап көрсетті. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты
қолданылса,оқушылардың оқуына соншалықт әсер ететінін айтады.
(Мұғалім Нұсқаулығы, 39-бет)
Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алды. Бірлесе жұмыс, пікір алмасу нәтижесінде Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар екенін сипаттаған Әңгіме- дебат,топтық әңгіме,зерттеушілік әңгіме (Мұғалім нұсқаулығы, 40 бет).
Диалог құру нәтижесінде оқушылар өздігінен білім алады. Себебі балалар жауап берген кезде бір-бірімен жарыса отырып сұраққа жауап берді.
1.Бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылған?
2.Бірыңғай мүшелер қандай сұраққа жауап береді?
Сабақта осы мақсатты көздедім: Оқушылардың топпен, жұппен жұмыс істеуінде қызығушылықтарын оятып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Өткен сабақты қайталау барысында Айдана Серікболға Сөйлем дегеніміз не?деген сұрақ қойды. Серікбол сөйлем тиянақты ойды білдіреді деп жауап берді.
Өміржанның сөйлемнің айтылу мақсатына қарай неше түрі бар?
деген сұрағына Арлан сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы,сұраулы,бұйрықты,лепті түрі бар деп жауабын тәмәмдады.Гүлзира мына хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр деп Дильназға сұрақ қойды.Кеше күн ашық болды.Дильназ ойланбастан Кеше күн ашық болды ма? Деп сұраулы сөйлемге айналдырды.Сабақ нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Сабақты ұйымдастыру кезеңінде балалардың көңіл – күйлерін көтеру, сабаққа деген қызығушылықты арттыру үшін, алдымен оқушылардын психологиялық ахуалын орнату мақсатында «шаттық шеңберін» өткіздім. «Шаттық шеңберіне» тұрып, бір-біріне бүгінгі сабаққа жылы сөздер айтқыздым. Міне, осындай мақсатқа негізделген тізбектелген сабақ топтамасына қалай және неге енгізілген туралы есеп жоспарлауды қазақ тілі пәні бойынша құрастырдым.
[pic]
Мотивациялық кезеңінде интербелсенді тақтамен суреттер көрсетіп,сол суреттерді байланыстыру арқылы оқушылар тақырыпқа шықты.Суреттер арқылы сабақ тақырыбын ашуда оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға қалыптаса бастады. Мен үшін тиімділігі оқушылар өз ойларын дәлелдей алып,сөйлеу мәнерінің дамуы,оқушылармен қарым-қатынас жасауы. Алдымен жұпта, топта жұмыс жасауды ұйымдастыру үшін , сабақ барысында топ ережелерін қолдану мақсатында оқушылар топта бірлесіп, сурет кескіндерін пайдаланып, топ ережелерін шығарды. Сол топ ережесіне сүйеніп сабақта тәртіп ережелерін сақтады, сол ережені сабақ барысында ұстана отырып сабаққа деген қызығушылығы құлшыныстары арта отырып,жұмыс жасады. Топтағы ынтымақтастық достықта, бірлікте материалдың терең түсінуіне, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына бірігіп жұмыс жасағанда ғана басқа оқушылар үлгерімі жоғары деңгейдегі оқушыдан көріп, біліп,қызығушылығы артты. Оқушылардың мүмкіндіктерін ашуға бірнеше түртпе сұрақтар сабақ тақырыбын ашуға мүмкіндік берді.
Бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:
1.Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді.
2.Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі.
3. Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмек.
4. Мұғалімдерге оқушылардың оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі (мұғалім нұсқаулығы, 39 бет).
Оқушылардың топпен жұмыс жасау кезінде диалогтік оқытудың маңызы өте зор деп санаймын, себебі оқушылар, сұрақтар қою мен оларға жауап беру нәтижесінде ой толғайды, пікірлерін білдіреді, шешімге келеді.Топ арасында әңгіме-дебат барысында ой-пікірлерде үлкен алшақтық болды және әрқайсысы өз шешімдерінде қалды.Мысалы тауда түрлі гүлдер,шырынды жемістер,дәрілік өсімдіктер көп өседі деген сөйлемде Рамазан бірыңғай мүшелер жеке сөзден жасалады деді, Дильназ болса ережеге сүйене отырып бірыңғай мүшелер жеке сөзден де,сөз тіркесінен де жасала береді деп өз шешімін айтты.
Сабағымдағы топтық әңгіме барысында байқалған өзгерістер: балалар пікірлерін ортаға салып, талқылады. Әңгімеміз білім алмасу мақсатымен жүргізіліп, оқушылар мен мұғалім арасында қарым - қатынас болды.
Оқушылар «Қамқорлық» мәтінін талқылағанда, өз идеяларымен бөлісті, Айдана адамдарға қамқорлық жасағанда кәрі адамдарға көмектесуіміз керек деді. Өздерінің сұрақтарын құрастырды, бір-біріне кеңес берді, өз алдына мақсат қойды, алынған нәтижелерін қадағалауды үйренді.Оқушылар мәтінді оқып жұмыс жасағанда негізгі ойды анықтап, мазмұнын бір-біріне түсіндіруде қызығушылық туды.
[pic]
Жұптық жұмыста оқушылар қызығушылықпен көбі белсенділік танытты. Дильназ осындай сұрақ қойды бірыңғай есімді сөз тіркестерімен фразеологиялық тіркестерді қалай айырамыз? Нұрмұхамбет пен Мерхат,балалардың жауаптарын сөз тіркесінен жасалған бірыңғай мүшелерді постерге асқар белдер, толқын көлдер,қырдың гүлі,күннің нұры деп постерге жазды.
[pic]
Дара жұмыс мәтінді оқып негізгі,түсінген жерлерін белгілегеннен кейін жұппен жұмыс жасағанда бір-біріне күрделі деңгейде келесідей сұрақ қойды мына фразеологиялық сөз тіркестердің мағынасын аш «тепсе темір үзу», «Су жүрек» «көл көсір»мәтіндегі түсінбеген жерлерін бір-біріне түсіндірді.Оқушылар бір-біріне өз ойларын, пікірлерін айтып, дәлелдей алуға қалыптаса бастады. Мен үшін диалогтік оқытудың тиімділігі сыныптағы оқушылардың қарым-қатынас жасауы маңызды рөл атқаратынын көрсетті.
Insert әдісін қолдана отырып, мәтінмен жұмыс жасады,жұмыс жасау барысында «P» - таныс ақпарат,«+» - жаңа ақпарат,«?» - сұрағым бар,«-» - келіспеймін деген белгілермен белгіледі. Тақырыптар: «Атымтай Жомарт», «Шүлен» деген тақырыптарды топта талқылап ,топ ішінде өзара әрекеттесіп, өз ойларын толықтай жеткізе алып, бір-біріне түсіндіре алады деген мақсатта алынды. Анар топ ішінде тақырыпты өзге оқушыларға өте жақсы түсіндірді. Топтық әңгіме барысында байқалған жағдайлар: оқушылар өз пікірлерін айтып, бір- бірімен келісті, «Шүлен» тақырыбының мазмұнын түсіне отырып, ортақ бір шешім шығарды. Оқушылар әңгімені білім алмасу мақсатында жүргізді, өзгелер ұсынған идеяларды төзімділікпен тыңдады.
Оқушылардың бір-бірімен диалогқа түсіп,ойларын толықтыру, жаңа ақпаратты сыни тұрғыдан бір-бірін үйрете отырып,үйрену мақсатында алынды. Нәтижесінде мәтіндегі негізгі идеяны анықтап, ішінде кездескен жаңа сөздердің мағынасын ашу, «Шүлен» деген жомарт адамдардың жағдайлары төмен отбасына қол ұшын беріп көмегі екенін бір-біріне түсіндіру.
[pic]
Оны мен балалардың жауап бергендерінен байқадым. Үлгерімі төмен оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысып отырғанда бір-біріне жоғары деңгейде сұрақ қоюға ынталанды. Жоғары деңгейдегі оқушы сұрақтарға сыни тұрғыда сыни көзқараспен қарап ойлау қабілеттері, байланыстырып сөйлеуге дағдыланды. Мен үшін сабақтың тиімділігі «Диалогті оқыту» модулін сабақта қолданғанда пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асты, сабаққа қызығушылығы артты, өз пікірлерін ортаға салып,талдады,бір-бірімен қарым- қатынаста болып ,сөйлеу мәнері артты.Сұхбаттасу арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениеті , сөйлеу мәнері дамыды.
[pic]
Топ арасындағы қатысушылар «Үлгі» тобы мен «Бейбарыс» тобы бір-біріне сұрақ қойды. Бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады? Мақсаты:Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін төмен дәрежелі,жоғары дәрежелі сұрақтарға өз ой пікірін білдіру. Бақылауға алынған үлгерімі нашар оқушым Рамазанның жауабы: Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады деп бірден жауап берді.Рамазан тапсырма орындау барысында өзінің білімінің толықтырғанын көрсете алды. Бірыңғай мүшелер қай сөз табынан болуы мүмкін деген жауапқа? Үлгерімі төмен оқушым Елдардың жауабы Бірыңғай мүшелер зат есімнен, сын есімнен болады деп іркілместей жауап берді. Осы жерде Елдардың да сөйлеу мәнері артып, сабаққа деген қызығушылығы артты.
Ұяң, баяу Сұнғат деген оқушым бірыңғай мүшелерге мысал келтірді. Киоскіде газет,журнал,конверт сатылады деді.Сұнғаттың сабаққа деген қызығушылығын осы жерден көруге болады.
Төменгі дәрежелі сұрақтарға бірден жауап беруге тырысты, ал жоғарғы дәрежелі сұрақтарға белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, талдауға үлесін қосты. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқытуды енгізу нәтижесінде менің оқушыларымда қандай өзгерістер байқалды?
Нәтижесінде Нұрмұхамбет өз тобының жасаған постерін қорғады. Ол жұмысты өте жақсы орындап, көшбасшылық қабілетін танытып,сөйлеген мәнері де, мәнді де ұтымды болып көзге бірден танылды.
[pic]
Қойылған сұрақтар оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрену іске асты.Топ ішінде талқылау жасағанда олар өзара пікірлесті,өз ойларын ортаға салды,ортақ шешімге келді.Келесі тапсырмада оқушылар «Бірыңғай мүшелер» тақырыбына байланысты бес жолды өлең жазды. Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту,ой өрісін кеңейту,өлеңде бірыңғай мүшелерді қолдану.Өлең барысында оқушылар өлеңді ұйқастырып жазуға үйренді, сөздік қорларын молайтты,өлең жолдарынан бірыңғай мүшелерді табуға үйренді. Сабақтың тиімділігі диалог барысында оқушылардың сөздік қоры молайды, өз ойларын толық жеткізді.
Мақсаты:Заман талабына сайоқушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақтарда өздігінен қолдану,құрылғылардың аттарын білу. Мақсатқа жету үшін оқушылар келесідей әрекеттер жасады: ертегіні наушниктер арқылы жартылай тыңдап, әрі қарай сол ертегіні өз ойларымен аяқтау керек болды. Осы тапсырмаларды орындау барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды, сол арқылы құрылғылардың аттарын есте сақтауды,оның қолдану жолдарын есте сақтады. Нәтижесінде өз ойымен ертегіні аяқтауды,сол ертегінін ішінен бірыңғай мүшелерді табуға үйренді.
Мен үшін тиімділігі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану, іске асу арқылы,құрылғыларын қызығушылықпен қолдану арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты.
[pic]
Сондай-ақ баланың дамуы,оқуы және ынтасы туралы түсінік,сонымен қатар өзін-өзі бағалау,қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер,2001).
Бағалау критерийлеріне сүйене отырып, өзін, тобын бағалады. Мақсаты: одан әрі оқып,дұрыс шешімді қабылдау,қандай мақсатқа жеткенін,оқытудың нәтижелерін жүйелі қолдану. Топта алғашқы сабақта бағалағанда бағаны көтерді,келесі сабақта оқушыларды мұқият тыңдай отырып,қырларын бақылап,дұрыс бағалауды «басбармақ», «бағдаршам» арқылы бағалауға үйренді. Бағалау нәтижесінде бағалауды дәлелдеп, бір-бірін әділ бағалауды үйренді.
Мен үшін тиімділігі бағалауда нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқудаСергіту сәтінде«Қара жорға» биін интербелсенді тақтада бейнеролик көру арқылы жасады.
Мақсаты: Адамдардың лайықты іс-қимылын,әрекетін ынталандыру.Оқушылар осы сергіту сәті арқылы өздерін көпшілік орындарда,топтарда, іс-қимылдарын әрекеттендіруге үйренді. Менің ойымша топта бірігіп ынтымақтастыққа, бір нәрсені барлығы бірдей орындауға үйренді. Мен үшін тиімділігі көпшілік алдында өздерін дұрыс,жақсы ұстау.
Сондықтан келесі сабақты сұрақ-жауап әдісінен бастадым. Крестиктер нөлдіктер болып бөлінді. Мысалы сұраққа крестиктер дұрыс жауап берсе,интербелсенді тақтадағы ұяшыққа крестик белгісін қояды.Сабақта дұрыс,толық жауап беруге ынталанды.
Мен үшін тиімділігі білім деңгейінін дамуы табысты болу. Осы сабақтарымда оқушыларды сабаққа деген көзқарас жағымды қалыптасқаны байқалды. Сабақтың ұтымды жақтары: бағдарламаның жеті модульдің тиімді қолданылуы,оқушылардың бір-бірімен қарым қатынасқа түсуі, топтық жұмысқа бейімделуі. Әр сабақтан кейінгі сабақты ұйымдастырудың ұтымды жақтарына және кемшілік тұстарын көрсететін оны жақсарту үшін рефлексивті есеп жүргізудің пайдалы екендігіне көзім жетіп отыр. Менің есеп жүргізудегі басты мақсатым – сабақтың сәтті жақтарын дамыту, кемшілік болған тұстарын түзету еді. Сол арқылы келесі сабаққа дайындық жүргізілудің маңызы зор болды.Менің зерттеуге алған тақырыбым «Диалогтік оқытудың тиімділігі » болғандықтан сабақтағы басты идея – оны жүзеге асыру. Сабақтың осы сатысында бұл стратегияны пайдалану өте ұтымды болып шықты.
Өйткені оқушылар өз ойларын ашық білдірді, тақырып бойынша пікірлерімен бөлісуге ынталанды, бір-бірін тыңдап сұрақтар қойып, білімдерін толықтырып отырды.
Оқушылардың өздерінен осы стратегияны қолданғаннан кейін ойларымен бөлісуді сұрадым.Жалпы тізбектелген сабақтар топтамасының өткізілген төрт сабағымда диалогтік оқыту қолданылып отырдым, өйткені оқушылардың білім сапасының артуы үшін де,сөздік қорларының дамуы,қарым-қатынас жасауы да пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асты.Топтық әңгіме барысында өзімнің сабағымда байқалған жайлар:пікірлерді ортағасалып,пікірге келісу,өзгелер ұсынған идеяларды төзімділікпен тыңдау,әрбір оқушыөз идеясын қосты. Осы кезде диалогтік оқытудың маңызы арта түсті.Оқушылармен топтасып талқылауға уақыт бердім, содан кейін ортақ жауап берулерін сұрадым. Осы талқылау жұмысының нәтижесінде оқушыларда ынталары артты, жаңа тақырыпты өтуге қызығушылықтары пайда болды. Диалогтік оқыту зияткерлік дамуына әсер етті, мақсатқа жету үшін бірлесіп әрекет етуге итермеледі.
Оқушылар диалогтік әңгіме кезінде ақпаратпен бөлісті және талқылады. Оқушылар өздерінің жұптары мен топтарында материалды талқылады, өз пікірлерімен алмасты. Оқушылар үшін бұл жұмыс түрі нені берді? Біріншіден - оқушылар өзара диалогтік әңгіме жүргізуге үйренді, екіншіден -оқушылар өздерінде коммуникативті қабілеттерін дамытты, үшіншіден - бірі-бірін тыңдауға, өз пікірін алмасуды үйренді.
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту» модулін енгізу нәтижесінде менің оқушыларымда қандай өзгерістер байқалды?
Топпен отырғанда үлгерімі төмен оқушылар мен үлгерімі жоғары оқушылармен араласып отырып, үлгерімі төмен оқушылар үлгерімі жоғары оқушылардын пікір алмасуынан әңгімелесуінен ой түйіп өз білімін оқушылармен салыстырып алға қадам басуды үйренді. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін де жүйелі, өзіндік ой-пікірлерін нақты жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни көзқарастары жүйелі дамыған, құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасу. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім болғандықтан,қандай сабақ болмасын мұғалім сабаққа сындарлы сыни көзқараспен дайындалып,оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білетін құзырлы,жаңашыл мұғалім оқушының алдында тұруы тиіс.Жаңашыл мұғалім сабаққа сапалы да дұрыс дайындалып келіп,көрініс табуы керек.Алдына мақсат қойған мұғалім мен оқушы өзінің жұмысын биіктерден көріп,белсенділік пен табыстарға жетсе өз орынын тапса сонда ғана сабақтын мақсаты орындаларына кәміл сенемін.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету стратегиясын ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуді қолданғанды жөн көрдім. Осы тәсілді мен сабақтың уақытын үнемдеп, оқушылардың ой бөлісуін сабаққа сыни көзқараспен қарап арттыру үшін таңдадым. Бұлардың бәpi oлapдың тaбыcқa жиi жeтiп, өз күшiнe ceнуiнiң apқaсындa бoлып жaтқaн өзгepicтep.
Қорытындылай келе, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізу оқушыларға оң әсерін тигізді. Менің сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыта бастады. Оқушыларда оқу үрдісі мен сабаққа деген қызығушылықтары байқалып, ынталары артты. Жұпта, топта жұмыс істеу арқылы сыныпта ынтымақтастық, серіктестік орнатылды. Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізген кезде оқушыларда өзгерістер байқалды. Мәселен, Мерхат деген оқушыда көшбасшылық қасиеттер анықталды. Сұнғат сұрақтарға жауап берді, оқушылар сабақта сыни көзқараспен қарады. Оқушылар өз ойларын еркін, ашық білдіріп, ортаға салды,тақырыпты талқылау кезінде өз пікірлері мен көзқарастарын ашық білдіртті, сұрақтарды біртіндеп бірінен кейін бірі қойып, сол сұраққа жауап берді.
Қорытындылай келе, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізу оқушыларға оң әсерін тигізді. Менің оқушыларым болса диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыта бастады. Оқушыларда оқу үрдісі мен сабаққа деген қызығушылықтары байқалып, ынталары артты. Жұпта, топта жұмыс істеу арқылы сыныпта ынтымақтастық, серіктестік орнатылды. Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізген кезде оқушыларда өзгерістер байқалды. Мәселен, Асхат деген оқушыда көшбасшылық қасиеттер анықталды. Сұнғатолла сұрақтарға жауап берді, диалог жүргізуге қызығушылқпен талпыныс болды.Оқушылар жүрексінбей,қателіктер жіберуден қорықпай, өз ойларын ашық білдіріп, ортаға салды,тақырыпты талқылау кезінде өз пікірлері мен көзқарастарын ашық білдіртті, сұрақтарды біртіндеп бірінен кейін бірі қойып, сол сұраққа жауап берді.
Туындаған кедергілер:
-Топ ішінде келіспеушіліктер туындады;
- Жаңа әдістерді қолдану барысында.
Шешу жолдары:
- Тақырыпқа негізделген сұрақтар арқылы топтық әңгімеге түсу;
- Түрткі болу сұрақтарын қолдану арқылы;
- Жаңа әдістер арқылы белсенділіктері артты;
- Оқушылар өздіктерінен оқи отырып, топ ішінде пікірлерді тыңдау арқылы өз – өздерін реттей алуы.
Тиімділігі:
- Оқушыларды сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
- Білімге құштарлықтарын кеңейтеді;
- Сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
Келесі қадам :
Бағдарламаның жеті модулін сабақтар үдерісінде үнемі қолдану және
ықпалдастыру. Өз білімімді жетілдіру жұмысымен әрқашан айналысу.
Нәтижесінде:
- Сабақты уақытымен аяқтады,сынып ұйымшыл, бірін-бірі сыйлауға үйренді. Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдірді,өз идеяларын дәлелдей алды, Оқушылар күрделі сұрақтарға жауап беруге ынталанды. Жауаптарының деңгейі артып, жауаптар ұзақтығы мен жиілігі артты.
Мұғалімнің өзгерістері:
Сыныпта ашық және жауапкершілік қауымдастық атмосфераны құруды үйрендім;
Оқу үдерісінде өздіктерінен білім алатын және сыни тұрғыдан ойлауға ықпал ететін оқытудың модульдері мен тиімді әдістемелер жүйесін қолдануды;
Өз әрекетім мен оқушылардың іс – әрекетіне талдау жасауға үйрендім;
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауды (формативтік, жиынтық)
Өз іс – әркетіне өздігінен талдау жасай алатын құзырлы мұғалім болдым.
Оқушылардың өзгерістері:
Жетістікке жетудің мақсаттары мен критерийлерін құра біледі;
Пәнге деген қызығушылықтары артты;
Сұрақ қоюдың түрлерін біледі;
Топ ішінде материалды талқылай алады, қорытынды шығарып шешім қабылдай біледі;
Бір – бірлеріне бетпе – бет отырып түсіндіре біледі;
Өз – өздерін және сыныптастарын бағалай алады;
Өз іс – әрекеттеріне талдау жасауды үйренді;
Табысқа жетуге ұмтылады;
Өз іс – әркетеріне баға бере алады;
Басқа топпен жұмыс жасай алады;
Кері байланысты орнауға үйренді;
19