«Бекітемін»
«Алтын дән» балабақшасы
МҚКК меңгерушісі
___________Дидик С.Г.
Дөңгелек үстел тақырыбы: «Жанұядағы әкенің рөлі»
Өткізген тәрбиешілер: Алдажар Н.Қ
Әбдікенова Б.Т.
2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы: « Жанұядағы әкенің рөлі»
Мақсаты: Жанұядағы әке мен ер азаматтың рөлінің мәнін ұғындыру,әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-пікірлермен бөлісу.
Өткізу формасы: Дөңгелек үстел
Әдісі:Ой қозғау,пікірталас
Барысы.
Кіріспе бөлім:
1.Әке-шаңырақтың негізгі тірегі» (Әке туралы сөз,әкенің рөлі қандай?)
2.Ашық пікір тыңдау.
3.Сергіту сәті.
4.Отбасындағы әкенің рөлін сипаттап көрсету.
5.Ситуациялық жағдаяттарды шешу.
6.Тренинг: «Қызықты сұрақтар».
7.Сауалнама.
8.Қорытынды
1.Кіріспе бөлім.
Тәрбиеші:»Ана-сая болар бағың болса,
«Әке-асқар тауың» дейді қазақта,
Бір күн бар жылатар күн,жұбатар күн,
Бір күн бар мұңайтар күн,қуантар күн
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын,сәтсіз болсын,
«Әке» деген сөзді қмытар кім?-дей отырып,сіздерге арналған «Жанұядағы әкенің рөлі»атты дөңгелек үстелімізді бастаймыз.
«Жақсыдан жаман туады,бір аяқ асқа алғысыз,
Жаманнан жақсы туады,адам айтса нанғысыз-дейдіхалқымыз.Бүгінгі дөңгелек үстелімізде әке туралы ой қозғалады.Әр шаңырақта әкенің рөлі ерекше.Әке-отбасының асыраушысы,отбасы мүшелерінің тірегі,қамқоршысы.Әкенің мінез-құлқы,өзгелермен қарым-қатынасы,өнері мен білімі-баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын,оған қарап өсетін нысанасы.Баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.
2.Ашық пікір тыңдау.
3.Сергіту сәті.(қимыл-қозғалыс арқылы жауап беру).
«Иә» десеңіздер,қолдарыңызды шапалақтаңыздар.
«жоқ»десеңіздер,аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
Газет бетіндегі мақалалардан,теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап,қарап жүресізбе?
Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей ықпал етеме?
Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
Егер «әке» десеңіздер,қолды алға созамыз.
Егер «ана» десеңіздер,жымиыңыз.
Егер «екеуіде десеңіздер,қолдарыңызды шапалақтаңыз.
4.Отбасындағы әкенің рөлін суреттеп көрсету.
5.Ситуациялық жағдаяттарды шешу.
1-жағдаят.
Әкешім,мен бүгін балабақшаға бармай-ақ қояйыншы,өйткені мен кеше апайымды тыңдамай,ойыншықтарды сындырып қойдым.Сіз бұндай жағдайда балаңызға қалай жол көрсетіп,ақыл айтар едіңіз?
2.Балаңыз балабақшадан келісімен,ренжулі,көңіл-күйі жоқ қалпында отыра кетті.Себебі ол өзінің досы Асхатпен ойыншыққа таласып,екеуінің арасында кикілжің туындады.Балаңыз болса Асхатпен енді сөйлеспеймін,ешқашан онымен дос болмаймын деп жылады.Сіз бұл жағдайға қалай қарайсыз?Қандай әрекетке көшесіз?
6.Трентнг:»Қызықты сұрақтар.»
- Балаңыздың туған күні?
-Тәрбиешінің толық аты-жөні?
- Балаңыз қандай өлшемді аяқ киіс киеді?
-Балаңыздың сүйікті асы қандай?
-Балаңыздың тобының аты?
-Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
-Балаңыздың балабақшасы қалай аталады?
-Балаңызды балабақшаға қалай әкелесіз?»жаяу немесе машинамен)
-Балаңызды еркелетіп,қандай сөз айтасыз?
-Балаңыз тектек болып,ашуланғанда ең бірінші аузынызға қандай сөз түсед
Отырған әкелерге парақшалар тарату.
-Өзі қандай әке?
-Баласы қандай?
7.Сауалнама.
8.Қорытынды.
Тәрбиеші: Құрметті,ата-аналар!Әкелер қауымы!сіздерге дөңгелек үстелімізге белсене қатысып,өз ой-пікірлеріңізбен бөлісіп,уақыт бөліп келгендеріңіз үшін алғыс айтамыз!