Бүгін менің туған күнім

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Бүгін менің туған күнім...»

( Әдеби шығармашылық кеш )

Мақсаты: Мұқағали ағамыздың өмірбаянымен таныстыру;ақынның өлеңдерін еске алып,әндерін нақышына келтіре орындап,оқушыларды поэзияға,өнерге сүйіспеншілігін арттыру және өлеңдері арқылы өз елін құрметтеуге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Мұқағали портреті,ақынның нақыл сөздері.

1-жүргізуші:

Қуат алып Абайдың тіл-күшімен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден.

2-жүргізуші:

Өлмеу үшін құлқыңды жемдеу үшін,

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.


1-жүргізуші: (Өмірбаянымен таныстыру)

Мұқағалидың азан шақырып қойған толық аты – Мұқаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»-деп әрі еркелетіп,қысқартып Мұқағали деп атап кеткен. М.Мақатаев 1931 жылы 13 наурызда Алматы облысы,Нарынқол,қазіргі Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында туған.Ол кезде әкесі Сүлеймен 1930 жылы ұйымдасқан Энгельс атындағы колхоздың алғашқы төреғасы еді.1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда,яғни,Мұқағали 10 жасқа келген кезде әкесі майданға аттанып,Калининград майданында болған сұрапыл шайқаста 29 жасында ерлікпен қаза тапты.Үй ішінің барлық ауыртпашылығы баланың тұңғышы Мұқағалидың йығына түсті.Сөйтіп,балалық,оқушылық кезі қой бағып,егін орып,кетпен шабумен өтеді.Сол кездерде өлең жаза бастайды.Мұқағали ағамыздың досы Нұрғиса Тілендиев атамыз болған.

1-Жүргізуші:Оқушылар Мұқағали ағамыздың жырлап өткен үш бақытын білесіңдер ме?

2-жүргізуші: Әр адамның өзХалқы,Тілі Отаны емес пе?

1-жүргізуші :Дұрыс айтасың.Олай болса,ақын ағамыздың «Үш бақытым» өлеңін тыңдап көрейік.

«Үш бақытым» өлеңі оқылады.

2-жүргізуші:Жамбыл атамыз айтқан екен:

Әй,аруағыңнан айналайын,райымбек,

Келгенім жоқ қасиетіңді сынайын деп.

Бас ием,тағзым етем бір өзіңе,

Тірлікте сыйынатын құдайым деп.

«Райымбек,Райымбек» поэмасынан үзінді оқылады.

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар!Келесі кезекте М.Мақатаев ағамыздың өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтарға жақсы жауап берерсіздер деп ойлаймыз.

Викториналық сұрақтар:

  1. «Өмір -өзен»кітабы қай жылы,қай айда шыққан?

  2. «Райымбек,Райымбек» поэмасы қай жылы,қай айда шыққан?

  3. Мұқағали қай жылы,қай айда қайтыс болды?

  4. Мұқағали «Поэзия гуманизмі »деп жырлаған қай ақын?

  5. «Жырлайды жүрек»кітабы қай жылы шыққан?

  6. Мұқағалидың композитор досы кім?

  7. Мұқағалидың ақын досы кім?

1-жүргізуші:

Жөн-жосық бізге де осы керек –ақ деп,

Бармадың бір жиынға делегат боп.

Алмадың бір сыйлықты,

Сен дегенде,

Боп кетті сол құрғырдың әлегі-ақ көп,-

деп ақын ағамыз армандаған да,өкінген де. Міне,соларманы орындалып, «Ғасыр ақыны» атағын иеленсе,70 жылдық мерейтойына орай «Аманат» жинағы үшін лауреат атағы берілді.

2-жүргізуші: «Бақытым бар үшінші –Отан деген» Мұқағали аға тағдыры қандай қиын сындарды көрсе де,өз Отанынан түңіліп көрген емес.сол себепті үшінші бақытым Отаным дейді.Олай болса, «Отан туралы» өлеңін тыңдап көрелік.

«Отан туралы» өлеңі оқылады.

1-жүргізуші: Мұқағалиды ақын еткен де,мәртебесін биіктеткен,ақындық ғарышқа самғатқан да –қазақтың қара өлеңі.Ақын осы қара өлеңді бағалайды,бас иеді,тағзым жасайды.

2-жүргізуші:Иә,байырғы бабалар дархан даламыздың қас жауына қарсы аттанғанда жазылған қара өлең,соғыста қанмен жазылған қара өлең,ақ жүректі аналар дүниеге сәби алып келгенде ақ сүтімен жазылған қара өлең ақынды барынша баурап алған-ды.

1-жүргізуші:

Кезекті ақынның «Қара өлеңіне» береміз.

«Қара өлең» оқылады.

2-жүргізуші: Оқушылар,негізі Мұқағали ағамыз,тілі,халқы,Отанынан басқа өз елінің табиғатын сүйген патриот ақындардың бірі болғанын білеміз.

1-жүргізуші: Иә.Ендеше,кезекті ақын ағамыздың

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасына берейік.

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы оқылады.

2-жүргізуші: Ендігі кезекте ақынға арналып жасалған сөзжұмбақ шешейік.

Сөзжұмбақ:

1.М.Мақатаевтың қызы (Майгүл)

2.Мұқағали поэмасы («Аққулар ұйықтағанда»)

3.Мұқағали поэмасы («Қашқын»)

4.Мұқағали өлеңіне жазылған ән («Сарыжайлау»)

5.Мұқағалидың шешесі (Нағиман)

6.Мұқағалидың туған жері (Қарасаз)

7.Мұқағалидың жан жары (Лашын)

8.Ақын өлеңіне жазылған ән (Фариза)

1-жүргізуші:Оқушылар осы махаббат тақырыбын жырламаған ақынды естіп пе едіңдер?

2-жүргізуші: Құдай-ау,қайда сол жылдар,

Махаббат қызық мол жылдар.

Ақырын-ақырын шегініп,

Алыстап кетті-ау,құрғырлар –

Демекші,келесі кезекті «Махаббат диалогына» берсек.

«Поэзия» өлеңі оқылады.

1-жүргізуші: Жыр десе,Мұқаң аты аталатын,

Бүгінде мәңгі ұйқыда жатыр ақын.

Жырлары жалын сөзбен көмкерілген,

Сақтаймын жүрегімде ақын атын.

Өткен ең дүниеден қас – қағымда,

Жазған ең талай жырды жас шағыңда.

Мақтаныш болдың солай өз еліңе,

Өрлеумен талай шыңның асқарына.

Сан ғасыр жарқылдасын өлеңдерің,

Көбейсін ізбасар жас өрендерің.

Тілеймін ақындарға жыр жемісін,

Өрге жүзсін өрісті өнерлерің.

Халық үшін мәңгі өлмес,дара тұлға,

Тірлігіңде мұқалмай ауыр сынға.

Үлкен жүрек иесі қарапайым,

Мұқағали жырлары-бізге мұра.

2-жүргізуші: Бүгінгі кешімізді мына бір өлең жырларымен аяқтағымыз келіп отыр:

Әрине суық қайғы,суық қайғы,

Көңілін халқың,бірақ суытпайды.

Егерде халық өзін ұмытпаса,

Бақұл бол,халқың сені ұмытпайды.

Кітапханашы : Қарасаз,қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам,оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

... Иә,өлең өлмейді.Ендеше,ақын да өлмейді.олай болса,Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ.Тілін сүйген,халық сүйген,Отанын сүйген жастардың қатарында,туған жері мен табиғатын,ғашығын сүйген әрбір қазақ жасының жүрегінде!


Осымен кешімізді аяқтаймыз.