Сабақтың тақырыбы: Спорттық сауықтыру кешені. 8 сынып
Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Білімділік: Оқушыларға спорт тақырыбындағы сөздерді таныстыра
отырып, өз ойын еркін айта білуге меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларға тақырыпқа сай тапсырмаларды орындата
отырып, диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.(жіктік
дұрыс жалғануын бақылау)
Тәрбиелілік: «Спорттық сауықтыру кешені» деген сөздің
мағынасын аша отырып, спортқа деген сүйіспеншілігін
арттыра отырып, дені сау азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: тіл дамыту
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденіс
Көрнекілігі: кітап, дәптер,бор.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Спорт». Ендеше бүгінгі сабақта «Спорт» тақырыбына байланысты тапсырмалар орындаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
«Менің отбасымның атаулы күндері»тақырыбы туралы әңгімелеу.
ІІІ. Жаңа сабақ
2. Лексикалық минимум:
Пайдалы, Спорт пайдалы, секіреміз, жүгіреміз, жаттықтығамыз, велосипед, коньки тебу, допты тебеміз, айналысамын, ұнайды, намыс, намысын қорғаймын, былғары қолғап.
3. Сөздерден сөз тіркесін, сөйлемдерді құрастыру.
Спорт адамға пайдалы. Спорт үйірмесінде секіреміз, жүгіреміз. Мен допты тебемін. Арман велосипед тебеді.
4.Диалог «Спорт» тақырыбына байланысты диалог құрастыр.
Сәлем!
Сәлем!
Сен қайдан келесің?
Мен ..... спорт кешенінен келемін.
Онда не істедің?
Онда футболға бардым. Сен волейболға бардың. Ол хоккейге барды.
Үйірмеге қатысасың ба?
Мен футбол үйірмесіне барамын. Сен волейбол үйірмесіне барасың. Ол хоккейге барады.
Спорт үйірмесінде не істейсіңдер?
Мен секіремін, жүгіремін, жаттығамын. Сен жүгіресің. Сен жаттығасың. Ол жаттығады.
Сен .... спорттан жарысқа қатыстың?
Мен футболдан жарысқа қатыстым. Сен футболдан жарысқа қатыстың. Ол футболдан жарысқа қатысты.
5. Сергіту сәті.
Шынықтырып денені «Қара жорға» билейік.
6. Мәтінмен жұмыс.
Тыңдалым. Балалар мына суретте қай қаланы көріп отырмыз. «Медеу» бұл жерде қандай жарыстар болады?
Бұл жерде қысқы олимпиада болды.
7-тапсырма Берілген сөздердің аудармасын сәйкестендіріңдер.
пайдалы Упражнение
секіреміз Полезно
жүгіреміз Прыгаем
жаттығамыз Катаься на коньках
коньки тебу Занимаюсь
айналысамын Бегаем
намысын қорғаймын Защищаю честь
былғары қолғап Спортивный
8-тапсырма. Суреттерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңдар.
Балалар .... алды. Мен .... тебемін. Біз таудан ... сырғанаймыз. Мұз айдынында .... тебеміз. Айбек .... киді. Мен ... сатып алдым. Мен .... спортымен айналысамын.
(Балалар доп алды. Мен велосипед тебемін. Біз таудан шаңғымен сырғанаймыз. Мұз айдынында коньки тебеміз. Айбек былғары қолғап киді.
9-тапсырма. Мәтіннен бұрыс, дұрыс сөйлемдерді табыңыздар.
СӨЙЛЕМ ДҰРЫС БҰРЫС
Мен спортпен айналыспаймын
Маған қазақ күрес үйірмесі ұнайды.
Мен жарысқа қатыспаймын
Мен шетелге жарысқа бардым.
Мен Қазақстан намысын қорғаймын
Спорт адамға пайдалы
Рефлексия:
Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
Бүгінгі сабақта қандай сөздерді меңгердіңіздер?
Үйге тапсырма: Спорт тақырыбында мақалдар жазу