Сабақтың тақырыбы: « Сақина»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: « Сақина»

Сабақтың мақсаты: бас бармақпен басқа саусақтарды біріктіре отырып

кезекпен сақина жасау.

Білімділігі: осы тақырыпқа байланысты мысалдар мен

тапсырмалар арқылы меңгерту.

Дамытушылығы: ойлау қабілетін дамыту, қол

саусақтарының моторикасын дамыту.

Тәрбиелігі: мұғалімнің нұсқауын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жинақтау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын

жаттығу, сергіту.

Көрнекі-құралдар: үлестірмелі құралдар, суреттер, тақта, бор, ермексаз,

пирамида жинағы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу ( балалар хормен)

Сәлемдесейік иіліп,

Жылы жүзбен жымиып.

Қызыға мол сабақта

Ойнайық та күлейік.

II. Негізгі бөлім:

  1. Ұсақ қол моторикасын дамыту.

« Саусақтар сәлемдеседі»

Орындалу тәсілі: Бас бармаққа қалған саусақтарды сәлемдестіріп, түйістіру. Екі қолдың саусақтарына орындау.

  1. « Жұдырық тақтай алақан»

Орындалу тәсілі: Алақандарды алдымен жұдырыққа түйып, одан соң тігіне ұстап, сосын алақанды үстел үстіне қою. Осы қимылдарды кезектестіре тез орындау.

III. Жаңа сабақ.

  • Балалар, бүгінгі сабағымызда сақина туралы айтамыз. Сақина туралы не білеміз?

  • Сақинаны үлкен адамдар саусақтарына тағып жүреді. «Сақина жасыру» деген ойын бар.

  • Дұрыс, жарайсыңдар, балалар.

  • Сақинаның пішіні дөңгелек болып келеді, олар әртүрлі тастармен безендіріледі. Сақина саусаққа салатын әртүрлі үлгіде алтыннан, күмістен тағы басқа металдан соғылатын бұйым.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар.

1. Саусақтың бірінші жаттығуы. Алақаныңды үстелдің үстіне қой. Әр саусағыңды кезекпен көтер, түсір.

2. Саусақтың екінші жаттығуы. Шынтақты бүгіп, алақанды бір-біріне қарсы көтеріп, қолдарыңды солға қой. Саусақты кезекпен бүк, жаз.

3. Саусақтың үшінші жаттығуы. Шынтақты бүгіп, қолдарыңды үстелге қой. Саусақтарыңды алақаныңа баяу «сырғанатып» төмен жылжыт, дәл осылай саусақтарыңды жоғары жылжыт. (алақанды жаз).

IV. Сергіту сәті.

Саусағымда сақина

Санап көрші канеки

Бір, екі, үш (2рет)

Демалайық жинап күш.

«Сақина жасыру» ойыны.
Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.

-Жарайсыңдар, балалар барлықтарың жақсы ойнадыңдар. Осымен сабағымызды бекітіп аяқтайық.

V. Бекіту.

« Жұдырық тақтай алақан» ойыны.

Орындалу тәсілі: Алақандарды алдымен жұдырыққа түйып, одан соң тігіне ұстап, сосын алақанды үстел үстіне қою. Осы қимылдарды кезектестіре тез орындау.

VI. Қорытынды.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар жасадық, сергітіп бойымызды жаздық, ойын ойнадық.

V .Бағалау.

Балаларды мадақтау. Жұмыстарын көрмеге тапсыру.