5-сабақ. Нәтиже сабақ
Сабақ тақырыбы:
Мен нені үйрендім?
Білімділік: Дамытушылық: Тәрбиелік:
Қарапайым сөйлемдер арқылы оқушылардың модуль бойынша алған білімдерін бекіту.
Нәтиже сабақ аясында қазақ тілінен түрлі логикалық, жағдаяттық тапсыр- маларды орындау арқылы іскерлікке, шеберлікке машықтандыру.
Шағын мәтіндерді баяндау арқылы оқушыларды әдепті сөйлеуге үйрету.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): сөйлем құрайды, сұрақтарға жауап береді, тақырыпқа байланысты сөздерді толық меңгереді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында қарапайым тілдік қарым-қатынас құра алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырыпқа қатысты өз ойын жеткізе алады.
Негізгі түсініктер:
Жексенбі, өнерлі бала, кездесу, қыдыру, көмектесу.
Сабақта қолданылатын материалдар:
интерактивті тақта, слайдтар, плакаттар, маркерлер, суреттер, желім қағаздар.
Оқыту әдістері:
Әңгімелеу, сұрақ-жауап, диалог, топтық жұмыс, «Ыстық алақан» тренингі,
«Тірек сөздер» стратегиясы, ассоциаграмма, жұптық жұмыс, «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» стратегиясы, «Жалпы сұрақ» техникасы, сергіту жаттығуы.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
ТАПСЫРМАЛАР: Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психология- лық ахуал туғызу
«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.
Оқушылар бір-бірімен қол алып, амандасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Өткен сабақты тексеру
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалай- ды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушы- лықты ояту
Оқушыларға «Тірек сөздер» стратегиясының негізінде тақтадағы плакаттарға бірнеше сөздер жазады.
Оқушылар кезек-кезек тақтаға шығды. Маркерлерді пайда- ланып, ассоциаграмма құрайды.
ІІ. Мағынаны тану
Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазу үшін 1, 2-тапсырмаларды орындатады.
Мәнерлеп оқу. Апта күндері туралы өлеңді мәнерлеп оқиды. Әр күннің өзіндік ерекшелігін түсіндіреді.
Бір аптаның күндері өтті: Дүйсенбіде гүлдер ектім, Сейсенбіде жуа тердім, Сәрсенбіде су әкелдім, Бейсенбіде бақша баптап, Жұма күні тақпақ жаттап, Сенбіде мен киноға бардым, Жексенбіде бір демалдым.
Жазылым. Тест тапсырмаларын орындайды, «Көңілді жексенбі» байқауы жайлы хат жазады.
Өлеңді мәнерлеп оқиды, жаттайды. Апта күндерін қай- талайды, оларға сипаттама береді. Әр апта күні өздерінің не істейтінін айтады.
3. Сергіту сәті. Сергіту жаттығуын жасатады.
Сергіту жаттығуын жасайды.
ІІІ. Ойтолғаныс
Жұптық жұмыс. «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» стратегиясы.
Жұбымен «Қызықты жексенбі» деген тақырыпта сипаттама мәтін құрастырады.
IV.Бекіту
Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.
«Сөйлемді аяқта!» ойынының шартын орындайды.
V. Бағалау
Формативті бағалау.
«Жалпы сұрақ» техникасы бойынша бағаланады.
VI. Үйге тапсырма
«Менің демалыс күнім» атты әңгіме құрау.
VII. Рефлексия
Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың барысын сипаттайтын суреттер іледі.
Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желім қағаздарды жапсырады.