Поурочный план по казахскому языку на тему Ақын ініме (7 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Карменова Галина Нұраждарқызы [pic]

3 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі

Семей қаласы


Ахмет Байтұрсынұлы

«Ақын ініме»

7-сынып


Сабақтың мақсаты: Адам бойындағы қасиеттерді білу арқылы, сыни ойлауға үйрету, өлеңнің мазмұнын ашу және идеясын табу, өлеңге лирикалық талдау жасау;

1. Білімділік: оқушылардың А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білімдерін кеңейту, өлеңнің мазмұнын меңгерту, талдау;

2. Дамытушылық: оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, әдебиет теориясы тұрғысынан талдау дағдыларын дамыту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

3. Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке баулу, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың нәтижесі: Өлеңнің мәнін ашу нәтижесінде сыни ойлауға үйренеді, әдеби-теориялық білімдері тереңдейді, топпен жұмыс істеу арқылы бір-бірін сыйлауды үйренеді.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, сто, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, интербелсенді тақта, тақырыпқа байланысты слайдтар, оқулық.

Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы, қазақстан тарихы.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Уақы-ты

1

Ұйымдас-

тыру кезеңі.


Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуын тексеру, зейіндерін сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу, үй тапсырмасын сұрау

Сұрақтар:

1.«Екі шыбын» өлеңі қандай жанрда жазылған?

2.Өлеңде айтылатын өзекті ойдың мәнісін анықтау.

Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын топтастыру,

«Екі шыбын»

мәнерлеп, жатқа айту, мінездеме жазу.

Талдау,

СТО

3 мин

2

І.Қызығу-

шылықты ояту.

«Назар аудар» электронды оқулықтан Ахмет туралы мәлімет тыңдату

1 оқушы Ахмет болып, «Анама» өлеңін мәнерлеп жатқа оқиды.

«Миға шабуыл», ізденуші

лік, диалог

5 мин

3







ІІ. Мағына-

ны ажырату.













«Поэзия минуты»

«Ақын ініме»

1 оқушы өлеңді жатқа, мәнерлеп оқиды.






түсіндіру,

зерттеушілік әңгіме,

лирикалық талдау,

сұрақ-жауап,




диалог,


СТО


24 мин

«Біз біргеміз»


Әр топ өлеңді бір - біріне түсіндіреді.

Тапсырма беріледі.

І топ. Ахмет Байтұрсынұлының ақындыққа келу жолы

ІІ топ. Адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер

ІІІ топ. Өлеңді

С. Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңімен салыстыру

ІҮтоп. Ақынның халық алдындағы парызы.



Тапсырманы қорғайды.



Кітаппен жұмыс.


1 шумақты дәптерге жазып, өлең құрлысына талдау.


Көркемдегіш сөздерді табу

Сөздікпен жұмыс



Сергіту сәті «Қызыл өрік»




4

ІІІ.Ой қозғау.


Бекіту сұрақтары:

1. Ирония дегеніміз не?

2. Өлеңде ақынның халық алдындағы парызы,міндеті қандай болу керек екенін ақын қалай аңғартады?

3. Өлеңнің соңғы шумағынан ақынның айтқысы келген өзекті ойын қалай байқауға болады?

4. «Ақын жүрегі»

Оқушылар жауап береді.










Эссе жазу.

Сұрақ-жауап,

диалог


8 мин

5

Қорытын-

ды бөлім.

Үй тапсырмасы «Ақын ініме»

Өлеңді жаттау.



5 мин

Бағалау


Топ басшыларының бағалауы, өзін-өзі бағалау, топтардың бір-бірін бағалауы

«Инсерт» әдісі бойынша қорытынды жасау

Білемін, білдім,

білігім келеді