Открытый урок по казахскому языку на тему Сан есім туралы түсінік(6 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Г.Кайрбаева,

"Бөгенбай батыр атындағы

қазақ орта мектебі"КММ.

Ақмола облысы,

Ерейментау ауданы.

Сан есім туралы түсінік


Мақсаты:

Сан есім туралы түсінік бере отырып, білімдерін кеңейту, тақырыпты жетік меңгерту

Күтілетін нәтиже:

1.Сан есім туралы түсінік алады

2.Басқа сөз табынан ажырата алады

3.Ақпаратты қабылдайды, талқылайды

4.Сабақта қолдана алады

5.Сыни тұрғыдан ойланады

Қолданатын материалдар:

Қазақ тілі оқулығы, сызба, кеспе қағаздар, флипчарт, маркер, АКТ, интерактивтік тақта

Оқыту әдістері:

Топқа бөлу, сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, топтық тапсырмалар,талдау, қорғау.

Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе



























Тұсаукесер

5 мин











5 мин
















5 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен амандасып, сабаққа назарын аудару

ә) сынып оқушыларын топқа бөлу

I топ: ондықтар

II топ: жүздіктер

III топ: мыңдықтар

IV топ: бірліктер

б)топ басшысын сайлау (" Аквариум" әдісі бойынша)

в) психологиялық дайындық

2. Үй тапсырмасын сұрау

Блиц сұрақтары арқылы үй тапсырмасын тексеру:

1.Сын есім дегеніміз не?

2.Сын есімнің сұрақтары?

3.Негізгі сын есім дегеніміз не?

4.Туынды сын есім дегеніміз не?

5.Сын есімнің мағыналық топтарын ата

6.Құрамына қарай сын есімдер қалай жіктеледі?

7.Дара сын есімге мысал келтір

8.Күрделі сын есімге мысал келтір

9.Сапалық сын есім дегеніміз не?

10.Қатыстық сын есім дегеніміз не?

Жаңа сабаққа көпір жасау

Жеті атасын білмеген ер

Жеті жұрттың қамын жер,-дейді атам қазақ.

-Қәне, балалар, кім жеті атасын біледі? Атап шығайықшы.

-Жеті саны қай сөз табына жатады?

-Ендеше, бүгін біздің тақырып: "Сан есім туралы түсінік". Сабағымызды "Жеті ата" ауылына саяхат жасау арқылы өтеміз.

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлерімен оқушыларды таныстыру

Оқушылар амандасып болған соң, топқа бөлінеді, топ басшыларын сайлайды

Өз топтарына отырады





Топ басшыларын сайлайды


Бір-біріне сәттілік тілейді

Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап айтады



















Оқушылар жеті аталарын атап шығады





Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлерімен танысады

Негізгі бөлім

20 мин

1. Аталар ауылы бізге мынандай тапсырма дайындап қойыпты: "Сан есім" сөзі туралы не білетінімізді таратып жазып шығайық.

2.Әкелер ауылы. Бұл ауылда біз оқулықпен жұмыс жасаймыз.

156-жаттығу

1.Мәтін мазмұнына сай есімдерді табыңдар

2.Сан есімдерді тіркескен сөзімен бірге цифрмен жазу

Үлгі: 3 адам, 45 шамасында,.

3.Балалар ауылы "Санды әріппен белгіле" атты тапсырма дайындап қойыпты.

Жүзік, кекіл, қоныс, бірлік, қалтыр, мүшкіл, бесік, жетістік, тоғызқұмалақ, мыңбасы, күбір, дүбір, екілік, секілді.

4. Немере ауылы "Кім шапшаң?" атты тапсырма дайындап қойыпты.

-Қәне, кім шапшаң әрі тапқыр екенін анықтайық. Бұл тапсырма шарты: жұмбақты шеше отырып, сан есімдердің астын сызу.

1- топ

Байқасаң қырық екі бар болғаны,

Қосылып бір-біріне сөз қозғады.

Он бесінің кәдімгі дауысы бар,

Жиырма бесі дауыссыз ым жолдады.

Екеуі үнсіз-түнсіз мылқау нағыз,

Тоғызы шеттен келді, қабылдаңыз.

Тоғызы ерекше бір көрік берер,

Шешуін жұмбағымның ал табыңыз.

(әліпби)

2-топ

Бір малға екі бала мінгеседі,

Айлап-жылдап түспестен күн кешеді.

(түйенің өркеші)

3-топ

Үш-төрт қана тісі бар,

Шөп көтерер күші бар.

(айыр)

4-топ

Бір кісінің он екі баласы бар,

Іштерінде ақ ,сары , қарасы бар.

Әр баласы сапарға шыққан сайын,

Отыз шақты серігін ала шығар.

(жыл он екі ай)

5. Шөбере ауылы. "Сергіту сәті".

-Балалар, бағанадан бері "Жеті ата" ауылының тапсырмаларын орындап, шаршаған шығарсыңдар. Ендеше, кішкене бой сергітелік.

6. Шөпшек ауылы. Бұл ауылда сендерге мақал-мәтелдер беріледі. Сол мақал-мәтелдерден сан есімдерді тауып, астын сызыңдар. Мағынасын түсіндіріңдер.

1-топ

1.Жеті атасын білмеген жетесіз.

2.Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.

2-топ

1.Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.

2.Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды.

3-топ

1.Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер.

2.Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.

4-топ

1. Жігітке жеті өнер де аз.

2.Екі кісі ығысса, бір кісілік орын бар


7.Немене ауылына да жеттік. Соңғы ауылда сендердің шығармашылық қабілеттеріңді сынап көрелік. "Мен сан есіммін" атты тақырыпқа шағын ертегі құрастырып көрелік.

Үлгі: Ерте, ерте ертеде ағайынды тоғыз жігіт болыпты...

"Сан есім" сөзін топтастырып шығады




Оқулықпен жұмыс жасайды








Санды әріппен жазып шығады

100ік,к2л,қ10ыс, 1лік, қ6р, м3кіл, 5ік, 7стік, 9құмалақ, 1000басы, кү1, дү1, 2лік,с2лді.





Есептік сан есімдерді таба отырып, жұмбақтың шешімін табады.

























Қазақтың еңбек сіңірген әншісі Роза Рымбаеваның орындауында халық әні "Бір баланы" тыңдайды.


Мақал-мәтелдерден сан есімдерді тауып, астын сызады, мағынасын түсіндіреді.



















Шағын ертегі құрастырады









Қорытынды


Үйге тапсырма:



Бағалау

5 мин


2 мин



3 мин

Бүгінгі сабақтан алған әсерім...


Үйге тапсырма беру

107-жаттығу


Жиынтық баға қою


Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтады

Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады


Формативті бағалау