Қазақ тілі, 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты
Білімділік оқушылардың сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау,теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру
Тәрбиелік мақсаты, оқушыларды ұлағатты сөздердің мәнін ұғынуға,туған халқының өнерін сүйіп,қадірлеуге,киелі сандардың қасиетін білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты, Оқушылардың тапқырлық,ізденімпаздық,ойлау қабілеттерін арттыру,өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.
Сабақтың түрі, саяхат сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер,Топтастыру, Сәйкестендіру стратегиясы,топтық жұмыс,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі, Перфокарталар,суреттер,
Сабақтың барысы,
1.Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3, Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
--- Балалар,бүгінгі сабағымыз сан есімнен алған білімдерімізді ортаға салатын—Саяхат сабақ, Сан есімді қайталау барысында өз білімімізді нығайту,тиянақтау мақсатында Киелі сандар еліне саяхатқа шығамыз
---Балалар,қандай киелі сандарды білесіңдер ?
1.Лездеме.
Бірінші жасырын тұрған киелі сан қай сан екендігін білу мақсатында сан есімді қайталауға арналған сұрақтарға жауап беру.
1.Сан есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата.
2.Сан есім құрамы туралы айту.
3.Күрделі сан есім қалай жасалады?
4.Сан есім мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
Топтастыру.
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы жаттығуды перфокарталар арқылы орындаймыз.
Перфокарталар таратылады.
3.Сыңарыңды тап. Берілген мақалдағы көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып,сан есімді түрлері мен мағынасына қарай ажырату.
1) ....ала болса,ауыздағы кетеді.
2)......түгел болса,төбедегі келеді.
3) Дастарханға ........нан әкеліп қой,
4) Қызға ,.......үйден тыю.
5) ......сом ақшаң болғанша,........досың болсын.
6) ........жасар бала алыстан келсе,...........қария келіп сәлем берер.
7)................байлық—денсаулық.
8)Білікті бірді жығар,білімді ...........жығар
Жеті санына байланысты ұғымдарды айту
Жеті қазына,жеті ата,жеті күн
Сәйкестендіру стратегиясы
Осы киелі санға байланысты қазақ халқында қандай ұғымдар бар екенін білу үшін,кестені сан есімнің мағыналық топтарына қарай сәйкестендіріп толтырыңдар.
Ойлан, тап І Жұмбақтар шешу
1.Бір алаша төселген, 2.Басы да екеу,
Екі ауылды жалғайды Аяғы да екеу (қайшы )
Өмірінде еш адам
Оны жинай алмайды (жол )
3.Бес ін,бес іннің аузы бір ін. (бес саусақ қолғап )
4.Екі достың бірі ыңғайлы,
Біреуінің ебі жоқ.
Екеуін де бірдей көрем,
Маған артық кемі жоқ (оң қол мен сол қол )
5. Он-он бесі жиылды,
Бір белдікпен буылды (сыпыртқы )
Қырық санына байланысты халықтық дәстүрлер,тұрақты тіркестер туралы айту. мағынасын түсіндіру.
1.Қырықтың бірі қыдыр құбылу
2.Баланы қырқынан шығару Қырық ру
3.Қызға қырық үйден тыю. қадам
Сабақты қорытындылау
Міне,балалар,біздер бүгін Киелі сандар еліне саяхат жасай отырып,сан есім туралы алған теориялық білімімізді іс жүзінде қолданып,қазақ халқы үшін қасиетті сандардың да сырын ұғып,қадір қасиетін білдік. Алдағы уақытта да білімімізді толықтырып,жетілдіріп отырамыз.
Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы: І, ІІ деңгейдегі оқушылар үшін құрамында сан есімі бар мақал-мәтелдер жазып, талдау.
ІІІ деңгей оқушыларына санамақ жаттап келу.