қазақ тілі 5- сынып
Сабақтың тақырыбы: Аңдарды қорғау. Сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жабайы аңдар және сын есім тақырыбы
бойынша білімдерін қайталау. Өздіктерінен ізденулеріне
мүмкіндік жасау.
Дамытушылық: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру арқылы
ұйымшылдық қабілеттерін ояту. Әр оқушының қабілетін дамыту,
өзін-өзі басқарып, пікірін қорғап, дәлелді сөйлеуге
дағдыландыру.
Тәрбиелік: Бір-бірінің пікірін сыйлауға, табиғатты, жабайы аңдарды
қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа
Оқушылар үшін оқыту нәтижелері:жабайы аңдар туралы қосымша түсінік
алады, зат есімнің түрлерін айыра алады, топта талдау жасай
алады.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық, жұптық, сұрақ-жауап
Жаңа технология элементтері: сын-тұрғысынан ойлау, диалогтық оқыту,
жас ерекшеліктеріне байланысты, білім беру үшін бағалау және
оқуды бағалау, білім беруде АКТ пайдалану, талантты және
дарынды балаларды оқыту.
Сабақтың көррнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, флипчарттар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Амандасу.
Психологиялық ахуал.
Ынтымақтастыру атмосферасын құру (оқушыларға қораптың ішіндегіні айнаны көрсетіп «Менің досым қандай?» деген сұраққа жауап беру арқылы, олар өздерін сипаттайды).
Топқа бөлу. Кәмпиттің түстеріне қарай бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларды 1,2 санға санатамын. 1 болған оқушылар өздерінің жұптарын тауып үй тапсырмасы бойынша сұрақ қояды.
Жаңа сабақ. Видео көрсету
Мәтінмен жұмыс.
Ассоциация. Сканерлеп оқыту.
1948 жылы дүние жүзінің ғалымдары Халықаралық Табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды.
Ол жануарға немесе өсімдікке төніп тұрған қауіп дәрежесін көрсету үшін түрлі түсті жеке беттерге басылды.
Ол Халықаралық Қызыл кітап деп аталды. Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күресу керек екенін білдіреді
.
Сергіту сәті. (аңдар дыбысына қимыл жасау)
Постермен жұмыс. Жабайы аңдар және үй жануарларын бір-бірінен ажырату.
Флипчартпен жұмыс. Тапсырма:
Сын есімдерді табады, «тұңғыш» сөзіне фонетикалық талдау жасайды.
«Ортадағы қаламсап». Сұрақтарға жауап беру.
Бекіту. 5 жол өлең құрастыру.
Рефлексия. «Идеялар себеті» стратегиясы арқылы оқушылар сабақта алынған жаңа көзқарастарымен бөліседі.
Үйге тапсырма. Сын есімдірді қатыстырып жабайы аңдар туралы мәтін құрастыру.