Қожа Ахмет Яссауи туралы түсінік

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Тақырыбы: Қожа Ахмет Йассауи

Сабақтың мақсаты: Сапалы білім беру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді ізденіспен пайдалану.

Міндеттері:

1. Түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы,сопылардың бірі Ахмет Йассауи туралы мағлумат беру,хикметтерімен танысу.

2. Ахмет Йассауи хикметтерін оқу арқылы оқушылардың тіл байлығын,сөздік қорларын дамыту.

3. Оқушыларды имандылыққа тазалыққа,әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

"Ой шақыру" стратегиясы.

1.Ежелгі дәуір әдебиеті нені үйретеді?

2.Түркі халықтарының орналасқан жері,оларға кімдер жатады?

3.Ежелгі дәуірге қатысты әдеби ескерткіштерді жазған тіл?

4.Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын ескерткіштер,шығармалар аз емес,солардың алғашқыларын ата.

5.Олардан кейінгі ежелгі дәуір әдебиетінен түркі халқына ортақ ойшылардың,ғалымдарын, ақындарын ата.

6.Бүкіл әлемге аты әйгілі Орхон ескерткіштері тастарының берінде қандай жазумен көптеген жырлар жазылды?

7.Бұл ескерткіштер қай жерден табылған?

8.Орхон жырларының негізгі ойы не?

9.Оғыз қаған жырының мақсат-мұраты не?

10.Қаған,тауғаш сөздерінің мағынасы не?

"Мағынаны тану" стратегиясы.

Қожа Ахмет Йассауи – ақын,ойшыл,ұстаз,түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы,сопылардың пірі.Йассауи Сайрам қаласында туып,Йасыда(Түркістан)тұрған,сондықтан әлемге Йассауи деген атпен танымал.Йассауидің әкесі-Шайхы Ибраһим сопылық жолды ұстаған діндар адам болыпты.Ахметтің анасы Қарашаш пен әкесі Ибраһимнің мазары-Сайрамда.Ұстаз-Арыстабаб пен Йассауи жөнінде ел арасында көптеген аңыздар тараған.Онда Мұхаммед пайғамбар Арсытанбабқа бір түйір құрма беріп,оны Қожа Ахметке табыс етуін сұраған.Арыстанбаб сол құрманы ұртында 600 жыл сақтап жүріпті. Йассауи Арыстанбаб ұстазына зор құрметін өзінің "Хикметтер" (Диуани хикмет)кітабында баяндайды.

Ислам жолын уағыздаушы данышпан ақын пайғамбар жасына жетіп,Аллаға шүкіршілік етеді,одан әрі,яғни алпыс үш жастан асып, тірі пенделер арасында жүруді өзіне үлкен күнә санайды.Сол үшін жер астынан арнайы салынған орынға-қылуетке,арабша-оңашалану түсіп.қалған өмірін сонда өткізеді.Сол жер астында осы кітабын жазады.

Таң сәріде дүйсенбі күн жерге кірдім,

Мұстапаға қайғы тұтып кірдім міне.

Алпыс үште сүндет деді естіп білдім.

Бақыл айтып жер астына қадам қойдым,

Жарық дуниені талақ етіп,хақты сүйдім.

Қожа Ахмет Хикметтері.

Йассауи. ХІІ-ғасыр.

"Диуани"-жинақ,"хикмет"-Алланың ақ жолы деген ұғымды білдіреді.Йассауидің жүзге жуық хикметтері бар.Кітапта 5 жасынан дін жолына түскенін,7 жасында Арыстанбабты іздеп тапқанын айтады.

Жеті жаста Арыстанбаб келді маған,

Хақ Мұстафа аманатын берді маған.

Сол сәтінде-ақ көңілім тауып баян,

Нәпсім өліп,тәнірі жолына түстім мен де.

             Құрма беріп,мейрлене назар салды,

             Сол заматта кеудемде бір шырақ жанды.

             Еркелете шақырып қасына алды.

             Мектеп барып,бек қуанып тұрмын мен де.

Кейінірек ол Бұхара шаһарына барып,сондағы медреселерде есімдері ислам әлеміне мәшһур ұстаздардан бірнеше жыл білім алады.Өзінің оқу-білімге деген құштарлығын,зеректігін танытады.Бірқатар ақындармен,ғалымдармен,діни қайраткерлермен танысып,достасады.

Ахмет Йассауи туған еліне-Қыпшақ даласында ислам ілімін жан-жақты меңгерген оқымысты адам,діни қайраткер болып оралады.Ол өз өмірінің соңғы күндеріне дейін осы Йассаы қаласында тұрыпты.Бүкіл қыпшақ даласына ислам ілімі мен мәдениетін,әдебиетін таратуға қыруар мол үлес қосады.Ақын өзінің есімін әлемге әйгілі еткен "Диуани хикмет"атты шығармасын осы Йаасы қаласында жазады.

                                           Хикметтері.

Уа, дариға,махабаттың дәмін татпай,                            а

Жар да сүймей,үйді ойлап,дүние таппай.                    а

Ойсыз,қамсыз,шайтандықтан бойды тартпай,            а

Жан берерде жанталасқа түстім, міне.                         Ә

Кәміл пірім қызметінде тынбай жүрдім,                       а

Дамыл таппай,көз ілмей,зырлай жүрдім.                      а

Әзәзілдің арбауына қыңбай жүрдім,                               а

Сосын да мен қанат қағып ұштым,міне.                         Ә

"Есте сақтау" стартегиясы.

*Сопылық-ислам дінідегі ағым.Рухани тазалық арқылы аллаға жақындай түсү жолы.

*Нәпсі-ішіп-жеу,пенделік қажеттері.

*Мақшар күні-о дүниедегі сұрақ күні.

*Тәуба-шүкіршілік қылу.

*Фәни шаһары-о дүние.

*Жазмыш-әр адамның тағдыры күні бұрын жазылып қойылады дейтін түсінік.

"Еркін жауап" стратегиясы.

-Йассауидің өмірлік мақсат-мұраты қандай?

-Ақынның имандылық туралы ойлары қазіргі заманға тәрбиеге сай келе ме?

-Қожа Ахмет Йассауи есімі немен құнды?

"Ойтолғаныс" стратегиясы.

"Иманым.Арым." тақырыбында 5 минуттық ойтолғау жазамыз.

"Топтастыру" стратегиясы.

  Ахмет Йассауи хикметтері қандай қасиеттерге тәрбиелейді?

-Әділдікке,қызықұмарлық,дүниеқорлықтан безуге,тазалыққа,адалдыққа,имандылыққа,арам нәпсіден тыйылуға.

"Инсерт"әдісі.

1.Мен не білемін?                          2.Нені үйрендім?                          3.Нені білгім келеді?

______________                              _____________                              _________________

Үйге берілетін тапсырмалар.

Міндетті деңгей:Қожа АхметЙассауи өмірі туралы,шығармашылығы туралы,оқу.

Хикметтерінен үзінді жаттау.

Мүмкіндік деңгей:Тақырыпқа байланысты реферат дайындау,қорғау.

Шығармашылық деңгей:"Дінімізге әділ болайық" тақырыбына шығарма жаз