Ежелгі керуен жолдары. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Адилханова Райкул Малгеждаркызы

Сабақтың тақырыбы:Ежелгі керуен жолдары.
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Қазақстанның көне қалалары туралы алған білімдерін толықтыру,туған қаламыздың көне орындарымен танысу,бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің қойылу жолдарын меңгеру.
2.Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорларын молайту.Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту,шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3.Тәрбиелік:Оқушылардың туған жер тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру,тарихи мұраға деген қызығушылығын қалыптастыру.
Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,әңгімелесу,баяндау,ой қозғау,түртіп алу стратегиясы,вен диаграммасы,ойын.
Сабақтың түрі:Оқығанды қорытып,ой дамытатын сабақ.
Пәнаралық байланыс:тарих,география,қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
1)Ұйымдастыру бөлімі:
оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындалу.
2) Үй тапсырмасын тексеру «Шежірелі сандық» ойыны арқылы
Біз өткен сабақтарымызда Қазақстанның көне қалаларымен таныстық.Көне қалар туралы алған білімімізді тексеру үшін сандықтағы сұрақтарға жауап берейік.
1.Түркістан қаласы қай жерде орналасқан?(Еліміздің оңтүстік аймағында)
2.Қасиетті Түркістанды қалай атайды?(Түркістанды «Екінші Мекке»деп атайды.
3.Түркістанда кімнің кесенесі бар?(Түркістанда Қожа Ахмет Йассауи кесенесі бар)
4. Жаркент қаласы қай жерде орналасқан?(Ұлы Жібек жолының бойында,Қазақстан мен Қытай шекарасында)
5. Жаркенттің өлкетану мұражайында нелер бар?(мұражайда қызықты экспонаттар,құнды деректер бар)
6. Тайқазан қай қалада?(Тайқазан Түркістан қаласында.)
7.Отырар қаласында кімге арналған кесене бар?(Арыстанбаб кесенесі бар.)
8.Отырарда кім дүниеге келген?(Әбу Насыр Әл-Фараби)

Сәйкестендіру(сөздікті қайталау)
Көне мавзолей
Қасиетті расположен
Кесене древний
Тарихи өлкетану мұражайы священный
Қоныс тепкен караван
Құнды дерек молитвенный дом
Керуен исторический краеведческий музей
Ғибадатхана политический центр
Саяси орталық ценный источник

-Сонымен біз қандай қалалармен таныстық?
-Отырар,Түркістан,Жаркент
-Бұлар қандай қалалар?
-Көне қалалар.
-Ендеше, біз бүгін Қазақстанның көне қалаларынаң бірі болып саналатын Орал қаласымен танысамыз.Осы шежірелі сандығымыз бізге Орал қаласы туралы да сыр шертеді.
Мақсат қою кезеңі.
Бүгінгі сабағымызда көне қалалар туралы алған білімімізді толықтырып,туған қаламыздағы көне орындарымен,қазбалармен танысамыз.
3)Жаңа сабақ:Қазақстанның ежелгі керуен жолдары.
4.Сөздікпен жұмыс (сөз тіркестері,сөйлем,танымдық мәлімет)
5.Мәтінмен жұмыс
3.Сұрақ-жауап
Орал қаласының негізі қашан қаланған?
Орал қаласы қай жерде орналасқан?
Жайық қалашығын қай жерден,кімдер тапқан?
Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония қай ғимаратта орналасқан?
Өлкетану музейінің ашылуын ұйымдастырған кім?
Қырық оба қорғаны қай жерден табылды?
Қаламыздағы қандай мәдени орындарды білесіңдер?
4.Ойын сәті. «Шын және жалған» Берілген сөйлемдердің дұрыс,бұрыстығын анықтау.
№ Сөйлемдер Шын Жалған
1. Орал қаласы 1633 жылы салынған. +
2. Оралда ескерткіштер,музейлер,мешіттер бар. +
3. Жайық қалашығы Деркөл кентінен табылған. +
5.Грамматикалық тақырып:Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері.
Берілген сөйлемдерден асты сызылған сөздерге тоқталып талдау.
-Бұл сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
-Қай сөйлем мүшесі болып тұр?
-Қай сөз табынан жасалған?
-Ендеше,ережені еске түсірейік.Бұл қандай мүшелер?
Бір сұраққа жауап береді Бір сөйлем мүшесі болады
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Көбінесе бір сөз табына Тыныс белгілері арқылы
қатысты болып келеді ажыратылады
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері:
1.Жалғаулық шылауларсыз байланысқан бірыңғай мүшелердің арасы үтірмен бөлінеді.
2.Бірыңғай мүшенің әрқайсысынан кейін жалғаулық шылау қайталанып келсе,үтір қойылады.
3.Бірыңғай мүшелер мен,және шылауларымен байланысса,шылаулар қайталанбаса,үтір қойылмайды.
6)Грамматикалық тапсырмалар
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып,қай сөйлем мүшесі екенін ажыратыңыз.
1.Түркістан - ... және ... қала.
2.Жаркент халқы ... , ... , ... айналысады.
3.Отырарда ..., ..., ... мен .... жұмыс істеген.
4. Жаркент қаласы ... мен ... шекарасында орналасқан.

Керекті сөздер: (тарихи,туристік,медреселер,ұстаханалар,қонақ үйлер,мешіттер,егіншілікпен,мал өсірумен,саудамен,Қазақстан,Қытай)
7) Грамматикалық тақырыпты бекіту.
9)Сабақты қорытындылау
:Сонымен,балалар,біз бізге бүгін шежірелі сандық сыр

шертті.Біз бұл сандықтан қазақстанның тарихи қалалары туралы мәліметтер алдық.Енді осы шежірелі сандығымызды жабайық.Ол үшін мына суреттердегі ескерткіштер қай қалаға тән екенін айтып,сандыққа салуымыз керек.
10)Үйге тапсырма: қайталау 24-бет
11)Бағалау: