Бекітемін: Күні: Пәні:Қазақ әдебиеті Сынып:10 Сабақ № Сабақтың тақырыбы: Әсет Найманбаев. «Салиха-Сәмен» дастаны. Білімділік: Ақын Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. Әдебиетке әкелген жаңалықтары мен қоғамдық - әлеуметтік мәселелерге қөзқарасын, тұрмысын бейнелеуіндегі ақын – әншінің әдебиет тарихындағы орны, өлеңдерінің ерекшелігін орнын таныту. «Сәлиха-Сәмен» дастаны бойынша талдау жүргізу, кейіпкерлер бейнесін ашу. Дамытушылық: Оқушылардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, теориялық талдау жасай білуге, ізденушілік қабілеттерін дамытуға жағдай туғызу. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, өнерді бағалай білуге, халықтық дәстүрге баулу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Көрнекті құралдар: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы видео. Сабақтың әдістері: оқу, мәнерлеп оқу, сұрақ – жауап, шығармашылық – танымдық Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. (сынып оұушыларының сабаққа дайындығы және сабақтың тақырыбы мақсат міндеті хабарланады.) Мұғалімнің кіріспе сөзі.С.Мұқанов: «Біржанның әндері сияқты Әсеттің әндері де аса биік, ырғақты қайырымы қиын болған. Сондықтан оның әндері үйрену де қиын еді»,- деген пікір айтады. «Ақырғы сөзінде» Әсет:
Бозбала, осы әнімде үйренерсің,
Ырғаққа келтіре алмай күйзелерсің...
...Асау ән жетегіңе жүрмеген соң,
Біріңнен бірің көріп сүйрелерсің,- деген жолдардан байқауға болады. А.Жұбановтың баға бергенде : «Әсеттің ақындығы әншілігінен кем емес»,- деп, әншілігін даусыз ақиқат санап негізіне алуында да үлкен сыр бар. Әншілік өнерін әбден меңгерген соң ғана Әсет ән шығара бастаған. Өйткені оның алғашқы, жас кезіндегі шығарған әндерінің біріне жататын «Інжу - маржан» әні- құрылысы, әуенділігі жағынан қазақ әндерінің ғажаптарының бірі. А.Жұбанов : «Орындауы келіссе», «Әсеттің әні - сахнаның сәнінің бірі, шыңы болады» - деген («Замана бұлбұлдары») кітабында. I I.Ой шақыру. Әсет қандай тұлға? Ақын, талантты әнші, сазгер, айтыскер, өз дәуірінің суреткері. Әсет Найманбаев туралы видео көру.
Ітоп: Әсет Найманбаевтың өмірі , шығармашылығы: қисса дастандары, өлеңдері, ән өлеңдері, айтыстары, арнау өлеңдері
ІІ топ: Әсет- айтыскер ақын ІІІ топ: Дәстүрлі ән және орындаушылар. Әсеттің ізбасарлары
І,ІІ,ІІІ топ Әсеттің өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу.
II. Мағынаны таны («Сәлиха-Сәмен» дастанын талдау беріледі)
Дастанды әңгімелеп айту
«Сәлиха - Сәлмен» поэмасын оқытып, сатылай кешенді талдау жасату.
Композициялық талдау: Оқиғаның басталуы:
Оқиғаның дамуы:
Оқиғаның шиеленісуі:
Оқиғаның шарықтау шегі:
Оқиғаның шешімі:
Сергіту сәті: Әсеттің әнін тыңдау. Г.Әлімбекованың орындауында
Ойтолғау. «Әсеттің әдеби мұрасы – аса бай мұра»
Қорыта келгенде, Әсеттің асқақ әндері мен алуан тақырыпты өлеңдері, қисса- дастандары халықтық өнерімізді дамытуға, сонымен қатар мәдениетімізді көтеруге ықпалы зор ұлттық құндылықтарымыз боп әдебиет тарихында мәңгі сақтала бермек.
Бекіту сұрақтары:
Әсет әндерін жинастырушы кім?
Әсет өлеңдерінің негізгі тақырыбы қандай?
Әсет әндерін нақышына келтіріп орындаушы кім?
Өзге әнші -ақындардан Әсет тағдырындағы ерекшелік не?
Үйге тапсырма. Ә.Найманбаев өмірі, шығармашылығы
Бағалау.