Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ !
Қазақ халқы тәрбиені тал бесіктен бала бойына сіңірген дана халық. Тәрбие-даңғыл жол. Қалай қисайып, жолдан тайсаң, өмірдегі бағытың да қисық болары сөзсіз.
«Ағайынға қарап бала өсер ,Қарағайға қарап тал өсер» -деген аталы сөз бекерден -бекер айтылмаған. Қоғамның басты дерті –сыбайлас жемқорлық. Соңғы кездері сыбайлас жемқорлықтың «тамырын»шабуға қарсы көптеген нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-үздіксіз күрес.
Мемлекеттік қызметкерлер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларына жол беру. Құқық қорғау органдарының қажетті жағдайларда: заңды және жеке тұлғалардан олардың іс -әрекеттері заңдылығының дәлелін талап етуге; қаржылық операцияларды жүргізудің және мүліктік келісім-шарттарды тоқтатуға: ақшалай қаражатқа және мүлікке оларды алудың заңға қайшылығы туралы мәлімет болған жағдайда әкімшілік тыйым салуға, қаржы-экономикалық қызметке орай алдын –ала тексеру жүргізуге толық қақысы бар және қоғам алдындағы міндетті парызы.Ұйымдасқан қылмыспен немесе сыбайлас жемқорлықпен айналысқан күдікті тұлғаның мүліктік және қаржылық жағдайын, оның зайыбын, жақын туыстарын, олармен бірге тұрған басқа да тұлғаларды, сондай-ақ күдіктінің иелік еткен оның қолдаған мүлігін, құралдарын тексеруге құқығы бар.
Қызмет бабын пайдаланып, мемлекет мүлкін талан-таражға салу, ақ адал жандардың обал, сауабын аттап, имандылық қасиеттерден жұрдай болу секілді бастапқы нышандары сонау мүлік теңсіздігі пайда болған тұста-ақ қылаң берген жемқорлық сипатындағы қылмыстардың түп –тамырын қуалап келсеңіз , «алаған қолым береген» деген ұстанымға саятын. Олардың бір-бірінен ат төбеліндей айырмашылығы : тойымсыздық пен ашкөзділікте.мемлекетте ер түрлі деңгейде екендігінде ғана . Адамзаттың ұшқыр ақыл-ойы уақыт шабыымен бірге үзеңгі қағыстырып қатар келе жатқан жемқорлықты ұғымы санадан сызылып, ол әлдеқашан көнерген сөздердің қанжығасында кетер еді ғой. Керісінше, бай мен кедейдің аражігі ашылып, қоғамдағы қайшылықтар тереңдеген сайын, жұрт сыйлаған лауазымды адамдардың қазына-мүлкіне көз тігіп, сұғанақтық жасауы тіптен асқынып бара жатқандай. Мемлекетімізде әлгіндей тобасын ұмытып, меймасы асқандарды тәубесіне түсіре қоятын заңымыз да бар. Соған қарамастан ел ырысының үстінен қалқып ішіп, сыбайласып жемкорлық жасау бір тыйылмай келеді. Заң талабында мін болмағанымен оның орындалуында олқылықтың көп екендігін, жайғанторға шортандардың емес, ұсақ-түйек шабақтардың ілігетіндігін Елбасымыздың өзі де талай мәрте қадап айтып, мүдделі орындардың басшыларын ел-жұрт алдында әлденеше рет қызартқан еді. Бірақ одан да өңін өзгертіп жатқан жағдай шамалы. Мемлекет басшысының әлгі ащы сындарынан кейін еңселері түскен шенеуніктер әдеттегідей қозғалған сыңай танытып, көз алдаған кейіп танытады да жемқорлықпен күрес сол баяғы мимырт қалпына қайта түседі. Бір қызығы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның талаптары қолданысқа еңгелі бері заң құрығынан таза шығудың айла шарғылары да сан құбылып, өзгертіп келеді.Заң талабын қанша жерден жетілдіріп қатайттық деп көңіл демдегенімізбен, өкініштісі сол жемқорлықпен күрестің түпкі сипаты өзгеріссіз қалды. Енді былайғы жұрт екпінінен ел жасқанатын басшының жазатайым заң құрығына іліккенімен оның оңайлықпен аттан аударылып түспейтідігін, іс насырға шапқан күннің өзінде де оның сот арқылы ақталып немесе жай ғана шартты түрдегі жазаға тартылып, темір тордың ар жағындағы ботқаның дәмін татпайтындығын іштей сезіп отыратын болды. Сонымен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның балаптары жалы күдірейген мықтыларға тісі батпайтын, қатардағыларға қаһары күшті науқаншылдыққа айналып кетті. Бір сөзбен айтқанда, заң талабы түзу болғанымен оның тетіктері терең ойластырылмағандықтан қашан да ол қозғалысқа енбей малтығып қалады. Оны құқық қорғау органдарының осы бағыттағы жүргізіп жатқан іс-қимылдарынан да анық байқауға болатындай. Әлбетте заң талабы тұрғысынан қарасақ, қылмыстың үлкен-кішісі, залалды-залалсызы болмайды, Десек те сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмастардың денін төменгі және орта буындағы лауазымды тұлғалар жасап, жоғарыдағылар оған аттап баспайды десек кім сенер еді. Жақында Үкімет мүшелерімен болған кездесуде осындай бір әңгіменің ұштығын Н.Ә.Назарбаевтың өзі де сездіріп өтті. Тіпті осы басқосу барысында маңызды буындарды жемқорлық пен тамыртаныстық дерті жайламас үшін ондағы билік тізгінін шет ел азаматтарына берсек қайтеді дегендей де пікірлер айтылып қалды.Алайда онымен жемқорлықты ауыздықтап, тамыр-таныстықтың түп негізіне балта шаба аламыз ба?! Қаһарынан қар жауған баптардың күштілерді айналып өтіп, оңтайлаған сойылын сорлыға сілтейтінінде осындай сыр бар. Сонда оын қайта-қайта жаңғыртып еске салғаннан не ұтамыз. Оның үстіне осы заңда икемдеп исең лауазымды тұлғалардың пайдасына қарай жығыла балатын бұлдыр баптар жетерлік. Айталық осы заңның 10-бабында лауазымды тұлғаға мемлекеттік қызметке келгеннен кейін бұған дейінгі шұғылданған бүкіл кәсіпшілігін сенімді өкіліне тапсыру міндеттелінген.Заң талабы дұрыс-ақ. Алайда сауда-саттығы бар жеке кәсіпкер мемлекеттік қызметке қабылданып, лауазымды қызметтің орынтағына жайғасқаннан кейін өз кәсібін өркендетіп, оны қорғау үшін артық ауыс қимылға бармайды, одан біржолатақол үзіп кетеді деп ойлаудың өзі қисынға келе қоя ма, Заңгерлер қауымының бұл төңіректегі ой-пікірлеріне құлақ түрсеңіз бүгінгі адамдық ой-санадан әлдеқайда озық тұрған, тек өркениетті мемлекеттерге ғана тән, ал біздің жағдайымызда заңның ұзын қарасын көбейткені болмаса, нақтылы тәжірибе жүзінде қозғалысқа ене бермейтін өлі баптар жетіп артылатын көрінеді.
«Ұлы жол өз үйіңнің табалдырығыңнан басталады»-дегендй әрбір адам қызмет жасап жатқан ортасында адал еңбектенсе барар жері де биік болмақ. Ал қазіргі заманда лауазымды қызметте отырған аға-апаларымыз мемлекет мүлкін «ине өткен жерден жіп өтер» түрімен жеке пайдасына жаратуда.
Бүгінгі қоғам,бүгінгі болашақ «алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арбаның солай жүрері» қағидасын әсте естен шығармаса екен. Өйткені жаһанданған замандағы «бауырдай» жабысқан жемқорлық «сүйекпен кететіні» ақиқат емес пе?
Жемқорлық. Қоғам. Қазақ елі. Үш түрлі ұғым, үш түрлі түсінік.Қоғамды дамытатын да , жандандыратын да – адам. Сол қоғамдағы атқарылып жатқан әрбір істе жемқорлық «қара құртша» қаптап, көбеюде.
Жемқорлық - індет, ал жемқор адам – күнәһар. Алла алдында әрбір ісіміз ақ, әрекетіміз хақ болу керектігін ұмытпайық, ағайын!
Бүгінгі қоғам ертеңге аманат. Нұрлы жолмен дамыған Қазақстанды өркениеттендіру болашақ міндеті. Ал болашаққа жемқорлықсыз таза өмір сыйлау – аға-апа міндеті. Себебі, біз өмір сүрген қоғамда, менің Қазақстанымда, «Мен –қазақпын!» деген әр азамат жүрегінде жемқорлыққа жол жоқ. Мен жемқорлыққа қарсымын!