Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Омарова Айгерим Бахытбековна
Тізбектелген сабақтар топтамасы №37
Ү. К. Томанов атындағы №183 орта мектебі 1 апта 5 күн
Қазақ тілі 6 «А» сыныбы
3 сабақ
04. 12. 2015 ж
Сабақ атауы
Жинақтық және болжалдық сан есімдер
Сілтеме
Жалпы мақсаты 1. Сан есімдердің мағыналық түрлерін жинақтық, болжалдық сан есімдердің ережесін, жасалуын, айырмашылығын меңгеру. 2. Жаттығулар жұмысы, тапсырмалар барысында сан есімдердің мағыналық түрлерінің ерекшеліктерін түсіну. 3. Сан есімдердің түрлерін ажырата білу. Жеке, топпен жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдауға, пікір алмасуға қалыптасу.
Жаңа тәсілдер
Сәйкестендіру тесті, ой қозғау, графикалық диктант, сыни тұрғыдан ойлау, жеке, топтық жұмыстар, формативті бағалау.
Күтілетін нәтиже
Сан есімдердің құрамын, тұлғасын, мағыналық түрлерін ажырата біледі. Ойларын сыни тұрғыдан, еркін айтуға қалыптасады.
Негізгі идеялар
Ережелерді меңгереді, жаттығу, талдау жұмыстарын ұжымдасып және өз бетінше орындайды.
Тапсырмалар /Wiki материалдары/
Ғаламтор, Power Point, ресурстар
І. Кіріспе
ІІ. Тұсаукесер бөлімі
ІІІ. Негізгі бөлім
ІҮ. Қорытынды
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
137-жаттығу.
Мәтінде қандай сан есімдер кездеседі?
Олар қандай мағына білдіреді?
Құрамына, тұлғасына, мағыналық түріне қарай талдаңдар.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
«Сәйкестендіру» тесті
ІҮ. Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау» әдісі
Төмендегі сан есімдерге назар аударыңдар:
Алты-алтыншы-алтау
Бір-бірінші-біреу
Айтысқа қатысып жүрген Ескендірдің өтірік өлең мәтінімен танысайық!
Ү. Жаңа сабақ
1 Жинақтық сан есім оның жасалуы.
2 Болжалдық сан есім, жасалу жолдары.
Оқулықпен жұмыс.
139-жаттығу.
Жинақтық сан есімдерді қатыстыра отырып, өлең құраңдар.
140-жаттығу.
Сан есімдерге морфологиялық талдау жасаңдар.
141-жаттығу.
Жинақтық сан есімдердің астын бір, белгісіздік есімдіктердің астын екі сызыңдар.
143-жаттығу.
Берілген есептік сан есімдерден жоғарыдағы кестеде көрсетілген жолдармен болжалдық сан есімдер жасаңдар.
144-жаттығу.
Сан есімдерді табыңдар. Болжалдық сан есімнің жасалу жолын анықтаңдар.
145-жаттығу.
Мақал-мәтелдердегі сан есімдердің мағыналық тобын ажыратыңдар.
ҮІ. Жаңа сабақты бекіту, пысықтау
«Графикалық диктант»
Жинақ тық сан есім неше деген сұраққа жауап береді.
Болжал
дық сан есім қай шамалы деген сұраққа жауап береді.
Сан есімнің мағына
лық түрі – екеу.
Шама
лы, шақты көмекші сөздері реттік сан есіммен тіркесіп келеді.
Екілер
де – болжал
дық сан есім.
Жетеу – жинақ
тық сан есім.
-лап, -леп,
- дап, -деп болжал
дық сан есімнің жұрна
ғы.
Сан есімнің тұлға
лық түрі – екеу.
ҮІІ. Үйге тапсырма
138-жаттығу.
Жинақтық сан есімдерге көркем әдебиеттен бірнеше мысал жазып, талдаңдар.
146-жаттығу.
Болжалдық сан есімдерді қатыстырып, «Болашақты болжай білген бабалар» тақырыбында әңгіме жазыңдар.
ҮІІІ. Бағалау
«Шыңға шығу» бойынша бағалау.
Бүгінгі сабақта
1. Ереже мен сан есімдердің жасалуын түсіндің бе?
2. Жаттығулар мен талдауды меңгердің бе?
3. Қосымша тапсырмалар түсінікті болды ма?
Мұғаліммен амандасады.
Топқа бөлінеді. /1 2 3 4/
2. Жеке жұмыс. Сөйлемдерін оқиды, сан есімдерді тауып талдайды.
3. АКТ-мен жұмыс. Сан есімдерді мағыналық түріне сәйкестендіреді.
4. Жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
5. Жаңа тақырып түсіндіріледі. /мұғалім/
6. Топпен жұмыс. Ауызша. Сыни тұрғыдан ойлау. Жинақтық сан есімдерді қатыстырып, өлең құрайды.
7. Дәптермен жұмыс. Сөйлемдерді оқиды. Сан есімдерді тауып, морфологиялық талдау жасайды.
8. Дәптермен жұмыс. Жинақтық сан есімдер мен белгісіздік есімдіктерін ажыратады.
9. Дәптермен жұмыс. Есептік сан есімдерден болжалдық сан есімдер жасайды.
10. Топпен жұмыс. Ауызша. Мәтінді оқиды. Болжалдық сан есімдерді тауып, жасалу жолдарын түсіндіреді.
11. Топпен жұмыс. Ауызша. Сан есімдердің мағыналық тобын ажыратады.
12. АКТ-мен жұмыс. Бүгінгі тақырыпты графикалық диктант арқылы пысықтайды.
13. Дәптермен жұмыс. Шығармашылық жұмыс. Талдау жасайды.
14. Шығармашылық жұмыс.
15. Формативті бағалау.
Сабақтың жабдықтары Мультимедия, интерактивтік тақта арқылы Power Point. Формативті бағалау парақшалары.
Келесі тапсырмалар /портфолио/
Ережелерді жазып, жаттау.
Келесі оқу
138-жаттығу.
Жинақтық сан есімдерге көркем әдебиеттен бірнеше мысал жазып, талдаңдар.
146-жаттығу.
Болжалдық сан есімдерді қатыстырып, «Болашақты болжай білген бабалар» тақырыбында әңгіме жазыңдар.
Сабақты талдау
Сабақты бағалау