Қазақстан-достық мекені әңгіме (4сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Қазақстан –достық мекені!»

Мақсаты:1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу;Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.

Міндеттері:

  • Сыйластық, татулық,бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

  • өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

1 оқушы:

Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

Өзінді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

Назданып бүгін өмір нұрлы күні,

Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.

Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,

Еңбек ,Бақыт,Береке,Бірлік күні

2 оқушы: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасынаайналды.Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды.Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басына қол ұстасып бірге жүрмек.Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа , бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді.Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондайақ қазақ халқының қарапайымдылығы қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастығы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

1 оқушы:

Қаһарман, қас батырға дабылы сай,

Арманға жетелейтін ағыны бай.

Мен сені қуанышпен қарсы аламын,

Ажарың ақ- шуақты мамырым –ай.

2 оқушы: Құрметті оқушылар Жүздерімізге шуақ , бойымызға қуат әкелген 1- мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын!

1 оқушы:

Күте тұрғын асыға әр күнін біз,

Арналатын ең тәтті ән жырымыз

Мерекелі мерейлі айдың басы

Құтты болсын Бірінші Мамырымыз !

2 оқушы:

Тілігі басқа тілегі бір біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ бейбітшілік ұран боп

Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

1 оқушы:

Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік, достық салтанат құрғанда дана бақыт пен шаттық, ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынынына кәміл сенеді. «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.

2 оқушы:

Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтайын ер елден

Достығымыз ғасырларға жарасқан

Туған елім, шарықтай бер кемелден!

Жүргізушілер:

Достық бізге тым ыстық,

Бірлік-байлық, ырыс-құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса,жаса тыныштық!





































Орындаған: Абетова Р.К





















2016 оқу жылы