(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар Бұл кім? деген жаңа сұрақ үлгісімен танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін осы диалог негізінде ата сөзінің орнына әже, мұғалім, оқушы сөздерін қолдануға жаттығады. «Есте сақта!» айдарында оқушылар амандасу үлгілерін (Сәлем! Сәлеметсіз бе!) еске түсіреді, сондай-ақ мұғалім оқушыларға қоштасу үлгілерінің қолданысын (Сау бол! Сау болыңыз!) түсіндіреді. (Ж) Амандасу, қоштасу үлгілерін жатықтыру үшін, оқушылар мұғаліммен және өзара амандасып, қошасады. (МК) 2-тапсырмада оқушылар жаңа сөздер қатарын (ата, әже, мұғалім, оқушы) суреттер бойынша Бұл кім? деген сұраққа жауап беру арқылы қайталайды. (МК, Ұ) 3-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін, сондай-ақ амандасу, танысу қоштасу үлгілерін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылардың бойында мынадай дағдыларды қалыптастыру қажет: мұғаліммен амандаса алу, өзінің атын айта алу, мұғалімнің сұрағына (Бұл кім?) жауап бере алу, қоштасу үлгісін дұрыс қолдана алу. (ОТ) 3-тапсырмада берілген диалог сыныптағы оқушылармен жеке-жеке сыныпта ойланады. Бір оқушы үлгіде берілген баланың рөлін ойнайды, ал басқа оқушылар оның жауабын бағалай алады. Оқушының іс-әрекеті: 1) Оқушы сыныпқа кіреді, мұғаліммен амандасады, өзінің орнына отырады. 2) Мұғалімнің сұрағына (Сенің атың кім?) жауап береді. 3) Тақтаның алдына шығып, мұғалімнің екінші сұрағына (Бұл кім?) жауап береді. Ол үшін мұғалім тақтаға төрт суретті (ата, әже, мұғалім, оқушы) іліп қояды. 4) Оқушы мұғаліммен қоштасып, сыныптан шығады. Сергіту сәті. «Қара жорға», бейнетаспа.
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. |