Открытый урок на тему: Жаңа жыл 4сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия





Ашық сабақ







Тақырыбы: «Жаңа жыл мерекесі»


Сынып: 4 «Д»


Өткізген мұғалім: Иманғалиева А.Ж.
















Атырау-2015 оқу жылы

Күні: 23.01.2015

Сынып: 4 «Д»

Пән мұғалімі: Иманғалиева А.Ж.

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл мерекесі

Сабақтың мақсаты: 

а) білімділік«Қыс» тақырыбы бойынша оқушыларға ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, септік жалғауларын қайталау;

ә) дамытушылықсөздік қорын молайту, ой-өрісін, танымдылық қабілетін қазақша ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту;

б) тәрбиелікқоршаған ортаға деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, жаттығу жұмыстары, сөздік.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер.


І. Ұйымдастыру

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

3-тапсырма. Сурет бойынша сұрақтарға жауап жазу.


ІІІ. Жаңа сабақ

Балалар мен жаңа сабақты бастамастан бұрын «Шаттық шеңберінен» бастағанды жөн көріп отырмын. НЕГЕ? Өйткені бүгінгі жаңа тақырыбымыздың өзі мерекелік тақырып болғандықтан бір - бірлеріңізге жақсы тілек айтсаңыздар...

1. Денсаулық

2. Қуаныш пен шаттық

3. Ұзақ өмір

4. Сабақты 5-ке оқуға

5. Көтеріңкі көңіл - күй

6. Бүгінгі күніміз сәтті өтсін

7. Үйлеріміз нұрға, гүлге толсын, деген жақсы лебіздер айтылады, жақсы балалар. Рахмет


- Бүгін біз өтетін сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақты шешу арқылы табайық.

1. Год - Жыл

2. Столица - Астана

3. Январь - Қаңтар

4. Санки - Шана

5. Ветер - Жел

6. Зима - Қыс

7.Снеговик-Аққала


Бүгінгі тақырыбымыз «Жаңа жыл». Жаңа жыл қай жыл мезгілінде болады? Қазір қай жыл мезгілі? Қыста күн қандай болады? Бүгін күн қандай?

Дәптерге күннің жадын, тақырып жазу.

Сөздікпен жұмыс:

Орман – лес

Шырша – ель

Сауысқан – сорока


1-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңыздар.

Жарасқан Әбдіраш

Жаңа жылға – жаңа жыр

Жаңа жылды бар тілде

Жаңа жырға балайды...

Жаңа жылға әркім де

Жақсы үмітпен қарайды!


Даланың да, қаланың

Думандатып отбасын,

Тағы, міне, Жаңа жыл

Қақты уақыт қақпасын!


Бар баланы бір жасқа

Өсіріп кел, Жаңа жыл!

«Беспен» жаңа сыныпқа

Көшіріп кел, Жаңа жыл!


СЕРГІТУ

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздi жазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.


І топқа Септік жалғау – шырша

ІІ топқа Тәуелдік жалғау – шаңғы

ІІІ топқа Жіктік жалғау – ән айтты


2-тапсырма. Сурет бойынша мәтінді әңгімелеңіздер. Оқу, аудару.

Жаңа жыл мерекесі

Мектепте Жаңа жыл мерекесі болды. Оқушылар әр түрлі костюмдер киді. Саша мен Нина ән айтты. Олжас пен Дина би биледі. Жаңа жыл мерекесі қызықты өтті.


Ал сіздер Жаңа жылды қалай тойладыңыздар?

3-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлемдер құрап жазыңыздар.

Жаңа жыл, жаңа күн, жаңа киім.


4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазыңыздар.

Мектепте Жаңа жыл мерекесі болды. Оқушылар әр түрлі костюмдер киді. Саша мен Нина ән айтты. Олжас пен Дина биледі. Жаңа жыл мерекесі қызықты өтті.


ІV. Сабақты бекіту

- Бүгінгі сабақтан не түсіндік?

- Бүгін сабақта қандай жаңа сөздермен таныстық? Лес, ель, сорока.

- Жарасқан Әбдіраштың өлеңінің аты қалай еді? (Жаңа жылға – жаңа жыр)


V. Үй тапсырмасын беру

5-тапсырма 137-бет. Сурет бойынша сұрақтарға жауап жазу.


VІ. Бағалау