Өзін-өзі танудан ашық сабақ Салауатты өмір салты

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты

Сабақтың мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын,

бағалы байлық екендігін түсіндіру. Оқушылардың зиянды

заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын

қалыптастыру. Денесін шыңдауға шымыр да шапшаң,

ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да

әдемі болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын ұстануға

тәрбиелеу.

Міндеттері: - Салауатты өмір салтының мәнін түсіндіру;

- зиянды заттарды қолдануды алдын алу;

-салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар


Шаттық шеңбері

Оқушылар шеңберге тұрып, Қ. Мырзалиевтің сөзіне жазылған Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» өлеңін аудио-кассетаға қосылып орындайды.


Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем

Қайырмасы:

Қайда жүрсең, атамекен

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі ұясына

Қимай оны батады екен,

Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.

Асқар тауың, аспаныммен таласқан

Қазағымның мәртебесі деп білем.


Әңгімелесу

Берілген мәселені бірігіп талқылай отырып, басқа адамдардың қалай ойлайтындығын түсінуге мүмкіндік туғызу мақсатында оқулықтың «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген төмендегі сұрақтар негізінде пікір алмасу ұйымдастырылады.

Атамекеннің адам өміріндегі орны қандай?

  • Осы әнді айтқанда қандай сезімге бөлендіңіздер?

  • Өз елін шексіз сүйетін және елінің болашағын ойлайтын адамда қандай қасиеттер болады?

  • Салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар нелерден аулақ болуы керек?

  • Адам өміріне зиянды заттарға нелерді жатқызар едің?

  • Адамдар темекіні неліктен шегеді деп ойлайсыз?

  • Ішімдіктің адам өміріне тигізетін зияны туралы баяндап беріңіз?

Оқу ақпараты

«Тазалық-денсаулық негізі, саулық-байлық негізі»- деп халық мақалында айтылғандай, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиялық даму бағдарламасында “Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған,”-делінген. Ол жоспарда көрсетілгендей қоғамымызды құруымызға қарай Қазақстан азаматтарының дені сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін үлкен мән беріліп отыр. Өйткені дамыған экономика жағдайында-ақ денсаулықты дұрыс күтпеу, ауаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан жылға өсіп отырғаны баршамызға аян.

Денсаулық үшін күрес әр адамның өз міндеті, соны жас кезден түсіну қажет.

Ал салауаттылық деген не?

Салауаттылық - кең ұғым. “Бірінші байлық-денсаулық” деп тегін айтылмаған. Адам денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Осы екі саулық адамның да экологиялық тазаруына, сауығуына апаратын жол, сондықтан адам экологиясына, адам денсаулығына әсер ететін негізгі факторлар туралы айтса керек.

Жасөспірімдердің көзқарасына, талғамына, құштарлығына олардың айналасындағылар, құрбы-құрдас, серіктестері ықпал етеді.

Ерік-күші әлсіз, рухани дүниесі таяз адамдар әркез өзінің жағымсыз істеріне сылтау іздеп “тек бір рет” деген ережені басшылыққа алады. Өмірлік ұстанымы мен мақсаттарын аяққа басады, содан кейін бәрі солай кете береді. Осыдан кейін жақсы болар деп үміттенеді. Осылайша бір рет дәрменсіздік көрсету, келесісін туғызады. Осылай ұнамсыз қылықтар қайталана беріп, ол жағымсыз дағдыға айналады.



Дәйексөз

Сақақта талқыланып отырған мәселенің адам ағзасына тигізетін әсерін, адам денсаулығының құнды екенін ұғындыру мақсатында оқулықта берілген халық мақалы сабақтың дәйексөзі ретінде талқыланады.


Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде!

Мақал


[pic]



Тапсырма

Төмендегі пікірлерді қарап шығып, онымен қаншалықты келісетіндіктеріңізді білдіріңіздер. Жұмыс нәтижесін сыныптастарыңызбен бірге талқылаңыздар.

-Әуесқойлықтан;
-Ертерек есейсем деген тілектен;
--”Мамасының баласы” немесе “қызы” деген сөзді естімеу үшін;
-Кино мен әдебиет қаһармандарына еліктеушіліктен;
-Бұл-жас жігіттер мен қыздардың қарым-қатынасындағы немқұрайдылық, даңғойлық көрінісі болып табылатын қазіргі заман белгісі.


Оқып үйренейік

Ұ. Есдәулетовтың «Қара пима немесе Қара бала» поэмасынан үзінді оқу, талдау.

Сахналау

І топ – “Бақытты балалық шақ”

ІІ топ – Үйдегі “қиын” жағдай

ІІІ топ – “Кермек дәмін татқан бала”

ІV топ – “Араққа салынған әке күйі”

V топ – “Бекерге әуреге түскен әке”


Шығармашылық жұмыс

Біз – болашақтың гүліміз” ой толғау


Ойын “Жалғасын тап”
1. Ішпеген, шылым шекпеген
Жасайды жылдар көптеген.

2. Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.

3. Темекінің кермегі – Еріккеннің ермегі.

4. Ішпеген, шылым тартпаған,

Денсаулығын сақтаған.

5. Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.

6. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
Одан кейін өзгелерді сақтандыр.


Үйге тапсырма


Мектеп оқушылары мен студенттердің шылым шегу себептерін анықтау үшін өз таныстарыңыздың арасында зерттеу жұмысын жүргізіңіз.


Жүректен-жүрекке


Ән “Аман жүрсін достарым менің”


Біздің елімізде 14,5 млн адам бар дейді, 2050 жылдарда 10,5 млн қалуы мүмкін. Орташа өмір сүру деңгейі: ерлерде – 57 жыл, әйелдерде – 72 жыл. Басты себептері жүрек – қан аурулары, онкологиялық өкпе ауруы, наркомандар, депрессияға ұшырағандар, салауатты өмір салтының ережелерін сақтамағандар және суицид болып отыр.
Халықта мынадай дана сөз бар:
“ Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,
Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның”