Мерзімі: 15.04.2016ж 5-сынып Қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: Тіркес және дыбыс екпін
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Екпіннің лексикалық мағынасын аша отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екеніне түсіндіру, орыс тіліндегі екпін мен қазақ тіліндегі екпінді салыстыра отырып айырмашылықтарын білу, екпін түрлерін түсіндіру, меңгерту, екпін түрлерін ажырата білу, екпін түспейтін қосымшаларды білу;
Тәрбиелік: Берілген тапсырмалар арқылы ғылым, білімді үйренуге, әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың фонетикадан алған білімдерін дамыту, үндестік заңына сай орфографиялық, орфоэпиялық сауаттылықтарын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, жаттығу орындау
Сабақ барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, сабаққа зейіндерін аудару.
ІІ Оқушы білімін жан-жақты тексеру
1.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
2.Данышпан атаның сұрақтары :
А) Фонетика нені зерттейді?
Ә) Орфография мен орфоэпия деген не?
Б) Буын дегеніміз не? Буынның түрлерін ата
В) Үндестік заңы деген не?
Г) Дыбыс үндестігі деген не? Оның түрлерін ата
ІІІ Жаңа сабақ
1. Данышпан ата түсіндіреді:Балалар, алдымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын , яғни, « Екпін» сөзінің мағынасын ашып алайық. Мысалы: Бар екпінімен құлап түсті, екпіндетіп сөйледі, екпіні қатты жел соқты, оқу екпіндісі.Даусы ерекше шықты. Даусы ерекше шықты. Даусы екпінді шықты. Біз екпін сөзін аз қолданбайды екенбіз. Екпін ... күшті, көтеріңкі, қатты, ерекше. Мысалдарға қарағанда екпін мағына жағынан қандай сөз?
- Көп мағыналы сөз
- Ал тіл ғылымында қолданылуы қандай сөз болады?
- Тіл ғылымында термин сөз болады.
- Термин сөз
2. Оқулықпен жұмыс
Ережені түсініп оқу. Екпін нелерге түседі екен? Ереже бойынша атаңдар.
- Бір сөзге. Бір буынға. Бір дыбысқа. Бір тіркеске
Ережені жинақтап, тірек - сызба жасайық...
.....................................бір сөздің
.....................................бір буынның
Екпін............................бір дыбыстың ..............................................көтеріңкі , күшті айтылуы
.....................................бір тіркестің
Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға, бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.
Екпін
Сөз екпіні
Дыбыс екпіні
Ой екпіні
Тіркес екпіні
Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады.Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны тұрақты болады: Екпін сөздің ең соңғы буынына түседі. Мысалы: Мектеп – кеме, білім – теңіз.
Білім-паз- дар-ға. Сөз екпіні сөйлемдегі барлық сөздің соңғы буынына түседі екен.
Орыс тілінде
Замок - құлып
Замок – қорған
Мука - азап
Мука - ұн
Қазақ тілінде
Оқу
Оқушы
Оқушылар
Оқушыларға
Әдебиет пәніндегі С. Жүнісовтың «Ақырғы бәйге» үзіндісінен тірек сөздерді атап, сөздерге екпін қойыңдар.
Мектепте үздік оқушыларға «Мақтау қағазы» беріледі. Беріледі сөзіне екпін түспейді. Оны дәлелдеп көрейік.
Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар сияқты екпін түспейтін сөздің соңғы буынында тұратын қосымшалар болады. Олар : жіктік жалғауы, болымсыз етістік жасайтын жұрнақтар : (- ма ,- ме, -ба,- бе,-па,- пе; -тай, -тей, -дай,- дей, - лай,-лей)
Ұмай ана түсіндіреді:
Орыс тілі пәні мұғалімі екпін (ударение) туралы айтып өтеді.
ІV. Сабақты бекіту
Данышпан атаның тапсырмасы: 343- жаттығу.
Шеңбердегі сөздерде екпін қай буынға түскен? Екпін түспей тұрған ұқсас қосымшаларды табыңдар.
Оқушымын
Айтайын
Мұздай
Айтпа
Баласың
Көрелік
Оқтай
Барма
Адамбыз
Айтшы
Тастай
Сызба
Данышпан атаның тапсырмасы: Шығармашылық жұмыс (Мұзафар Әлімбаев)
Ұлыстың ұлы күнінде,
Көппенен бірге күлімде.
Көбейсін жаңа достарың,
Молайсын елге қосқаның.
Тапсырма: Өлеңді жатқа жазу. Өлеңдегі сөздерге сөз екпінін қойыңдар.
V. Сабақты қорыту
1. Екпін дегеніміз не?
2. Оның қандай түрлері бар?
3.Сөз екпіні деген не?
4.Екпін түспейтін қосымшаларды атаңдар
VІ.Оқушыларды бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:
С. Жүнісовтің «Ақырғы бәйге» үзіндісінен ұнаған екі сөйлемге сөз екпінін түсіріп, жазып келу.