Емтихан сұрақтары, 6- сынып.
Қазақ тілінің әдеби тіл ретіндегі қызметі. Әдеби тіл және оның нормалары.
Мәтіннің тақырыбы мен идеясы. Мәтіннің түрлері.
Сөзжасам. Сөз тұлғасы мен сөз құрамы.
Түбір мен қосымша
Дара мен күрделі сөздер.
Біріккен сөздер. Біріккен сөздердің жасалуы. Біріккен сөздердің емлесі.
Қос сөздер. Қос сөздің түрлері.
Қысқарған сөздер. Қысқарған сөздердің жасалу жолдары.
Тіркесті сөздер.
Морфология. Сөздің топтары мен сөз таптары.
Зат есім.Туынды зат есімнің жасалуы. Зат есімнің түрлері.
Сын есім. Сын есімнің жасалуы. Сын есімнің түрлері.
Сан есім. Сан есімнің түрлері.
Сан есімнің мағыналық түрлері. Сан есімнің емлесі.
Есімдік. Есімдіктің түрлері.
Есімдіктердің мағыналық түрлері. Есімдіктердің емлесі.
Етістік. Туынды етістіктің жасалу жолдары. Етістіктің түрлері.
Етіс. Етіс түрлері.
19. Болымды және болымсыз етістіктер.
20. Есімше. Есімшенің жасалуы жолдары.
21. Көсемше. Көсемшенің жасалуы жолдары.
22.Тұйық етістік. Тұйық етістіктің емлесі
23.Үстеу. Үстеудің құрамдық түрлері.
24. Үстеудің мағыналық түрлері. Үстеудің емлесі.
25. Еліктеу сөз. Еліктеу сөздің түрлері.
26. Шылау. Шылаудың түрлері.
27. Шылаулардың емлесі
28.Одағай. Одағайдың түрлері мен емлесі.
29. Көмекші есімдер
30. Көмекші етістіктер
Қазақ тілінен емтихан билеттері (6 - сынып)
№ 1 емтихан билеті
1. Қазақ тілінің әдеби тіл ретіндегі қызметі. Әдеби тіл және оның нормалары.
2. Есімдіктердің мағыналық түрлері. Есімдіктердің емлесі.
3. Сөйлемнен сын есімді тауып, морфологиялық талдау жаса.
Түндіктен қара көк аспан көрінеді. (М. Сүндетов).
------------------------------------------------------------------------------------------
№ 2 емтихан билеті
1. Мәтіннің тақырыбы мен идеясы. Мәтіннің түрлері.
2. Етістік. Туынды етістіктің жасалу жолдары. Етістіктің түрлері.
3. Сөйлемнен шылауларды тауып, шылаудың қандай мағыналық түрі екендігін айт.
Шуаққа адамдар ғана емес, жануарлар мен жәндіктер де шықты.
---------------------------------------------------------------------------------------
№ 3 емтихан билеті
1. Сөзжасам. Сөз тұлғасы мен сөз құрамы.
2. Етіс. Етіс түрлері.
3. Сөйлемнен күрделі зат есімдерді тауып, морфологиялық талдау жаса.
Алпысбай да арамшөп жұлып, біраз қимылдады. (М. Төрежанов).
---------------------------------------------------------------------------------------
№ 4 емтихан билеті
1. Түбір мен қосымша
2. Болымды және болымсыз етістіктер.
3. Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жаса.
Халық медицинасында алоэның жапырақтарымен, шырынымен, тұнбасымен тері ауруларын, күйікті емдейді.
---------------------------------------------------------------------------------------
№ 5 емтихан билеті
1. Дара мен күрделі сөздер.
2. Есімше. Есімшенің жасалуы жолдары.
3. Үстеудің мағыналық түрін ажырат және 3 сөйлем құра.
Төмен, қыстай, қолма – қол, әжептәуір, керемет, қасақана, амалсыздан, үшеуден.
---------------------------------------------------------------------------------------
№ 6 емтихан билеті
1. Біріккен сөздер. Біріккен сөздердің жасалуы. Біріккен сөздердің емлесі.
2. Көсемше. Көсемшенің жасалуы жолдары.
3. Сөйлемнен еліктеу сөзді тауып, морфологиялық талдау жаса.
Аттылар бұрылып келіп, дөңгелене отырған жиынға жапыр – жұпыр сәлем берді.
------------------------------------------------------------------------------------
№ 7 емтихан билеті
1. Қос сөздер. Қос сөздің түрлері.
2. Тұйық етістік. Тұйық етістіктің емлесі
3. Сөйлемнен етістіктерді тап, олардың қайсысы негізгі, қайсысы көмекші екенін айт.
Кетіп бара жатқан Тарғынның астындағы Тарлан ат пысқырады.
------------------------------------------------------------------------------------
№ 8 емтихан билеті
1. Қысқарған сөздер. Қысқарған сөздердің жасалу жолдары.
2. Үстеу. Үстеудің құрамдық түрлері.
3. Құрамында көмекші есім сөз бар 3 сөйлем құрап жаз.
№ 9 емтихан билеті
1. Тіркесті сөздер.
2. Үстеудің мағыналық түрлері. Үстеудің емлесі.
3. «Сырымның жауабы» мәтінін жатқа айт. Сырымның жауабының себебін түсіндір.
-----------------------------------------------------------------------------------------------
№ 10 емтихан билеті
1. Морфология. Сөздің топтары мен сөз таптары.
2. Еліктеу сөз. Еліктеу сөздің түрлері.
3. Сөйлемнен сан есімдерді тауып, морфологиялық талдау жаса.
Осы он екі-он үш үйге 1930 жылы да 13-14 үй қосылып, не бары жиырма жеті үй болды.
-------------------------------------------------------------------------------------------------
№ 11 емтихан билеті
1. Зат есім.Туынды зат есімнің жасалуы. Зат есімнің түрлері.
2. Шылау. Шылаудың түрлері.
3. Төмендегі есімдіктердің мағыналық түрін анықта және 3 сөйлем құра.
Мен, сол, анау, кейбіреу, ешқашан, қайда? әркім, бәрі, өзінің.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------
№ 12 емтихан билеті
1. Сын есім. Сын есімнің жасалуы. Сын есімнің түрлері.
2. Шылаулардың емлесі
3. Берілген сөздерді сөз құрамына талда.
Төбешікте, суретшілер, итмұрын, киіндір.
-------------------------------------------------------------------------------------------------
№ 13 емтихан билеті
1. Сан есім. Сан есімнің түрлері.
2. Одағай. Одағайдың түрлері мен емлесі.
3. Сөйлемнен етістіктерді тауып, морфологиялық талдау жаса.
Киіз үйдің көшіп - қонуға ыңғайлы, жеңіл болуы, дауылға, боран мен шаңға, құмға төзетіндей берік болуы ескерілген.
-------------------------------------------------------------------------------------------------
№ 14 емтихан билеті
1. Сан есімнің мағыналық түрлері. Сан есімнің емлесі.
2. Көмекші есімдер
3.Күрделі сөздерді жасалу жолына қарай ажыратып айт және 3 сөйлем құра.
Қарақалпақтар, қара торы, жолсерік, асығып – аптығу, ҚазҰТУ, жолсілтеуші, түрегелді, үп- үлкен, АҚШ.
-------------------------------------------------------------------------------------------------
№ 15 емтихан билеті
1. Есімдік. Есімдіктің түрлері.
2. Көмекші етістіктер.
3. Төмендегі одағайдың мағыналық түрлерін ажырат және оларды кірістіріп,
сөйлем құра.
Алақай, әттеген-ай, тәйт, құрау-құрау