Конспек по казахскому языка на тему Сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


27 «Аққала» жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ниязова Мухлисаның сабақ жоспары

Мен әр сабағымда Бағдарламаның басты мақсаты – 7 модулін кіріктіруді қарастырдым. Ол үшін «Бірінші бетпе – бет» кезеңінде танысқан Бағдарлама модульдерін тереңірек меңгеріп, әр сабағыма тиімді жағынан кірістіруді көздедім. Ол үшін өзім де тынбай еңбек етуім керек екенін түсіндім. Оқушылар бұл әдістермен өтіліп жатқан сабақтарға қызығушылық танытып, бірінші топқа бөліну кезеңінен бастап белсенділік танытып отырды. Әр бір сабақта оқушылар бір – біріне серіктес бола отырып қарым – қатынасқа түсетінін, сабақтың мақсатына жету үшін бірге жұмыс атқаруын асыға күтетін. Оқуды бағалау барысында барлығымыз қатысатынымызды, ол үшін бағалау критерийлеріне негізделетінімізді және топ ережесін естен шығармайтынымызды естеріне салып отырып сабақты бастайтынмын.. Ұйымдастыру кезеңін ынтымақтастық атмосфера құрудан бастаймын.

2015-2016 тізбектелген сабақтар топтамасындағы қазақ тілі және әдебиеті пәнінен сабағым 7-сыныбында Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы «Ақын өлімі туралы аңыз» тақырыбында өтілді. Мақстым: Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» шығармасының идеясын аша білуге,ерекшелітерін ажыратуға үйрету. Күтілетін нәтиже: оқушылар шығарманы оқиды, шығармадан мәлімет алады, «Ақын өлімі туралы аңыз» туралы шығармасының идеясын ашады. Ең әуелі сыныптың психологиялық ахуалы ретке келтіріп алынды. Мен сыныпқа кіріп оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты шеңбер етіп тұрғызып, бір – біріне жағымды сөздер айтқызып, сыныптың ахуалын жақсартып алдым. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын, білім деңгейінің жоғарылауына өзінің үлесін қосатынын атап көрсеткен болатын. Осы қағиданы ескере отырып төмендегілерді жасауда басшылыққа алдым. Тақырыптың мақсатын ашу үшін, жоспар құруды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жеті модульді кіріктірдім. Тақырыпты ашпас бұрын, қызығушылықты ояту үшін, жақсы атмосфера қалыптастыру мақсатында, оқушыларға шеңбер жасатып, жүректен жүрекке әдісін пайдаланып, бір-бірлеріне ізгі-тілектерін айтқыздым. Оқушылардың оқуына ықпал ететін факторлар әлеуметтік, эмоционалдық, танымдық қабілеті болған жағдайда білімді жақсы алады. Сол үшін ынтымақтастық атмосферасын құрғанымда оқушылар барлық ойдан арылып, ақпарат қабылдауға дайын болды, сондай-ақ көңілдері көтеріліп бір-біріне жылы лебіздерін айтты. Бұл әдістен оқушылардың көңілдері көтерілгенін байқадым. Топқа бөлуде тәтті кәмпиттерден пайдаландым, оларды үш топқа болдым. Оқушылардан үйге тапсырманы сұрау мақсатында «Кір жаю» әдісінен пайдаландым. Бұл кезеңде оқушылар мәліметтерді еске түсіріп, қайталайды, есте сақтайды, жұмыстың орындалу ретін біледі. Өлім сөзінің мағынасын аша отырып, өз түсінгендері бойынша талқылайды.Алдыңғы тақырыптарды шолып шығып ізденуге талпындырдым. Оқушылардың барлығын ойлануға, өзара пікір алмасуға, топта талқылауға, сабаққа қызығушылығын оятуға мүмкіндік жасадым. Бұл тапсырманы оқушылар топпен, өзі және жұптасып орындады. Оқушыларды үй жұмысы бойынша жасаған тапсырмасына топ аралық бағалауды критерийлер жаздыру арқылы жасаттым. Бір топ келесі екінші, үшінші топтарды топ мүшелерімен ақылдаса келе біз мынадай шешімге келдік барлығымыз «төрт» деген баға қойдық, себебі ол топтар онша жауап бере алмады, ал төртінші топқа барлығымыз «бес» деген баға қойдық, себебі олар ойларын ашық жеткізе алды және үй тапсырмасына жақсы дайындалып келгендерін айтып өтті. Келесі топтар да осылай қалған топтарды бағалады. Бұл жерден бір ерекшелік байқағаным зерттеудегі оқушының қалған топтарын бағалауын жеткізгендігі. Оқушылар бір-бірлерін топ аралық бағалау арқылы олардың сабаққа қалай дайындалып келгендерін түсіндірулері тиіс болатын. Осы бағалау арқылы келесі топтардағы балаларды өткен сабақты бағалай отырып тиімді болатынын анықтады. Критерийлер арқылы бағалау барысында оқушылар осы әдісті нақты тұжырымдаулары керек. Бағалаған топтардың критерийлерін тыңдауы керек болды. Бұл оларға өздерінің қаншалықты сабаққа дайындалып келгендерін, сондай-ақ қай жерлерінен қате кеткендігін және қай тұста қосымша дайындалу керек екендіктерін түсінулеріне мүмкіндік береді.

Менің оқушыларым әдетте бір-бірлерін бағалайтын, бірақ критерийлер жазып емес. Мен оларға осы критерийлер жаздыру арқылы өздерінің қай тұста осал екендіктерін түсіндіргім келді. Қай тұстар бойынша қате кеткендерін, қай тұста қосымша дайындалу керек екендіктерін сөз еткендерін қаладым. Мен осындай тәсіл барынша тиімді болатындығы туралы қызу талқы тудырады деп ойладым. Осы тәсіл арқылы қателіктерін дұрыстап, қосымша дайындықтарын нақтылауға үйренетіндіктеріне сендім. Оқушылардың назарын өзіме аударып қайта өткен сабақтың тақырыбын бір еске салдырып алдым.Оқушыларға ой қозғау әдісі бойынша жаңа сабаққа түсініктеме беру үшін өлім деген не? сұрағын тастадым. Оқушылар бұл сұраққа ойлана, толғана жауап берді. Әсіресе, сыныптың озат оқушысы өте керемет жазған. Ол айтайын деген ойын, сезімін, ниетін нәзіктікпен жеткізе алған. Оқушылардың жауаптарын түсіне отырып, қалған оқушылар өз түсініктерін жасауға мүмкіндік алды.Бір-бірлерін қосымша тыңдай отырып, нақты өз түсініктерінің қалыптастыруын түсіндіргім келді.

Кейінгі тапсырманы мен ДЖИГСО әдісі бойынша бердім. Оқушылар жаңа сабақтың мазмұны мен идеясын ашқыздым. Олар жаңа сабақ бойынша өз білгендерін ортаға салып пікір алмасты.

Менің оқушыларымның сәлде болсада ілгерлегенін байқадым. «Диалогтік әңгімеде де мұғалім сұрақтар мен оларға берілген жауаптар, олардың сұрақтар маңызды, білімін тексеру үшін емес олар өз ойларын ашық жеткізуге, дамыту және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады.» (Рэгг және Брау) Осы нәтижеге сүйене отырып оқушыларымның өз ойларын ұтымды жеткізуге бағыттайтындығына сендім. Оқушымды сөйлете алдым. Сабаққа барлық оқушыларым қызыға отырып қатысты. Әр топ шамалары келгенше жауап берді. А оқушым Қ.Аманжолвтың өмірі жолын айта отрып, аңызға да тоқталды. Өз ойын жеткізе алды. В оқушым ақынның өмір жолын, шығармашылығын кеңінен түсіндіріп берді, бұл оқушымға мен өзімнің кішкене көмегімнің тигізіп отырдым. Ал С оқушым ақынның «Өзім туралы» өлеңін жаттап, ақынның өмір жолына шолу жасай алды. Әрине бұл оқушыма достары мен менің көмегім тиіп отырды. Осы жауаптары арқылы қалған топтардағы өз тұжырымдарын түсіндірулері тиіс болатын. Жауаптары тыңдалып болған соң, жаңа тақырып бойынша әңгімені бөліп бердім. Жаңа тақырыпты оқушылардың өздері қарап оқып түсінгендерін байқағым келді.Оқушыларды сергіту ретінде әр топтан екі оқушыдан шығардым. Оқушылар жұптасып жұмыс жасады.

Оқушыларға бөлініп берілген тақырыпшаларды уақыт сақшысына уақытты белгілетіп, оқуға уақыт бердім. Белгіленген уақыт өткеннен соң, оқушыларды әр топқа бір-бір оқушыдан барлаушылар ретінде жібердім. Әр топтан келген оқушылар топ-топқа жайғасып оқығандарын бір-біріне түсіндірді. Уақыт сақшысы уақыт өткенін хабарлап болған соң топ мүшелерін бастапқы топтарына жайғастырып, алынған ақпараттары жайында талқылаттым. Әр топтың баяндамашылары оқыған тақырыпшалары жайында сөйледі. Толық айта алмауы менің уақытты шектегенімде. Жетелеу сұрақтарына түгел дерлік жауап беріп тұрдыБаяндамашылардың жұмыстары арқылы оқушыларға сабақты түсіндірулері тиімдірек болуы мүмкін екендігін түсіндіргім келді. Осылайша қалған оқушылардың түсінетіндігіне сендім.

Сергіту сәті ретінде оқушыларды «Қара жорға» биін билеттім. Оқушылардың назарын өзіме қаратып алып, өткен сабақтармен байланыстырып бүгінгі сабақтың тақырыбын аштым. Оқушылар алдыңғы топтардағы баяндамашылардың сөздерін нақтылап, слайдтармен қосымша толығымен сабақты түсіндірдім.Жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін байқау мақсатында 3 топқа да бірдей тапсырмса бердім. Олар әңгімедегі Абдолла бейнесін суреттеп айтып береді. Бұл тапсырмада оқушылар Абдолла бейнесін қағаз бетіне түсіріп жазады, кейін тақтаға шығып қорғап береді. Менің бұл тапсырманы беру себебім жекелеген оқушылардың ойын түсіну, сыни көзқарасын білу үшін қолдандым. Бұл тапсырма арқылы оқушының әңгімені оқыған оқымағанын анықтауға болады. Сыныпта логикалық ойлау қабілеті жоғары оқушыларыма осы әдіс тапсырмасы ішінде «А» және «В» деңгейіндегі сұрақтарға әр оқушының жауап беруге шамасы жетті. «С» деңгейіндегі сұрақтарға ұшқыр ойлайтын, өз ортасынан ерекше, өзіндік көзқарасы бар, сыниойлана білетін оқушылар жауап береді. Талқылау, талдау жүргізу арқылы оқушыларда 50% есте сақталатынын ескердім. Нәтижесінде, әрбір оқушы жауапкершілікті сезіне отырып, өз түсінгенін ортамен бөлісе алды. Бұл тапсырма талантты және дарынды оқушыларды анықтауға бағытталғанын ескердім. Бұл кезеңде оқушылар жасырын мәліметтерді ашады. Оны топпен талқылап, өз түсінгенін ортамен бөлісе алды. Сабағымды «сұраққа жауап» әдісі бойынша жинақтап қорытындыладым. Бұл тапсырмсада оқушылар жаңа сабақтан алған білімдерін пысықтап қайталады. Оқушылар бір-бірлеріне сұрақтар беріп жауап алып отырды. Мені қуантқан жай оқушылардың жаңа сабақты жақсы түсінгені. Мен оны қалай білдім? Олардың бір-бірлеріне берген орынды сұрақтарынан, берілген сұрақтарға нақты жауаптарынан біліп қуанып қалдым. Бұл тапсырмадан оқушылардың сабақты қалай түсінгендерін, жылдамдықтарын байқадым. Бұл кезеңде оқушылар өз ойларын жинақтап, жүйелейді. Сабағымның соңында оқушыларымнан рефлексия алдым, яғни бүгінгі сабақтан алған әсерін жазбаша берді.

Топтағы баяндамашының көмегімен өзі өз топтарының рефлексиялық парақшалары жинатып алдым.Осылайша оқушылардың жаңа сабақты игергендеріне толық көзімді жеткізгім келді.Сабағымның соңында оқушылардың сабақты қалай меңгергенін анықтау мақсатында кері байланысты стикерлерге жаздырып түрлі көңіл күйде тұрған смайликтерге жабыстырғыздым. Мұндағы мақсатым оқушыларға кері байланыс жасатып келесі сабаққа жоспар жасауды ұқтыру. Дегенмен, әлде де кемшіліктер мен кедергілердің көп екені анық. Сабақты жоспарлағанда алдын ала болжанған кемшіліктер мен кедергілер болмай қалған жоқ. Бастапқы кезде кейбір оқушылар өз білімдерін ортаға салғысы келмесе де мен оларға сенім арттатынымды, сенің қолыңнан келеді, өз ойыңды қысылмай айта бер, топтың алда болуына өз үлесіңді қоса біл дегенімде, сыныптастарының қолдауы арқылы, өзіне деген сенімді арта түсті. Осылай бірлесе жүріп, кедергіне жеңе білдік.