Ақмола облысы Астрахан ауданы
Өндіріс орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Тайшибаева Гульмира Тулеубаевна
Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы
Бораш пен Шеген
Сабақтың жабдығы
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
Жалпы мақсаттар
Әңгіменің мазмұнын меңгерту. Кейіпкер бейнесін ашу Оқушыларды пікір айтуға, топпен жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, отаншылдыққа, ата-анасын құрметтеуге, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың тіл ұшқырлығы мен тіл байлығын жетілдіру.
Сабақтың түрі: талдау сабағы.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, кейіпкерлерге мінездеме беру, хат жазу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, түсті бетшелер.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Түстер арқылы топқа бөлу
«Жидек алаңы» треннинг ұйымдастыру
Ынтымақтастық атмосферасы
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз,жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Бір-бірімізге күлімдейміз, қолымызды қысып амандасамыз, қатты құшақтасамыз.
Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылар, біздер өткен сабағымызда классик жазушыларымыздың бірі
Ғ Мүсіреповтың «Жаңа достар» әңгімесімен таныстық. Бұл шығарма жазушының «Қазақ солдаты» романынан алынған үзінді. 1950 жылы толықтырылып басылған бұл роман алғашында «Қазақ батыры» деген атпен 1945 жылы жарыққа шыққан. Романға негіз болған оқиға өмірде болған Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов (романда ол Қайрош Сарталиев деген атпен берілген). Неміс басқыншыларына қарсы ауыр да қаһармандық күресті суреттеген тұңғыш шығарма.
Сіздер өткен сабақта жазушы шығармашылығымен танысып, әңгіменің мазмұнын білдіңіздер. Бүгінгі сабағымызда кейіпкерлерге мінездеме беріп, шығарманы талдаймыз. Бірінші сыныпты топтарға бөліп аламыз. Ол үшін оқушылар кезек келіп, мына қағаздарды суырамыз. «Адал дос- асыл қазына» деген мақалды суырғандарыңыз бірінші топ, «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген мақалды суырғандарыңыз екінші топ болады.
I. Мазмұнын айту.
I топ. 1. Сұрақтарға жауап бер.
1. Қайрош қайдан қашып келеді? Кімдерге кездеседі?
2. Бораш пен Шегеннің басынан қандай оқиғалар өткен?
3. Балалар қай жерді қоныстанған?
4. Шеген өзіне достарды қалай таңдайды және Қайрошқа нені міндеттеді?
II топ. 1.Сұрақтарға жауап бер.
1. Балалардың таныстығы қалай басталды?
2. Бораш пен Қайрошқа Шеген қалай көмектеседі?
3. Қайрош нешеге дейін санай алады?
4. Шегеннің үш түрлі өсиеті қандай?
2.Шығармадағы Қайрош қандай бала? Қайроштың ұнамды, ұнамсыз қасиеттерін дәлелдеу.
I топ. Жақтаушы. II топ. Қарсы топ.
Мағынаны тану
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
3.Бұл шығармадағы Қайрош кім? «Зытып келем, зытып келем» деп қазақ әдебиетінің классик жазушыларының бірі Ғабит Мүсіреповтей жазушының аузына сөз салған, барлық оқырмандардың сүйікті кейіпкеріне айналған әңгіменің бас кейіпкері Қайрош бейнесіндегі бала бұл- Қайырғали Смағұлов. Кеңес Одағының батыры. Ол шекарада әскери борышын өтеп жүргенде арнайы әскерилер дайындайтын оқуға жіберіледі. Сол кезде арнаулы жаттығулардан өтіп, барлаушы болады. Дегенмен, курс аяқталмай соғыс басталды. Еріктілер қатарында сержант Смағұловта соғысқа аттанады. Ол соғыс кезінде Сталинград, Кавказ, Грозный үшін болған шайқастарда асқан ерліктер көрсетіп, «Өжеттігі үшін» медалімен марапатталады.
Топпен жұмыс
I топ. Менің достарым эссе жазу
II топ. 5жолды өлең құрау
Шегеннің үш өсиеті.
1.Балалар, осы өтірік айтса не болады?
Әрине, өтірік айтуға болмайды. «Өтірік өрге бастырмас» деген сөз бар емес пе?
Өтірікшіні ешкім жақсы көрмейді.
2.Ал, енді достық деген не? Шын достар қандай болу керек?
Шын достар- бір-бірі үшін қуанып, бірі үшін мұңая алатын жандар. Егер үнемі қуанып жүрсең, досың үшін шын бақыт.
3.«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» деген мақалға қалай түсінесіңдер? Алтын қанша қымбат болса да, достықтан артық емес, «Адал дос- асыл қазына» деген.
Бұл үш өсиет кімнің талабы еді? Әриен, Шегеннің. Шеген өзінің достарына осылай талап қойған еді.
Тапсырма:Кейіпкерлердің бойындағы қасиеттерін топтастыру (флипчартқа)
6. Стикерлер тарату.
Сонымен, оқушылар, бүгінгі сабағымыздан не ұқтық? Оны білу үшін ойларыңызды мына қағаздарға жазып берсеңіздер. Егер сабақты түсінбедік десеңіздер қызыл бетшелерге, сабақ қызықты өтті десеңіздер сары бетшелерге ойларыңызды жазып беріңіздер. ( бетшелер таратылады)
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бағалау парақшаларын тарату
Парақшаларды толтырады
Кері байланыс