9-11 сыныптар арасында
Сабақтың тақырыбы: Дарындылар додасы
Сабақтың мақсаты: 1 Дарынды, қабілетті оқушылардың білім деңгейін, ой-өрісін анықтау,
дарынды оқушыларды іріктеу. Адамдармен қарым-қатынас жасай білуге,
мәдениетті сөйлеуге, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық
сөздерді ұғындыру.
2 Сайыскерлердің танымдық белсендігін арттыру, дүниетанымын мәйекті
сөздермен байыту, олардың ойлау және ойын тиянақты, жетік тілмен
жеткізе білу дағдыларын дамыту.
3 Ұлағатты ұлы сөздерден тәлім алып, тілін құрметтеуге, өзге тілдерді
меңгеруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, слайд (суреттер, сөзжұмбақ, әр бөлімнің
тапсырмалары)
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті мұғалімдер, көрермендер бүгінгі 9-11 сыныптар арасындағы «Дарындылар додасына» қош келдіңіздер!
Болашақ данышпандарды тәрбиелейтін, дарындылардың көзін ашатын бірден-бір орта- мектеп. «Білім – теңіз, мектеп-кеме» демекші, оның тереңінің сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ.. Қоғамыздағы әрбір адам өз ойын білдіріп, білімнің жемісін сол тілде таратады. Халықтың мәңгі ғұмыры-тілінде. Ендеше бүгінгі сөз болатын тақырыбымызда тілге байланысты болмақ.
Тәуелсіз елге білімді ұрпақ қажет. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары еліміздің өркениетіне бірден-бір үлес қосушылар. Олар сіздерсіздер!
Беташарын додамыздың бастайық
Көпшілікті бір серпілтіп тастайық...
Ортамызды сайыскермен толтырып,
Қошеметтеп, ду қол соғып қостайық.
Әр топтың атын атап, орындарына жайғастыру.
1- топ «Жұлдыздар»
2-топ «Жас қырандар»
3-топ «Тұлпарлар»
Бүгінгі сайысымызды бағалаушылар, әділ бағасын беретін қонақтарымызбен таныстыру.
Оқушылар ортаға шығып, «Шаттық шеңбер» жасайды. Сайысымыздың басын бір-бірімізге деген жылы лебіз білдіріп, сайысты жігер, күш-қуат беретін сөздермен бастасақ деп отырмын. Экранға шыққан әріптерден басталатын сөздер айтуымыз қажет. Бізге алдын-ала ой қозғау, шабыт берер сергіту сәті
1 2 3 4 5 6 7 8
С Ә Т Т І Л І К!
1 Сенімділік
2 Әдептілік
3 Тапқырлық
4 Төзімділік
5 Ізеттілік
6 Лайық болу
7 Іскерлік
8 Күштілік т.б
Додаға түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға-сол алда!
І «Сәлем –сөздің атасы» бөлімі
3 топ өздерін 3 тілде таныстырады.(қазақ, орыс, ағылшын) Топтың таныстыру суреттері слайд арқылы көрсетіледі.
ІІ «Атадан-ұлағат, анадан – ғибрат» бөлімі
«Басқа пәле тілден» электронды оқулықтан тыңдау, әкесіне берген баланың жауабын табу. 3 топ өз жауаптарын ұсынады.
ІІІ «Өнерлінің өрісі кең» бөлімі бойынша көрсетілген нөмірлердің ішінен біреуін таңдап, түскен тақырыбына көрініс қою.
«Қонақта» №16
«Үйде» №30
«Мектепте» №1
«Дүкенде» №8
«Қалада» №9
ІҮ. «Өлең –сөздің патшасы» бөлімі
«Өнерлінің өрісі кең» бөліміндегі алған сандар бойынша сандарды сөйлету. Қазақстандағы мемлекеттік мереке күндерді атап, өлең шығару.
№1 1 мамыр (Ынтымақ, бірлік)
№8 8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні)
№ 9 9 мамыр (Жеңіс күні)
№16 16 желтоқсан (Тәуелсіздік күні)
№ 22 22 наурыз (Наурыз-жыл басы )
№ 30 30 тамыз (ҚР Конституция күні)
Ү «Бір ән - бір әлем» бөлімі бойынша шығарған өлең шумақтарына әуен табу. Уақыт беріліп, шығарған өлеңдеріне әуен шығарады.
ҮІ «Ғалымның хаты өлмейді» бөлімі
1 Төлеген болып Қыз Жібекке хат жазу
2 Қайрат болып халыққа хат жазу
3 Президент болып халыққа хат жазу
ҮІІ «Өнерлінің өзегі талмас» бөлімі
Үйге қажетті заттардың суретін көрсету.
Бір заттың атынан әңгіме жазу. Ол затты өзің таңда және мына сұрақтарға жүгін.
( үтік, шәйнек, қазан, шелек, тәрелке)
Бұл үйге келгенше мен қандай едім?
Бұл үйге мен қалай келдім?
Мен не істей аламын, менімен не жасауға болады?
Мені кім жақсы көреді, менімен не жасауға болады?
Маған қатысты қандай қызық әңгімелер болды?
Қандай заттармен доспын?
Менің қазіргі кездегі орным қандай?
ҮІІІ. «Құпия сөздің құлпын аш» бөлімі ( Жұмбақтардың жауабын табу)
1. Сандықтың ішіне нені тығып ұстай алмайсың? (Жарық)
2. Сен жоғалтсаң, мен іздеп таба алмайтын
Мен жоғалтсам, сен іздеп таба алмайтын
Ол не? (Уақыт)
3. Көппен бөліскен сайын көбейер. Ол не? (Ой)
4. Әпкесі бауырына қонаққа барады, бауыры одан тығылып қалады (Ай мен күн)
ІХ. Қорытындылау
Уақытты тиімді пайдалана білетін, ХХІ ғасырдың ойы жүйрік жарық жұлдыздары болайық..
Х. Сайысты бағалау