Жинақтық, болжалдық сан есім (6 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың такырыбы: Жинақтық, болжалдық сан есімдер.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға жинақтық жэне болжалдық сан есімдер жайлы
толық мэлімет бере отырып олардың ой-пікірін калыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жү_мыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) ¥йымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын сүрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

Білімді тексеру кезеңі.

I Ой қозғау «Ойлан, тап» оқыта үйрету ойыны

II нұсқа

1. Берілген мақал-мәтелдің екінші сыңарын жаз.

Жүз теңгең болғанша,

Жүздің атын білгенше,

Жеті атасын білген ер,



2. Мақал-мәтел құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді жаз.

Қызға үйден тыю.

ала болса, ауыздағы кетеді.

Ер жігіттің сөйлегені өлгені.

Білекті жығар, білімді жығар.

3. Сөз қүрамынан сан есімді тауып цифрмен жаз.

Түбір тү+1

Кекіл к + 2 + л

Күшік к + 3 + ік

Төртпақ 4 + пақ

Дербес дер + 5

Балтыр Б+6+р '"

Жетік 7 + к

Сегізкөз 8 + көз

Тогызқүмалак, 9 + қүмалақ

II. Мағынаны таныту

Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Жинақтық және болжалдық сан есімдер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу, қаншау деген сүрақтарға жауап береді. Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау, -еу жүрнағы жалғану арқылы жасалады.

Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап керсетеді де,қанша,неше,қаншадан сияқты сұрақтарға жауап береді.Сұрақтары:қанша? Неше?қай шамалы? қаншадай?

Жұрнақтары: -лаған, леген, даған,деген, таған,теген;-лап,леп, дап,деп,тап,теп,-дай,дей,тай,тей; Мысалы: мыңдаған, елудей, жүздеп;

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 146-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сан есімдерге морфологиялық талдау жасау.

148-жаттығу: Жинақтық сан есімдерді қатыстырып, өлең құрастыру.

149-жаттығу. Жинақтық сан есімдердің астын бір, белгісіздік есімдікткердің астын екі сызу.

III. Ой Қорыту: 1. «Құпия сөздің кілтін аш» оқыта үйрету ойыны (Үлестірмелі кеспе қағаздарымен жүмыс.)

1

Жинақтық сан есімді тап.

Біреу, екеу, жетеу,

От пен отын, көсеу,

Сонда бәрі нешеу?





2


Жұмбақты шеш.

Сан есімді тап.

Екі айнасы,

Екі найзасы бар.

Төрт сылдырмағы,

Бір шыбыртқысы бар.


3


Жұмбақты шеш. Сан есімнің түрін ажырат.

Төртеуі түрады,

Біреуі жейді.

Біреуі аула сыпырады.


4.


Болжалдық сан есімдерді тап.

Қалай жасалғанын ата.

Жиырма бестей арғы атамыз,

Сонша жасап бергі атамыз.

Өз атамыз — жиырмада,

Бізге сол жас бұйырмай ма?


  1. Оқушылардың берген жауаптарына карай білімдерін бағалаймын.



Үйге тапсырма: «Білім мен дәстүр» оқыта үйрету ойыны жинақтық, болжалдық сан есімдерге қатысты қазақ халқының мақал-мәтел, ырым-тыйымдарын жазып келу.