Қысқа мерзімді сабақ жоспары |
|
Пән мұғалімі: | Буркитбаева Гулзада Жексенбиевна |
Апта: | Күні: | Сынып: 7 | Сабақ: | Пән: әдебиет |
Сабақтың тақырыбы: | Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі |
Сілтеме | Қ. Әбдезұлы, С. Ч. Тұрсынғалиева .Арман ПВ баспасы |
Жалпы мақсаты
| Әңгімеге мазмұнына сүйене отырып, ана бейнесін ашу, әдеби теориялық ұғымдар бойынша көркем шығарманы талдау. |
Сабақтың міндеттері | Мазмұнға байланысты міндеттері: Әңгіме кейіпкерлерін топтастырады, мінездеме береді. Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайды. Салыстыру жасап, қорытынды шығара алады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндеттері:
Жаңа технология элементтерін пайдалана топпен, жұппен, танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Компьютермен жұмыс істеу арқылы пәнге қызығушылықтарын қалыптастыру. Топтық жұмыс процесіне байланысты міндеттері:
Оқушылар бірін-бірі оқытуда: Жұппен, топпен түсініп оқып, тілдік тапсырмаларды сауатты орындайды; Тапсырманың түсініксіз жерлерін айқындайды; Топтастарының сұрағына жауап береді, бірін-бірі толықтырады; Қорытынды шығарады.
|
Оқыту нәтижелері | Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы олардың бойында ізденіс, зерттеу қабілеттерін оятумен қатар, Ғ. Мүсірепов шығармаларынан алған білім, білік дағдыларын еске түсіріп, қорытындылар мен тұжырымдар жасауды, өз бетінше орындауға, ізденуге, зерттеуге үйренеді, сыни ойлауға дағдыланады. |
Сабақта туындаған негізгі идеялар | Берілген тапсырмаларды орындату, сыни ойлау, диалогтік сөйлету әдістерін қолдану арқылы меңгерту. |
Сабақтың типі, түрі | Жаңа білім беру сабағы Аралас сабақ |
Қолданылатын модульдер идеясы | «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Merser, 1995;Alexander, 2008) мен метасана (Flavell, 1976; Vygotsky, 1978) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау АКТ пайдалану Талантты және дарынды балаларды оқыту Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру
және оқу Білім беруді басқару және көшбасшылық
|
Сабақтың әдістері: | СТО әдістері, өзіндік, топтық жұмыс. |
Пәнаралық байланыс | Тарих |
Дереккөздер және жабдықтар:
| Қолданылатын құралдар: А 4, А3 форматты ақ түсті қағаз, қызыл, көк, қара, жасыл түсті маркелер | Көрнекілігі: С. Дөнентаев өлеңдері, Ойтолғаныс кестесі, бағалау парақшасы
| Қолданылатын техникалық құрал: Компьютер, интер-белсенді тақта |
Тапсырмалар | Ой қозғау. Әңгіме кейіпкерлерін топтастыру. Мағынаны тану. Әңгіме желісі бойынша сқрақтарға жауап. «Кубизм» әдісі. Зерттеңіз, суреттеңіз, салыстырыңыз, қолданыңыз Ой қозғау. Семантикалық карта толтыру. Бекіту сұрақтарына жауап беру.
|
Сабақтың кезеңдері: | Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушының іс-әрекеті: |
Ұйымдастыру кезеңі:
| Сәлемдесу Түгендеу Топқа бөлу
| «Махаббат», «Мейірім», «Жылулық», «Қайсарлық» сөздерімен топқа бөлу. |
Ой қозғау сұрау. | 1.Әңгіме кейіпкерлерін топтастыру. 2.Басты кейіпкерлер мен эпизодтық кейіпкерлерді атаңыз. | Әңгіме кейіпкерлерін топтастырады, басты кейіпкерлер мен жанама кейіпкерлерді атайды. |
Мағынаны тану.
| Шығарма мазмұнын әңгімелеу. - Әйтілес қандай әңгіме айтты? - Бала би Жалпақ балуанға не деді? - Бидің тілегі не, батырдың тілегі не? -Жылқының жатқан жерінен жарты көш шыққан кезде бір қара көрінді... Бұл кімге қатысты айтылған? «Менің атым –әйел...» деп басталған ана әңгімесін баяндаңыз. Мәтін мазмұнымен жұмыс жүргізу бағытында «Кубизм» стратегиясы бойынша жұмыс жүргізіледі. Кубты иіре отырып, әрбір топқа берілетін тапсырманың ретін анықтайды. | Топтардан оқушылар өз ойларын айтады.
|
«Кубизм» Зерттеңіз.
| 1.Тұрақты тіркестерді табыңыз, түсінік беріңіз. Тұрақты тіркес деген не? Соның суық ызғары табынымнан, қара таңбасы маңдайынан әлі кеткен жоқ. Көңілімізде көлеңке де қалған жоқ Өз етегімде еркін еркелейді Қанаттыға қақтырмаймын, тұмсықтыға шоқтырмаймын. Көзімнің оқырасын алып, шымылдығын аштың (т.б.) 2. Мәтіннен қазақтың байырғы мезгіл атаулары мен қашықтық атауларын табыңыз. (шаңқай түс, қоңыр іңір, Үркер жамбасқа келу, Шолпан маңдайға таяну, күн найза бойы көтерілген кез, жарты көш жер, қозы көш жер) | Тұрақты тіркестерді тауып, ережесін айтады. |
Суреттеңіз. | Жалпақ палуанға мінездеме беріңіз. Мінездеме деген не? | Мінездеме береді. |
Салыстырыңыз | Венн диаграммасы. Ана мен Жалпақ палуанды салыстырыңыз. Оқушыларға жетекші сұрақтар беруге болады: 1. Кім? 2. Бейнесі. 3. Мінезі. 4. Екеуінде қандай ұқсастық, ортақ қасиеттер бар? | ВЕНН диаграммасы бойынша салыстырады, жетекші сұрақтарға жауап береді. |
Қолданыңыз | Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасаңыз. Экспозициясы. Соқыр қарт Әйтілестің әңгімесі. Басталуы. Жалпақ палуанның Ергенекті елін шабуға аттануы. Байланысы. Барымта және тезек арқалаған жас қызды олжалау. Шиеленісі. Жылқышының мерт болуы. Шарықтау шегі. Қыз анасының әрекеті. Ананың құдіреті. Шешімі (соңы) Жалпақ балуанның ана мен қызына бостандық беруі. | Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайды. |
Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді? | Ана ерлігінің, батырлығының себебі не деп ойлайсың? Жалпақ палуан мен жігіттердің сөзден тосылып жеңілуінің себебі не? /Ана бейнесін, мінезін ашатын сөздерді жазыңыз/.
| Топ мүшелері топтасып жұмыс жасайды. |
Қолдаңыз не қарсы шығыңыз. | Жалпақ батырдың маңдайдағы қара таңбаны ұмытып, анасы мен қызына еркіндік беруі дұрыс па?
| Топ мүшелері өз ойларын ортаға салады. |
ІV. Ойтолғаныс. | Семантикалық карта. Шығармадан үзінді | Ана | Әйтілес қарт | Жалпақ палуан | Жанай палуан | Қыз әкесі | Кейкі батыр |
Шіркін, әйелдің де әйелі екен. |
|
|
| + |
|
|
Байды шапқаның шапқан, малды алғаның алған, батыр... |
|
|
|
| + |
|
О кісі сөйлегенде іргеде ғана отырып, ойымызға тоқи берер едік... |
| + |
|
|
|
|
Білектің күшін, найзаның ұшын не күші теңдеске, не иығы теңдеске жұмсаған жоқсыңдар... | + |
|
|
|
|
|
Батыр, рұқсат етсең, екеуін де тайға теңдеп алып жүрейік... |
|
|
|
|
| + |
Біз даланың ессіз есерлеріміз. Көзге түрткенде ғана селк етеміз. |
|
| + |
|
|
|