Қазақ тілі пәні бойынша
7-сыныпқа арналған аралық бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін, өтілген материалдарды меңгерудегі жетістік, олқылықтарын айқындау. Тапсырмалар арқылы қазақ тілінен алған білімдерін тексеру. Сауатты жазуға баулу.
Диктант
Интернеттiң негiзгi қосымшалары
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Талғамы мен көңiл-күйiне қарай одан қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.
E-mail-электрондық пошта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы пошта бағдарламалары көмегімен жүзеге асырылады. Оның көмегімен санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін пернетақтада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық мекен жайына жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, сыныптастарыңызбен, көршілеріңізбен араласуға болады.
(63 сөз)
( [link]