Қимыл - қозғалыс ойындары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Қимыл - қозғалыс ойындары.

Сабақтың мақсаты: 1)Ұлттық ойындар арқылы балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуын жетілдіру.

2)Тілін дамытып, ой-танымын кеңейту.

3)Ұлттық ойынға деген қызығушылық сезімдерін дамыту арқылы ептілікке, мергендікке, тапқырлыққа баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көркем сөз.

Сабақтың көрнекілігі: доп, секіртпе, қап, шеңбер, арқан, жіп.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

Мұғалім:

Қимыл–қозғалыс ойындары – жасөспірімдердің сүйікті де пайдалы іс- әрекетінің бірі болып табылады. Ойын адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттырады. Көңіл-күйін сергітіп, тамаққа тәбетін ашады, еңбекке құлшынысын күшейтеді.
Ойын ежелден келе жатқан адам өмірінің манызды бөлігі екені сөзсіз. «Бала ойынмен өседі» - демекші, қимыл-қозғалыс ойындарының бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Ол – сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Ойын жігерлілікке, шыдамдылыққа және ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Сондай ақ тез арада ойлау қабілеттерін дамытады.
Қимыл–қозғалыс ойындары спорт ойындарынан айырмашылығы ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін орынды және уақыт регламентің талғамайды. Олар бүгінгі мектептеріміздегі дене шынықтыру сабақтарына және тәрбие жұмыстарына пайдалан-
уға қолайлы.
Қимыл–қозғалыс ойындары бірнеше түрге бөлінеді: ұлдарға және қыздарға арнал-
ған ойындар, топтық ойындар, командалық ойындар, эстафеталық ойындар, жекпе-жек ойындары және қысқы ойындар.
Осы ойындар ішінен топтық ойындарға кезек берелік.

Алдымен қазылар алқасын тағайындап алайық. (дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерін тағайындау)

Топтық жарысымыз обд-сыныптары аралығында өтеді және әр топ 16 оқушыдан құралады.

0б-сыныбы. «Қыран» тобы.

Ұраны: Қырандаймыз қырағы,

Бағындырдық шыңдарды!


0д-сыныбы. «Жүйрік» тобы.

Ұраны: Желаяқтай есеміз,

Асуларға жетеміз!


Ойын шарттары:

І. Топтар өздерін таныстырады. (топтың аты, ұраны)

ІІ. Бір аяқпен секіріп белгіленген нүктеге жету және жүгіріп келіп, келесі оқушыға қол беру.

ІІІ.Қос аяқпен секіріп белгіленген нүктеге жету және жүгіріп келіп, келесі оқушыға қол беру.

ІV . Қаппен секіру арқылы белгіленген нүктені айнала секіріп келу және келесі оқушыға кезек беру.

V. Допты жерге ұру арқылы белгілі нүктені айнала өту.

VI. Секіртпемен секіріп белгіленген нүктеге жету және қайтадан орнымызға секіртпемен секіріп келіп, келесі оқушыға секіртпені беру.


«Кім жылдам» ойыны.

Ойын шарты:

Суды қасықпен бір ыдыстан екінші ыдысқа төкпей тасу. Ойын бір оқушыдан келесі оқушыға жалғаса береді.


«Епті болсаң көрелік?»

Ойын шарты:

Әр топтың ептілігін байқау. Ол үшін жіпке тәттілер ілінеді. Сол тәттілерді әр оқушы тісімен шешіп немесе үзіп алады.


Қазақтың ұлттық ойынының бірі: «Арқан тартыс» ойыны. Екі топтың оқушылары арқан тартысады. Белгіленген нүктеден асып кетсе, сол топ жеңіледі.

  • Жарайсыңдар, балалар! Барлығың бұл жарыста өз шапшаңдықтарыңмен, төзімділіктеріңмен әрі сабырлылықтарыңмен көріне білдіңдер. Келесі кезекті қазылар алқасына берелік. (Қазылар алқасы жеңген топты марапаттайды)



Қорытынды бөлім:

Қимыл - қозғалыс ойындарының балалар өмірінде алатын орыны үлкен. Өйткені адам дүниеге келе салысымен қозғалыста болады. Ал, аяғымен жүрген сәттен бастап бала қозғалады. Түрлі қимылдар жасау арқылы өсіп отырады. Сондықтан балалар үнемі деніміз сау, сымбатымыз мінсіз болу үшін ойынға көбірек уақыт бөлгеніміз жөн. Осымен жарыс сабағымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!!!